Балалар сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Біздің үй

Бұл оқу іс-әрекеті балалардың «үй» туралы түсінігін кеңейтіп, жаңа сөздер арқылы сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған.

Мақсаты

  • Әр адамның өз тұратын үйі болатынын түсіндіру.
  • Жаңа сөздерді қолданып, сөз тіркестері мен сөйлем құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту.
  • Грамматикалық тұрғыда жүйелі, толық әрі анық сөйлеуге және өз ойын жеткізе білуге үйрету.
  • Достарының және үлкендердің сөзін аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Үй жиһаздарының суреттері Үйдің сызбасы Бейнетаспа Суретті әліппе

Жаңа сөздер

жиһаз жатынжай мансард

Оқу іс-әрекетінің барысы

I. Шаттық шеңбері

Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл-ойларың,
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп өсеміз.

II. Кіріспе әңгіме

Педагог бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлап, сұрақ-жауап әдісі арқылы балалармен әңгіме жүргізеді.

  1. 1 Балалар, сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?
  2. 2 Өздеріңнің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратыныңды білесіңдер ме?
  3. 3 Үйде қандай бөлмелер болады?

III. Негізгі бөлім

Бұл бөлімде балалар тұрғын үй түрлерімен және үй жиһаздарымен танысады, жаңа сөздерді қолданып сөйлем құрауды үйренеді.

а) Дәптермен жұмыс

Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ерте кезден-ақ өзіне ыңғайлы баспана тұрғызу қажет екенін білген. Қазіргі кезде үйлердің түрі өте көп: бірнеше қабатты (екі, үш, төрт және т.б.) тұрғын үйлер, ауласы бар жеке бір қабатты немесе екі-үш қабатты үйлер. Көп қабатты үйлерде пәтерлер көп болады, сол пәтерлерде тұрғындар тұрады.

ә) Сөздік жұмыс

Коттедж
Жеке ауласы бар, сәнді салынған 2–3 қабатты үй.
Мансард
Шатыр астындағы терезесі бар, тұруға арналған бөлме.
Жиһаз
Үй бұйымдары, үй мүлкі.
Жатынжай
Ұйықтайтын бөлме.

Тапсырма

Дәптердегі көп қабатты үй мен коттедждің айырмашылығын әңгімелеңдер: көп қабатты үйде пәтерлер көп болады, әр пәтерде бөлек отбасылар тұрады және аула ортақ. Ал коттеджде әдетте бір отбасы тұрады және жеке ауласы болады.

б) Жаңа сөздерді қолданып, сөйлем құрату

Үйдің бірнеше бөлмесі болады: асүй, зал, балалар бөлмесі және жатынжай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар орналасады.

Сұрақтар

  • Қандай жиһаздар болады?
  • Жиһаз қандай материалдан жасалуы мүмкін (мысалы, ағаш)?
  • Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?
  • Шкафта не тұрады? Орындық не үшін керек?

Мысал сөздер

Үстел, орындық, диван, төсек, шкаф және т.б.

г) «Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрау

Балалар өздері тұратын үй туралы әңгімелейді: үйінің түрін, бөлмелерін және әр бөлмедегі жиһаздарды сипаттайды.

Бағдар сұрақтар

  • Сен қандай үйде тұрасың?
  • Үйіңде қандай бөлмелер бар?
  • Сүйікті бөлмең қайсы? Неліктен?

ғ) «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны

Шарты: бөлмені атап, сол бөлмеде тұратын заттарды атау.

Асүй

Үстел, орындық, ыдыс-аяқ, тоңазытқыш

Зал

Диван, кресло, теледидар, кілем

Балалар бөлмесі

Ойыншық, үстел, шкаф, кітап

Жатынжай

Төсек, шкаф, тумба, шам

Қорытындылау

  1. 1 Біз қандай тақырыпта әңгіме құрдық?
  2. 2 Қандай үйлер бар? Олардың ерекшеліктерін айтып беріңдер.