Қыс - өте қауіпті мезгіл

Сабақ Оқу мақсаты

Сабақтың оқу мақсаты: «Мен қалай жазушы болдым?» (М. Зверев)

Бұл сабақта оқушылар мәтін құрастыру арқылы ойды жүйелі жеткізуге, сөздік қорды байытуға және жазушы еңбегінің мәнін түсінуге бағытталады.

Басталуы: психологиялық дайындық

Ж–Ж

«Жүректен – жүрекке» шеңбері:

Әрбір еркелетіп айтылатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те — бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де дәл осындай ғажап.

Қызығушылықты ояту

I. Үй тапсырмасын тексеру: топтық жұмыс арқылы сұрау және қысқаша қорытындылау.

Топқа тапсырма: «Қыс» тақырыбына қысқа әңгіме құрастыру.

Ортасы: «Қыс» туралы әңгіме

Мәтін құрастыру Сипаттау

«Қыс»

Қар қалың жауып, нағыз қыс келді. Күн әбден қысқарды. Күннің көзі көрінсе де, жылытпайды.

Өзендер мен көлдерге мұз қатып, қалың қардың астынан шөптің басы да көрінбейді. Аяз күшейіп, үскірік боран жиілейді.

Орман ішінде құстар сирек байқалады. Қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп, жас ағаштардың қабығын кеміріп жүреді.

Адамдар суықтан қорғанып, жылы киініп, үйлеріне от жағып отырады. Қыста жануарларға, әсіресе құстарға, қиын. Қыс — өте қауіпті мезгіл.

Жазылған мәтінді әр топтан бір оқушы оқиды. Оқушылар жұмысы талданып, негізгі ойлар бойынша қорытындыланады.

Сұрақ: Әңгіме, повесть, роман жазатын адамдарды кім деп атайды?