Жаңа сабақ, білім сайыс сабағы
Сабақ туралы мәлімет
Орын
Атырау қаласы, Бизнес және құқық колледжі
Пән
Математика
Мұғалім
Мукашева Ажар
Тақырып
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер (математика–ағылшын кіріктірілген сабақ)
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ, білім сайыс сабағы
Әдіс-тәсіл
Ұжымдық және топтық оқыту
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың тригонометриялық тепе-теңдіктер тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу және пәнаралық байланысты күшейту.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Тригонометриялық формулалар мен ережелерді өмірде, математикалық есептеулерде және практикалық іс-әрекетте тиімді қолдана білу.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау мәдениетін, логикалық ойлау қабілетін және практикалық білік-дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Есептің шешімін іздеу арқылы қиындықты жеңуге ұмтылу, ұйымшылдық, дербестік және дәлдік сияқты қасиеттерді қалыптастыру.