Есепке кім жүйрік
Сыныптан тыс іс-шара жоспары
Бұл сайыс оқушыларды сандардың ғажайып әлеміне жетелеп, математикадағы білімді өмірде қолдануға үйретуге бағытталған. Ойын топтық форматта өтеді, әр айналымның ұпайы есептеледі.
Негізгі идея
Математиканың жауапкершілігін түсіндіру және қызығушылықты арттыру.
Формат
Топтық сайыс, кезең-кезеңімен тапсырмалар орындау.
Мақсаты
- Математика сабақтарында алған білімді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
- Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу; ой-өрісті кеңейту және пәнге қызығушылықты арттыру.
- Өзара көмек, ұжымшылдық, ептілік және достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық жүргізіледі. Мұғалім қатысушылар мен қонақтарды қарсы алып, ойын ережесін түсіндіреді: бүгінгі сайыс топтық түрде өтеді, әр айналымда ұпай жиналады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ойынға қатысушылар! Бүгін сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
«Математика еліне саяхат» ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді.
Бүгінгі мақсатымыз — математика пәнінің маңызын түсіне отырып, сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап, оның байлығын көре білу және оқушылардың қызығушылығын арттыру.
1-топ
Бірліктер
Ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
2-топ
Ондықтар
Ұраны:
Оқы да біл,
Ойна да күл.
3-топ
Жүздіктер
Ұраны:
Білегіңе сенбе,
Біліміңе сен.
Шақыру
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Сынға түсіп көріңдер.
II. Айналымдар құрылымы
Ойын бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңде тапсырмалар орындалып, ұпай саны есептеледі.
1) Ойлан, тап
Математикалық жұмбақ есептер.
2) Есепке кім жүйрік?
Амалдар мен теңдіктер/теңсіздіктерді орындау.
3) Блиц-турнир
Қысқа әрі жылдам сұрақтар.
4) Жұмбақтар
Логикалық және танымдық жұмбақтар.
5) Кім жылдам?
Жылдам есептеу сайысы.
6) Логикалық тапсырма
Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар.
1-айналым: «Ойлан, тап»
Әр топқа математикалық жұмбақ есептер беріледі. Жауаптар тексеріліп, ұпай қойылады.
Бірліктер тобы
Көлден ұшқан 15 қаз,
Қайтып қонды 9 қаз.
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез табады?
Жауабы: 6
Бес бұтақты ағашта,
Әр бұтақта бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда неше алма қалады?
Жауабы: 4
Ондықтар тобы
Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қоян, бір түлкі,
Бәрі нешеу, кім білді?
Жауабы: 8
Үшеуі қызыл, үшеуі ақ — оң қолымда неше алма?
Төртеуі қызыл, төртеуі ақ — сол қолымда неше алма?
Жауабы: 6 8
Жүздіктер тобы
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой —
Бәрін бірге санап қой.
Жауабы: 17
Аулада 3 үйрек,
Қорада 1 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
Жауабы: 2
2-айналым: «Есепке кім жүйрік?»
«Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де — есеп. Ауырсаң, ішетін дәрі де — есеп. Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз…» деген ойға сүйене отырып, қатысушылар берілген есептерді шығарады.
Әр топқа жеке парақтағы тапсырмалар беріледі. Әр топтан 5 оқушы кезекпен шығып, есептерді орындайды.
Тапсырма 1
80 − 29 = 51
15 + 37 = 52
14 + 45 = 59
66 + 53 = 119
19 + 43 = 62
Тапсырма 2
62 + 28 = 90
41 − 19 = 22
38 − 19 = 19
27 + 73 = 100
57 − 34 = 23
Тапсырма 3
28 + 37 = 65
46 + 14 = 60
55 + 28 = 83
51 + 29 = 80
62 + 38 = 100
Қорытынды және сәттілік тілеу
Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Келесі айналымдарда да білімдеріңізді көрсетіп, ұйымшылдықпен жұмыс істеңіздер.
Автор туралы мәлімет
Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы.
Бастауыш сынып мұғалімі: Лейменова Мадина Ариновна.