Балалар жарайсыңдар
Оқу іс-әрекеті туралы мәлімет
Орналасқан жері
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасы.
Тәрбиеші
Амирова Гүлмира Доғдырбаевна
Тақырыбы: «Ана тілім — ардағым»
Мақсаты
Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру.
Дамытушылық
Ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру, ой-өрісін және сөздік қорын дамыту.
Негізгі идея
Тіл — халықтың ең қымбат қазынасы, бірлік пен елдіктің тірегі.
Шаттық шеңбер (үш тілде)
Балалар қызығушылық танытып, шаттық шеңберін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындайды.
Қазақша
- Сәлем, Алтын күн!
- Сәлем, Көк аспан!
- Сәлем, Туған жер!
- Сәлем, Алтын күз!
- Сәлем, Досым!
Орысша
- Здравствуйте, золотое солнце!
- Здравствуйте, голубое небо!
- Здравствуйте, родина моя!
- Здравствуйте, золотая осень!
- Здравствуйте, друзья!
English
- Hello, golden sun!
- Hello, blue sky!
- Hello, my motherland!
- Hello, golden autumn!
- Hello, my friends!
Педагог: «Жарайсыңдар, балалар! Енді орындарыңа отырып жайғасыңдар.»
Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау
Күз мезгілі
- Қазір жылдың қай мезгілі? — Күз.
- Күз неше айдан тұрады? — Үш айдан.
- Ай аттары: қыркүйек, қазан, қараша.
- Ерекшелігі: ауа райы салқындайды, жиі жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып түседі, балалар жылы киіне бастайды, құстар жылы жаққа ұшады.
Ел, ұлт, тіл
- Біз қай Республикада тұрамыз? — Қазақстан Республикасында.
- Ұлтымыз қандай? — Қазақ.
- Елбасшымыздың аты-жөні: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Тіліміз қандай? — Қазақ тілі.
Педагог: Тіл және мемлекеттік рәміздер туралы қысқаша мағлұмат береді. Балалар электронды тақтаға назар аударады.
Тіл туралы түсіндірме
Қазақстан — кең байтақ, көпұлтты мемлекет. Елімізде қазақ халқымен бірге өзге де ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді: орыс, ұйғыр, тәжік, әзербайжан, украин және басқа да халықтар.
Маңызды дерек: 1997 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстанда Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып өту дәстүрі қалыптасты.
Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Оқиға желісі
Өте ерте заманда бір қадірлі би, шешен қария дүниеден өтерінде баласына аманат айтады: «Әкем қазына қалдырмады деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле».
Бала әке мұрасын ұзақ іздейді, бірақ таба алмайды. Ақыры ауылдағы абзал қарияға келіп, кеңес сұрайды.
Түйіні
Бала: «Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Табa алмадым. Мүмкін, сіз білетін шығарсыз?»
Қария: «Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы — тіл. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ».
Билингвальді компонент: Ана тілі — родной язык
Балалар көріністі қызығушылықпен орындайды.
Сергіту сәті (қимыл-қозғалыс)
Қазақша
Ұлдар мен қыздармыз,
Доп сияқты секіріп.
Аяқпенен топылдап,
Қолымызды соғамыз.
Орысша
Мальчики и девочки
Прыгают, как мячики.
Ручками хлопают,
Ножками топают.
English
Girls and boys
Jump like balls.
They clap their hands,
They stamp their feet.
Қонақ: тілмашпен кездесу
Сахналық көрініс
Тілмаш: «Сәлеметсіңдер ме, балалар? Здравствуйте, ребята! Good morning, children!»
Тілмаш: «Мен тілмашпын. Атым — Мария. Тіл мерекесіне арналған ашық оқу іс-әрекеті өтіп жатқанын естіп, қонаққа келдім.»
Тілмаш: «Кәне, танысайық. Сенің атың кім? Как тебя зовут? What is your name?»
Балалардың таныстыруы
- Ақжан: «Менің атым Ақжан» / «Меня зовут Акжан» / «My name is Akzhan».
- Әсия: «Менің атым Әсия» / «Меня зовут Асия» / «My name is Asiya».
Жылы сөз
Тілмаш: «Танысқаныма өте қуаныштымын! Сендер өте әдемісіңдер, топтарың да өте әсем екен.»
Педагог: «Төрлетіңіз, жайғасыңыз. Бізде тіл мерекесіне арналған тақпақтар бар, тамашалаңыз.»
Тақпақтар: ана тіліне құрмет
1-бала
Сүйесің Отан анаңды,
Сүйерсің ана тіліңді.
Қадірлесең халқыңды,
Білерсің ана тіліңді.
2-бала
Ана тілім — елдігім,
Ана тілім — ерлігім.
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.
3-бала
Тілім барда мақтанам,
Тілім — менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
4-бала
Ана тілім — тірегім,
Ана тілім — жүрегім.
Қасиетті елімнің,
Тек өзім деп білемін.
Мақал-мәтелдер: тілдің қуаты
Балалардың жауаптары
- Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.
- Тіл тас жарады, тас жармаса — бас жарады.
- Тіл қылыштан өткір.
- Өнер алды — қызыл тіл.
- Ақыл көркі — тіл, тілдің көркі — сөз.
- Әдептің басы — тіл.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сандық»
Мақсаты
Балалардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру.
Тапсырма
Сандық ішіндегі ойыншықтардың атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту.
Нәтиже
Балалар белсенді қатысып, үш тілде жауап беруге дағдыланады.
Үлгі сөздік
Қуыршақ
Кукла
Доп
Мячик
Көлік
Машина
Қоян (қонжық)
Ойыншық жануар
Тілмаш: «Жарайсыңдар, балалар! Енді менімен қоштасатын кез келді. Сендерге өте ризамын — білімпаз балалар екенсіңдер.»
Педагог: «Сізге де көп рақмет! Біздің балалар үш тілді меңгеріп келеді.»
Тілмаш: «Сау болыңдар! До свидания! Goodbye!»
Ән: «Ананың тілі»
Балалар педагогпен бірге «Ананың тілі» әнін орындайды.
Қорытынды сұрақтар
Қайталау және бекіту
- Бізге қонаққа кім келді? — Тілмаш.
- Тілмаш бізге қандай тілдерді үйретті? — Қазақ, орыс, ағылшын.
- Тіл мерекесіне орай не айттыңдар? — Тақпақтар, мақал-мәтелдер.
- Тілмаш қандай ойын алып келді? — «Сиқырлы сандық».
- Қандай көрініс қойдыңдар? — «Ең қымбат қазына».
Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!