Visual Basic терезе элементтері
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Деректер (Data), OLE қобдиша (OLE Container) басқару элементтерінің міндеттері, қасиеттері, әдістері және оқиғалары.
Мақсаты
- Білімділік: Visual Basic тіліндегі Data, OLE Container, UpDown және Common Dialog басқару элементтерінің міндеттерімен, қасиеттерімен, әдістерімен және оқиғаларымен таныстыру.
- Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылықты дамыту.
- Тәрбиелік: ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
Көрнекілігі
Компьютер, Visual Basic бағдарламасы, видеопроектор, электронды оқулық.
Оқушылар білуі тиіс
Visual Basic бағдарламасымен жұмыс істеу негіздерін.
Жаңа тақырыпты түсіндіру құралы
Презентация слайдтары.
Сабақ жоспары
- I. Ұйымдастыру кезеңі
- II. Үй тапсырмасын сұрау және өткенді қайталау
- III. Жаңа сабақты баяндау
- IV. Жаңа сабақты бекіту
- V. Сабақты қорытындылау
- VI. Үй тапсырмасын беру
- VII. Оқушыларды бағалау
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасы және өткенді қайталау
Үй тапсырмасы
§20. Графикалық объектілер: Line (сызық) және Shape (фигура) басқару элементтерінің міндеттері, қасиеттері, әдістері, оқиғалары.
1-топ: Сызық (Line)
2-топ: Фигура (Shape)
Ой қозғау: объект – әдіс – оқиға
Мысал 1
- Объект
- Алма
- Әдіс
- Жеу
- Оқиға
- Желінген алма
Мысал 2
- Объект
- Автомобиль
- Әдіс
- Бояу
- Оқиға
- Боялған автомобиль
Оқушылар күнделікті өмірден алынған объектілерді, олармен орындалатын іс-әрекеттерді (әдістер) және сол әрекеттердің нәтижесінде объектінің өзгеруін (оқиға) сипаттайды.
Қорытынды: Visual Basic — объектілі-бағдарланған программалау тілі. Объект — программалау әлемінде өз бетінше “өмір сүретін” мән; әр объектінің қасиеттері, әдістері және оқиғалары болады.
Өткенді қайталау
Visual Basic тарауын қайталауда электронды оқулық пен Visual Basic бағдарламасы қолданылады.
1-топ сұрақтары
- Пішін (Form) деген не?
- Visual Basic терезесінің элементтері қандай?
- Жоба (Project) құру кезеңдері қандай?
2-топ сұрақтары
- Жоба (Project) деген не?
- Қасиеттер терезесі (Properties) не үшін керек?
- Шығу батырмасы қалай жасалады?
Жаңа тақырып: Data және OLE Container
Деректер (Data) басқару элементі
Data басқару элементі қолданба элементтерін деректер қорымен байланыстыру қызметін атқарады. Ол саймандар тақтасындағы Data батырмасы арқылы қосылады.
Негізгі қасиеттері
- DatabaseName — деректер қоры файлының жолын (маршрутын) орнатады.
- Connect — деректер қоры файлының типін орнатады.
-
EOFAction — кесте шекарасынан шыққанда жазбаларды басқару:
- 0 — пайдаланушы төменгі шекарадан аса алмайды.
- 1 — соңғы жазбаға келгенде MoveNext ажыратылады, келесі жазбаға өте алмайды.
- 2 — соңғы жазбада AddNew іске қосылып, жаңа жазбаға өте алады.
- ReadOnly — тек оқу режимін орнатады.
- RecordSource — кестелермен байланыс орнатады.
- Recordset — деректер қорын басқаруға арналған объект.
Recordset әдістері
- AddNew — кестеге жаңа жазба енгізу.
- Update — жаңа жазбаны сақтау.
- Fields("өріс аты").Value — өріс мәнін орнату/анықтау.
- AbsolutePosition — жазбаның реттік нөмірі (бірінші жазба: 0).
- RecordCount — кестедегі жазбалар санын анықтау.
- MoveFirst — бірінші жазбаға өту.
- MoveLast — соңғы жазбаға өту.
- MoveNext — келесі жазбаға өту.
- MovePrevious — алдыңғы жазбаға өту.
OLE Container (OLE қобдиша) басқару элементі
OLE Container — Visual Basic 6 ортасын компьютерде орнатылған кез келген бағдарламамен байланыстыратын басқару элементі. Ол саймандар тақтасындағы тиісті батырма арқылы қосылады.
Объектіні кірістіру
Қолданбаға басқа бағдарламаларда жасалған объектілер OLE элементін пішінге орналастырғанда ашылатын «Объектіні кірістіру» (Вставка объекта) терезесі арқылы енгізіледі.
Жаңа объект жасау
«Жаңасын жасау» (Создать новый) ауыстырып-қосқышын таңдаңыз.
Файлдан кірістіру
«Файлдан жасау» (Создать из файла) ауыстырып-қосқышын таңдаңыз.
Сергіту сәті: әзіл-тест
1-сұрақ
Мына сұрақтардың қайсысы информатикаға қатысты?
- A) Бір баста неше бит бар?
- Ә) Бір байтта неше бит бар?
- Б) Бір итте неше бит бар?
2-сұрақ
Ең алғашқы программист кім?
- A) Сара Назарбаева
- Ә) Мадонна
- Б) Ада Лавлейс