Шоқанның әкесі
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы
Қуат Терібаев атындағы орта мектебі (мектепке дейінгі шағын орталық)
Абжаппақызы Мира
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Білімділік
Шоқан Уәлиханов туралы толық мәлімет беру, ұлы ғалымның ғылыми мұрасымен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылық
Ойлау, ізденімпаздық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; сын тұрғысынан тұжырым жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Өз жеріне, халқымыздың мәдени жетістіктеріне құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, қадір-қасиетін ұғындыру.
Әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру
- Ойды жинақтау
- Талдау
- Сұрақ-жауап
- Жүйелеу
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа даярлығын тексеру.
II. Үй тапсырмасы бойынша білім-білік дағдысын тексеру (миға шабуыл)
- К. Қасымұлы мен Абылай ханның қандай жақындығы бар?
- Ресей үкіметі қазақ жерін қалай отарлай бастады?
- Кенесары Қасымұлы кім?
- Қай жерде үш жүздің өкілдері Кенесарыны ақ киізге отырғызып, хан көтерді?
- И. Тайманұлының сенімді серігі әрі досы кім?
- 1836–1838 жж. Бөкей ордасындағы көтерілістің басшылары кімдер?
III. Үй тапсырмасын қорытындылау (адасқан әріптер)
1) К. Қасымұлы дүниеге келген жер
Жауабы: Көкшетау
2) К. Қасымұлының атасы
Жауабы: Абылай
3) 1825 ж. көтерілісті бастаған Кенесарының ағасы
Жауабы: Сержан
4) Орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей ордасының ханы
Жауабы: Жәңгір
5) Исатайдың тұлпары
Жауабы: Ақтабан
6) Исатайдың сенімді серігі әрі досы
Жауабы: Махамбет
7) 1836–1838 жж. және 1837–1847 жж. көтерілістер қай мемлекеттің отаршылдық саясатына қарсы болды?
Жауабы: Ресей
IV. Жаңа сабаққа кіріспе
«Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды.»
Н. И. Веселовский
V. Жаңа сабақты түсіндіру
Тақырыптың негізгі мазмұнының жоспары
- Бала Шоқан
- Сібір кадет корпусына түсуі
- Ғалым Шоқан
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Шоқан да Кенесары сияқты Абылай ханның ұрпағы еді. Оның әкесі Шыңғыс — Абылай ханның үлкен ұлы Уәлиден тарайды.
Шоқанның азан шақырып қойған есімі — Мұхамедханафия. Ол жастайынан ойыннан гөрі әжесі Айғанымның қасында отырып, аңыз-әңгіме мен қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Бес жасынан хат таныған. Әжесі сүйікті немересін «Шоқан» деп атап кеткен.
Шоқанның ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың ықпалы зор болды. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс еді, олардың көбі бірнеше рет ауылына қонаққа келген.
1847 жылы әкесі орыс достарының көмегімен Шоқанды сол кезеңдегі ең іргелі оқу орындарының бірі — Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. 1853 жылы Шоқан кадет корпусын тәмамдайды.
Оның ғылыми сапарлары ерекше мәнге ие: 1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858–1859 жылдары Қашқарияға сапар шекті.
VI. Бекіту
«Шоқан» сөзжұмбағы (сұрақтар)
- Ш. Уәлиханов таныс болған орыс жазушысы кім?
- Ш. Уәлиханов қағазға түсірген қырғыз жыры қалай аталады?
- Марко Поло мен Гоестеннен кейін Шоқан сапарға барған аймақ қайсы?
- Ш. Уәлиханов қайтыс болған жер?
- Ғалымның әкесінің аты?
- Сібір кадет корпусын бітіргеннен кейін Ш. Уәлиханов алған атақ?
Сәйкестендіру тесті (ұғымдар)
- Шоқанның шын есімі
- Шоқан кімнің ұрпағы?
- Шоқанның дүниеге келген жері
- Шоқанның әжесі
- Шоқан оқыған оқу орны
- Шоқанның әкесі
- Шоқанның өмір сүрген кезеңі
Хронологиялық диктант
1835
Шоқан Уәлиханов дүниеге келді.
1847
Сібір кадет корпусына оқуға түсті.
1853
Кадет корпусын бітірді.
1856
Ыстықкөлге сапар шекті.
1861
Өкпе ауруы асқынып, туған ауылына оралды.
1865
Алтынемел жотасында дүниеден өтті.
Математикалық ойын
Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған?
(50 : 5) − (20 : 4) = 5
Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді?
(57 − 50) + (7 + 4) = 18
Шоқан неше жасында дүниеден өтті?
(250 − 200) − 20 = 30
Ә. Марғұлан Шоқан еңбектерін қай мерейтойға арнап құрастырды?
(100 × 3) − (10 × 15) = 150
VII. Қорытындылау
«Сызбаны толтыр» тапсырмасы арқылы оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмірі, білімі және ғылыми сапарлары бойынша негізгі ұғымдарды жүйелейді.
VIII. Үй тапсырмасы
1) Тақырыпты оқу, мазмұндау
Оқулық материалын оқып, негізгі ойды қысқаша жеткізу.
2) Шағын эссе
«Ғалым Шоқан» тақырыбында шағын эссе жазып келу.