Ертегілер еліне саяхат тақырыпқа иллюстрация салубейнелеу өнері пәні мұғалімі

Сабақ тақырыбы

«Ертегілер еліне саяхат» тақырыбы бойынша иллюстрация салу.

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Бирманов Н. А.

«Өнерді таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім».

— Әбілхан Қастеев

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы шығармашылығын дамыту.

Сабақтың міндеттері

  • Халық ертегілері желісімен таныстырып, ертегі мазмұны арқылы білімін ұштау.

  • Шығармашылық шеберлігін арттырып, ойлау қабілетін дамыту.

  • Өз ойын сурет арқылы сауатты жеткізіп, танымдық қабілетін көрсету.

Құралдар мен ресурстар

Көрнекілік құралдар

  • Плакаттар
  • Түстер палитрасы (бояулар)
  • Слайд материалдары

Көркемдеуші құрал

Музыка

Қолданылатын құрал-жабдықтар

Компьютер Альбом Бояу Қалам Қылқалам Өшіргіш Палитра

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Көрнекі бейнелеу
  • Топтастыру

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, информатика

Технология

Ж. Қараевтің деңгейлік технологиясы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгелдеу
  • Жаңа сабаққа зейінін аударту
  • Құрал-жабдықтарын тексеру

Жаңа тақырып: Иллюстрация деген не?

Иллюстрация — белгілі бір шығармаға (ертегі, аңыз әңгіме, оқиға, өлең) арналып салынған сурет. Ол графика түрінде де, кескіндеме (живопись) түрінде де орындалуы мүмкін.

Иллюстрация салғанда назар аударатын негізгі элементтер:

  1. 1 Кейіпкерлер бейнесі анық әрі танымал болуы керек.
  2. 2 Сюжетке сәйкес қоршаған орта композициялық тұрғыдан дұрыс құрылуы керек.
  3. 3 Түстік колорит дұрыс таңдалуы керек.

Мысал кейіпкерлер: біркөзді дәу, мыстан, батырлар, хайуанаттар.

II. Қызығушылықты ояту

Мазмұнына қарай ертегілер бірнеше түрге бөлінеді: қиял-ғажайып, шыншыл, хайуанаттар туралы. Ертегі — ауыз әдебиетінің ең көне түрлерінің бірі; онда шынайы және ойдан шығарылған кейіпкерлер қатар кездеседі.

Қазақ ертегілеріне тән бастау үлгісі:

«Ерте, ерте, ерте де,
Ешкі жүні бөртеде.
Қырғауылы қызылда,
Құйрық жүні ұзында…»

III. Практикалық жұмыс

Жеке жұмыс

«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлеріне компьютер арқылы эскиз жасап, бояумен көрсету.

Топтық жұмыс

Жылы және салқын түстерді қолдана отырып, Paint бағдарламасында «Бауырсақ» ертегісіне иллюстрация салу. Негізгі назар: түстік колорит.

Деңгейлік тапсырмалар

Міндетті деңгей

Негізгі пішін, композиция және кейіпкерлердің айқын бейнесін беру.

Мүмкіндік деңгейі

Түстер үйлесімін күшейтіп, орта деталдарын толықтыру.

Шығармашылық деңгей

Сюжетті жаңа қырынан ашып, авторлық шешім ұсыну.

Қорытындылау

Эскиздер тексеріледі. Келесі сабаққа түстер үйлесімін ойластырып, жұмысты толықтыруға дайындалып келу.

Үй тапсырмасы

«Бауырсақ» ертегісін аяқтап келу (жалғасын құрастыру немесе мазмұнын толықтыру).