Бірлік тобына

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

«Білімді мыңды жығар»

Түрі

Қайталау сабағы (қорытынды)

Көрнекілігі

Суреттер, қима қағаздар, оқулықтар, интерактивті тақта.

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

  • 3-сынып пәндері бойынша жыл бойы алған білімді тиянақтау.
  • Өтілген тақырыптарды еске түсіріп, бекіту.
  • Сауаттылыққа баулу, көркем жазуға машықтандыру.
  • Ауызша және жазбаша тапсырмаларды талдап, ойын еркін жеткізуге үйрету.

Тәрбиелік

  • Адамгершілікке, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.
  • Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
  • Бірлікке, ынтымаққа, татулыққа үйрету.
  • Қоршаған ортаны қорғау құндылығын нығайту.

Дамытушылық

  • Ой-өрісті кеңейтіп, логикалық ойлауды дамыту.
  • Сөздік қорды молайту.
  • Ауызша және жазбаша грамматикалық талдауға дағдыландыру.

Сабақтың құрылымы

Ұйымдастыру және кіріспе

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Сабақ барысын түсіндіру, бағалау тәртібімен таныстыру.
  • Жыл бойғы білімді жинақтап, ата-аналарға көрсетуге бағыттау.

Топтарға бөлу

Тапсырмалар топпен орындалады. Әр топтың атауы — сабақтың негізгі құндылықтарын айқындайды.

I топ

Бірлік

II топ

Ынтымақ

III топ

Татулық

Негізгі кезеңдер

  1. Ұшқыр ой (әдебиеттік оқу)
  2. Топ басшылар сайысы
  3. Біліміңді мықта (математика)
  4. Қызықты логикалық сұрақтар
  5. Тіл бәйгесі (қазақ тілі)
  6. Тапқыр болсаң, талас жоқ (дүниетану)
  7. Сынып жетістіктері
  8. Қорытынды

I. Ұшқыр ой (әдебиеттік оқу)

Ана тілім жүрекке нәр береді,
Ана тілім көмейге жыр береді.
Ана тілім көкірекке шуақ береді,
Ана тілім бойыма қуат береді.

Тіл туралы өлең жолдары

Бірлік тобына тапсырмалар

  1. Әліппенің атасы — А. Байтұрсынов (ақын, ағартушы, ғалым).
  2. «Әке арманы» шығармасының авторы — М. Әуезов.
  3. Бүркіт Ысқақовтың қандай өлеңдерін білесіңдер? «Кім жүйрік?»
  4. Үзінді қай мәтіннен: «Күздігүні алма бағына барып көргеніңіз бар ма еді?...» (53-бет) — И. Базидың «Жеміс бағында».
  5. Тудың авторын ата.
  6. Өлеңді жалғастыр: «Бостандық таңы атты, Қазағым көріңдер...» — Ш. Құдайбердіұлы.
  7. «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» — қай шығармадан? Ш. Құдайбердіұлы, «Бір кесе меруерт».
  8. Қойшылар ауа райын қалай болжаған? (293-бет)
  9. Әйтеке бидің бір шешендік сөзін айт.

Ынтымақ тобына тапсырмалар

  1. Қазақтың ұлы ақынын ата.
  2. «Қырдан келген жас қазақ» шығармасының авторы — М. Дулатов.
  3. Қасым Аманжоловтың қандай өлеңдерін білесіңдер? («Ұшқыш болғым келеді» және т.б.)
  4. Үзінді қай мәтіннен: «Бірер сағаттан соң біз Омар атайдың бақша басындағы киіз үйіне келдік...» (55-бет) — И. Базидың «Жеміс бағында».
  5. Елтаңба авторларын ата: Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
  6. Өлеңді жалғастыр: «Ең бірінші бақытым — халқым менің...» — М. Мақатаев.
  7. «Жақсылыққа жамандық бар ма?» — қай шығармадан? Ы. Алтынсарин, «Баланың айласы».
  8. Арқарға үлкен мүйіз неге керек? (274-бет)
  9. Төле бидің бір шешендік сөзін айт.

Татулық тобына тапсырмалар

  1. Ең алғаш мектеп ашқан — Ы. Алтынсарин (жазушы, ақын, ағартушы, ұстаз).
  2. «Күмән» әңгімесінің авторы — М. Гумеров.
  3. Т. Молдағалиевтың қандай өлеңдерін білесіңдер? («Мамандық таңдау» және т.б.)
  4. Үзінді қай мәтіннен: «Біраз жүрген соң көзіме әп-әдемі тиін көрінді...» (61-бет) — Елемес Салықов, «Күзгі орманның көріністері».
  5. Әнұран авторын ата: Ж. Нәжімеденов.
  6. Өлеңді жалғастыр: «Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген...» — С. Торайғыров.
  7. «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!» — қай шығармадан? Ы. Алтынсарин, «Таза бұлақ».
  8. «Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсінесіңдер?
  9. Қазыбек бидің бір шешендік сөзін айт.

II. Топ басшылар сайысы

Әдебиеттік оқу пәні бойынша топ басшылары жеке сайысқа түседі: жыл бойы оқылған шығармалар, авторлар, негізгі ой мен кейіпкерлерге қатысты сұрақтар қойылады.

III. Біліміңді мықта (математика)

Үш топқа қима қағаздар арқылы тапсырмалар ұсынылады: өлшем бірліктерін түрлендіру, есеп шығару және ауызша көбейту-бөлу жаттығулары.

Бірлік тобы

  • 1) Түрлендіру

    7 ц 6 кг = … кг

    2 сағ 20 мин = … мин

    2 км 100 м = … м

    8 : 2 = …

  • 2) Есеп

    Гүлжанда 750 теңге болды. Ол литрі 250 теңгеден 2 литр сүт сатып алды. Гүлжанда қанша теңге қалды?

  • 3) Ауызша жұмыс

    Бір таңбалы және көп таңбалы сандарға қатысты көбейту мен бөлу тапсырмалары.

Ынтымақ тобы

  • 1) Түрлендіру

    2 жыл 4 ай = … ай

    4 сағ 20 мин = … мин

    2 км 150 м = … м

    7 : … = …

  • 2) Есеп

    Мектепке 24 домбыра және одан 3 есе кем қобыз сатып алынды. Мектепке неше қобыз сатып алынды?

  • 3) Ауызша жұмыс

    Бір таңбалы және көп таңбалы сандарға қатысты көбейту мен бөлу тапсырмалары.

Татулық тобы

  • 1) Түрлендіру

    8 ц 6 кг = … кг

    2 тәулік 2 сағ = … мин

    3 км 100 м = … м

    9 : … = …

  • 2) Есеп

    40 кг етті бірнеше кг-нан 5 асханаға тең бөліп түсірді. Әр асханаға неше кг ет түсірілді?

  • 3) Ауызша жұмыс

    Бір таңбалы және көп таңбалы сандарға қатысты көбейту мен бөлу тапсырмалары.

IV. Қызықты логикалық сұрақтар

Топтама 1

  1. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (Түс)
  2. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады?
  3. Әженің Мирас атты немересі, Ақтөс деген иті және мысығы бар. Әженің неше немересі бар? (1)

Топтама 2

  1. Теңізде қандай тастар болмайды? (Құрғақ)
  2. Екі күн бойы жаңбыр жаууы мүмкін бе? (Жоқ, өйткені екі күннің арасында түн бар.)
  3. Төрт аққайың өсіп тұр... Сонда қанша алма бар? (Аққайыңда алма өспейді.)

Топтама 3

  1. 31-ақпан күні не болады? (31-ақпан болмайды.)
  2. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салынады? (Көз)
  3. Бір әже бір жаққа кетіп бара жатыр. Оған қарсы үш кісі келе жатыр... Барлығы неше адам кетіп бара жатыр? (Тек бір әже.)

V. Тіл бәйгесі (қазақ тілі)

Әр топқа сөйлем беріліп, сөйлем мүшелері, сөз таптары, дыбыстық талдау және сөз құрамына талдау орындалады.

Бірлік тобы

Сөйлем: Айнұр мектептен келді.

  1. Сөйлем мүшесіне талдау.
  2. Сөз табына талдау.
  3. Бір сөзге дыбыстық талдау жасау.
  4. «Оқушылар» сөзін сөз құрамына талдау.

Ынтымақ тобы

Сөйлем: Мектепте концерт болды.

  1. Сөйлем мүшесіне талдау.
  2. Сөз табына талдау.
  3. Бір сөзге дыбыстық талдау жасау.
  4. «Құрылысшылар» сөзін сөз құрамына талдау.

Татулық тобы

Сөйлем: Оқушылар мұражайға барды.

  1. Сөйлем мүшесіне талдау.
  2. Сөз табына талдау.
  3. Бір сөзге дыбыстық талдау жасау.
  4. «Суретшілер» сөзін сөз құрамына талдау.

VI. Тапқыр болсаң, талас жоқ (дүниетану)

Бұл кезеңде адам ағзасы, табиғат құбылыстары, пайдалы қазбалар, өсімдіктер мен мемлекеттік құрылым туралы білім тексеріледі.

Бірлік тобы

  1. Адам денесі неше бөліктен тұрады?
  2. Бұлшық ет сүйекке қалай бекиді? (Екі ұшы сіңір арқылы сүйекке бекиді.)
  3. Ас қорыту мүшелерін ата. (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек)
  4. Тәжірибе дегеніміз не? (Сынақ арқылы шындыққа көз жеткізу.)
  5. Географиялық карта дегеніміз не? (Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесі.)
  6. Бұлт түрлерін ата. (будақ, шарбы, қабат)
  7. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
  8. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата. (жантақ, сүттіген, жүзгін, сексеуіл)
  9. Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата. (бидай, жолжелкен, өгейшөп, жүгері, қоңыраубас)
  10. «Тіл туралы» заң қашан қабылданды? (1997 жыл, 11 шілде)

Ынтымақ тобы

  1. Адамның ішкі мүшелеріне не жатады?
  2. Адам денесінде қанша сүйек бар? (200-ге жуық)
  3. Сезім мүшелерін ата. (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері)
  4. «Дене» дегеніміз не? (Адамды жан-жағынан қоршаған денелер.)
  5. Жел дегеніміз не? (Ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы.)
  6. Жауын-шашын түрлерін ата. (жаңбыр, қар, бұршақ)
  7. Пайдалы қазбалар түрлерін ата.
  8. Жылу сүйгіш өсімдіктерді ата. (мақта, үрмебұршақ, күріш, жүгері, асқабақ)
  9. Жануарлар топтарын ата.
  10. Ақ күріш өсірілетін аймақты ата.

Татулық тобы

  1. Қаңқа неше бөліктен тұрады?
  2. Тыныс алу мүшелерін ата. (мұрын қуысы, кеңірдек, өкпе)
  3. Бақылау әдісі дегеніміз не? (Құбылысты тікелей көріп, ұстап, тыңдап, зерделеу.)
  4. Дененің қандай түрлері бар?
  5. Тау жыныстары дегеніміз не? (Жер қыртысын толтырып жатқан денелер.)
  6. Тығыз тау жыныстарын ата. (гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір)
  7. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата. (шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас)
  8. Суыққа төзімді өсімдіктерді ата. (бидай, сұлы, арпа, сарымсақ, сәбіз, пияз, шалқан)
  9. Үкіметті кім басқарады? (Премьер-министр)
  10. «Ақ тарының атасы» кім? (Ш. Берсиев)

Қорытынды

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ» деп, жастарға сенім білдірген.

Ән

«Қазақ елі»

Бағалау

Әр топтың жинаған ұпайлары есептеліп, қорытынды нәтиже шығарылады.