Өзіңнің туған күніңді ата
Астана қаласы, №53 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі: Нарымбетова Айгүл Әбдірашқызы
Сабақтың мақсаты
- Уақыт бірліктерімен таныстыру: тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр және олардың өзара байланысы.
- Өзара кері есептер құрастыру және шығару дағдыларын пысықтау.
- Сандарды және сәйкес шамаларды қосу мен азайтуды салыстыра қарастыру.
- Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруға машықтандыру.
Психологиялық ахуал
Балалар, бәріміз де айналамызда көңіл күйі көтеріңкі, мейірімді адамдардың болғанын жақсы көреміз. Ендеше, қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі — көңіл ажары,
Күліп өмір сүрейік!
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау сұрақтары
- Таң қай уақытта атады? Ол уақытты қалай атайды?
- Күн қай уақытта батады?
- Күн батқаннан кейінгі уақыт қалай аталады?
Тәулік бөліктері
Негізгі байланыс: 1 апта = 7 күн.
Апта күндері
1
Дүйсенбі
2
Сейсенбі
3
Сәрсенбі
4
Бейсенбі
5
Жұма
6
Сенбі
7
Жексенбі
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
Уақыт өлшем бірліктерін қолдана отырып, берілген тапсырмаларды орындау, мысалдарды талдау және қорытынды жасау.
Ортақ тапсырма
Топта талқылау арқылы жауапты дәлелдеу, бір-бірінің шешімін тексеру және түзету.
Шығармашылық жұмыс
Уақыт бірліктеріне байланысты күнделікті өмірден мысал келтіру, өз ойыңды жүйелі жеткізу.
Сергіту сәті
Тық-тық, тық-тық — барлық сағат былай жүреді (басты еңкейту).
Тық-тық, тық-тық — сағат неше, жылдам қара (маятник сияқты тербелу).
Тық-тық, тық-тық — солға бір, оңға екі, біз де осылай істейміз:
Тық-тық, тық-тық, тық-тық.
Ой толғаныс
Сұрақтар
- Жыл ішіндегі сендерге ең сүйікті күн қай күн?
- Өзіңнің туған күніңді ата.
- Өз тобыңдағы қыз балалардың туған күндерін анықтап көр.
- Нәтижені ортаға салып, көрсетіп бер.
Қорытындылау
- Бүгін қандай жаңа шамалармен таныстық?
- Күнделікті тұрмыста олар сендерге қандай қажетке жарайды?
Үй тапсырмасы
№6 тапсырма, 100-бет.
Бағалау: бағалау парақшаларын толтыру.
Кері байланыс: сабақ бойынша қысқаша пікір айту.
Материалдың толық нұсқасын жүктеу (қажет болған жағдайда) қарастырылады.