Қатысушылардың өздерін таныстыру кезеңі

Өткізілетін сынып: 6–7 сыныптар Сабақ түрі: ойын сабағы Әдісі: практикалық

Сабақ тақырыбы

Не? Қашан? Қайда?

Мақсаты

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
  • Біліктілік пен дағды қалыптастыру.
  • Табиғат әлемін сүйіп, қорғауға және бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Флипчарттар
  • Конверттер
  • Айналмалы рулетка және т.б.

Нәтиже (күтілетін)

Оқушылар ойын форматы арқылы білімдерін қайталап, тез жауап беру дағдыларын дамытады және табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінеді.

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе

Мұғалімнің сөзі

Армысыздар, қадірменді қонақтар! Қош келдіңіздер! Бүгінгі «Не? Қашан? Қайда?» атты ойын сабағымызға келгендеріңізге қуаныштымыз. Ендеше, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысушы командаларды қарсы алайық (музыка).

2) Қатысушыларды таныстыру

Командалық жұмыс

Команда капитандары өз командаларын таныстырып, қатысушылар тиісті орындарына жайғасады.

3) Бейне-релакс

3 минут

Табиғат туралы 3 минуттық бейнеролик көрсетіледі. Бұл кезең оқушылардың өзін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде сезінуіне ықпал етеді.

4) Ойынның басталуы және шарты

Ереже

Айналмалы рулетканың астында әр турдың тапсырмалары жасырылған конверттер орналасады. Көрсеткіш қай конвертке тоқтаса, сол конверттегі тапсырмадан ойын басталады.

Турлар мазмұны (конверттер)

1-конверт: Гүлдер мен ағаштар туралы жұмбақтар

Тақырып: өсімдіктер Формат: жұмбақ

Әр жұмбақтың жауабын табыңыз.

  1. Осы гүлдің отаны — қазақтың кең даласы.
    Көктемде дала құлпырып,
    Қып-қызыл болар, қарашы.
    Кенелтіп жүр пайдаға,
    Голландияда көшетті.

    Жауабы: қызғалдақ

  2. Енді ол Қызыл кітапқа.
    Көктемде гүл жарады,
    Одан шығыс елдері табиғи бояу алады.

    Жауабы: бәйшешек

  3. Жапырағын ұстасаң — асты суық, үсті жылы.
    Дәрі жасар бұл гүлден,
    Емдер күйік, тынысты.

    Жауабы: түймедақ

  4. Тұқымынан май алып,
    Жасар түрлі дәрі де.
    Жібек мата бояйтын,
    Ұнтақ қылар әрі де.

    Жауабы: итқызғалдақ

  5. Діңі жұмсақ болса да,
    Тіп-тік шырқап өседі.
    Осы ағашпен ауланы,
    Көгалдандырар көшені.

    Жауабы: терек

  6. Канада елі туында
    Жапырағы салынған.
    Тазартады ауаны,
    Бойына тартып қалың шаң.

    Жауабы: үйеңкі

  7. Екі мың жыл жасайды,
    Үлкен жасыл қолшатыр.

    Ескерту: Жауабы мәтінде көрсетілмеген.

  8. Аршып алып қабығын,
    Адамдар себет өреді.
    Шырынын оның бүкіл ел
    Ем деп ішіп келеді.

    Жауабы: қайың

  9. Бұл ағаш өссе далада,
    Жаңбырда болар сая да.

    Жауабы: емен

2-конверт: Блиц-турнир

Уақыты: 5 минут Формат: қысқа жауап

5 минут ішінде қойылған сұрақтарға жылдам жауап беріледі.

1-нұсқа

  1. Жасушасыз тіршілік иелері.
  2. Темекі теңбілі вирусын ашқан ғалым.
  3. Оралма тәрізді бактериялар.
  4. Саңырауқұлақтар әлемін зерттейтін ғылым саласы.
  5. Қына қандай ағзалардың селбесуінен пайда болған ағза?
  6. Лимон қышқылы қай саңырауқұлақтардан алынады?
  7. Қыналарда тамыр бола ма?
  8. Зеравшан аршасының биіктігі.
  9. Балықтар неше класқа жіктеледі?
  10. «Вирус» сөзі латынша нені білдіреді?
  11. Мәдени орталықтарды ашқан ғалым.
  12. Қастауыш саңырауқұлағы жеуге жарамды ма?
  13. Ағзалар әлемі неше топқа жіктеледі?
  14. Қызыл балдырды ата.
  15. Бактерияны зақымдайтын вирус.