Шалқарға саяхат
Сабақ туралы мәлімет
- Мектеп
- Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №6 орта мектебі ММ
- Пән мұғалімі
- Нурманова Айгерим Мухтаровна
- Сабақтың тақырыбы
- Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Мақсаттар
Білімділік
Квадрат теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдерін меңгерту, олардың ерекшеліктерін таныту және есеп шығаруда қолдана білуді қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ұқыпты тыңдауын, сұрақтарға нақты жауап беруін, теорияны практикамен ұштастыруын, тез шешім қабылдауын және өз білімін көрсете алу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды шапшаңдыққа, өз бетінше жұмыс істеуге және математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Білім мен дағдыны қалыптастыру
- Сабақтың түрі
- Саяхат сабақ
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, фигуралар, маркер, үлестірме қағаздар, плакаттар
- Әдіс-тәсілдер
- «Жүректен жүрекке», топтастыру, сұрақ-жауап
Сабақ жоспары
-
I
Ұйымдастыру бөлімі
-
II
Үй тапсырмасын тексеру
-
III
Тақырыпты ашу
-
IV
Шалқарға саяхат
-
V
Ой түйін: тест тапсырмасы
-
VI
Үйге тапсырма
-
VII
Бағалау
-
VIII
Қорытынды
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
-
а
Сәлемдесу.
-
ә
Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау.
-
б
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
в
Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру.