Еліктің лағыСабақтың мақсаты

Сабақ тақырыбы: «Еліктің лағы»

Сабақтың мақсаты
  1. Әңгіменің мазмұнын меңгерту, негізгі ойды анықтау.
  2. Қайырымдылыққа, табиғатты қорғауға, ұғымталдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
  3. Ой-өрісті, тіл мәдениетін дамыту; танымдық белсенділікті арттыру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекіліктер
Суреттер, қағаз қиықтары (мозайка).
Әдіс-тәсілдер
Психологиялық дайындық, сұрақ-жауап, рөлге бөліп оқу, талдау.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Сабақ күнделікті сабақтан өзгеше өтетіні ескертіледі: оқушылар өз білімдерін қонақтарға көрсете білуі керек. Оқушылардан сабаққа кедергі келтіруі мүмкін нәрселерді 1 минут ішінде, 1 сөзбен қағазға жазу ұсынылады (мысалы: асығыстық, сынып ауасының тар болуы және т.б.).

Кейін сол «кедергілерді» жою үшін қағазды умаждау арқылы символдық әрекет жасалады: «Кедергі жойылды! Сабағымыз сәтті өтсін!»

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • Үй тапсырмасын ауызша тексеру.
  • «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалын рөлге бөліп оқу.
  • Жатқа айту.
  • Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру.
  • Қосымша сұрақтар арқылы бекіту: «Қайсысы дұрыс айтты?»

3) Жаңа сабақ

Сабақ «Табиғат – тіршілік бесігі» бөлімінде жалғасады. Бұл бөлімде еліміздің табиғаты, тау-тасы, жан-жануарлары туралы білім толықтырылатыны атап өтіледі.

Мозайка құрастыру

Оқушылар қағаз қиықтарынан сурет құрастырады. Нәтижесінде «лақ» бейнесі шығады. Осы арқылы сабақ тақырыбы ашылады: Мамытбек Қалдыбаевтың «Еліктің лағы» әңгімесі. Оқушылар дәптерге тақырыпты жазады.

Автор туралы мәлімет

Мамытбек Қалдыбаев (1939) — ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қызыл Жалау ауылында дүниеге келген. Оқытушылық қызмет атқарған.

Шығармалары: «Көпір», «Қанат қақты», «Айна» өлеңдер жинақтары; «Ол неге ұялды?», «Мерей», «Ай туып келеді», «Бәйдібек баба арманы» тақырыптарында әңгімелер, повесть, романдар.

Елік туралы қысқаша танымдық мәлімет

Елік (косуля) — дене бітімі сымбатты, жеңіл, шағын жануар. Өзен жайылмаларында, орманды-далалы өңірлерде мекендейді және көбіне шағын үйірімен жүреді.

  • Қауіп сезсе, желге қарсы жата қалып, сақтық жасайды.
  • Көктемде төлдейді; баласын лақ дейді (көбіне 2, кейде 3 лақ табады).
  • Жүні тоғайда жасырынуға қолайлы: арқасы мен бүйірі сарғыш, құйрығы ақшыл.
  • Негізгі жауы — қасқыр. Қауіп төнсе, құйрығын көтеріп, ақ жағымен лағын жасырып, жол сілтейді.
  • 2–3 ай бойы лағы анасынан ажырамайды.
  • Шөптермен, бұталармен, жидекпен, саңырауқұлақпен қоректенеді; тәттіні жақсы көреді.
  • Өмір сүру ұзақтығы: 11–16 жыл.

Оқулықпен жұмыс және мәтінді талдау

Жұмыс түрлері

  • Мәтінді дауыстап оқу.
  • Мазмұнын сұрақ-жауап арқылы талдау.
  • Тізбектеп оқу.
  • Мәтіннен қажетті үзіндіні тауып оқу.

Талқылау сұрақтары

  • Ауа райы қандай еді?
  • Жолмен келе жатқан кім?
  • Ол неге мылтықты қолына алды?
  • Неге ызаланды?
  • Түймебай елікті неге атпады?
  • Түймебай елікті атқанда не болар еді?

Сөздік жұмысы

Шоқы
Тік, биік төбе.
Нысана
Көздеп ататын жер.
Қарауыл
Күзет.

Тапсырма

Мәтіннен ауа райын суреттеген тұсты тауып, дауыстап оқыңдар.

Сергіту сәті

Күн бұлттанды.

Жел тұрды: «у-у-у».

Ағаш бастары қозғалып, тербеле бастады.

Алғашқы тамшылар тамды.

Жаңбыр құйып кетті.

Жаңбыр саябырсыды.

Жаңбыр басылды.

Аспан шайдай ашылды.

Көкке кемпірқосақ асылды.

Шығармашылық тапсырмалар

1-қатар

Аңшыға мінездеме бер.

2-қатар

Әңгіменің желісі бойынша сурет сал.

3-қатар

Мақалды/ойды түсіндір: «Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.»

Оқушылардың жұмыстары тыңдалып, талданады. Сонымен қатар жұмбақ шешіп, жаңылтпашты мүдірмей айту тапсырмасы орындалады.

Бекіту, бағалау және үй тапсырмасы

Бекіту сұрақтары

  • Автор бұл шығарма арқылы оқырманға қандай ой айтқысы келді?
  • Аңшының әрекетіне қатысты өз көзқарасыңды білдір.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен жұмыстары негізінде бағаланады.

Үйге тапсырма

Оқулық: 218–220-беттер.