Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік алыңдар
Сабақ туралы мәлімет
Өтетін орны
Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Есетова Гүлмира
Іс-шараның атауы
«Біріншіге барамыз!»
Сабақтың мақсаты
- Балалардың білімге қызығушылығын арттыру.
- Тіл байлығын және сөздік қорын дамыту.
- Оқуға құштар, білімді мақсат ететін ұрпақтың болашаққа сенімін ояту.
Көрнекілігі
Сынып бөлмесі әсем безендірілген: гүлдер, шарлар, қанатты сөздер, әріптер мен сандар, сондай-ақ сабаққа қажетті құралдар дайындалады.
Сабақтың барысы
Қымбатты ата-аналар мен қонақтар! Кеше ғана бес жасқа толып, мектеп табалдырығын аттап, даярлық сыныбына келген кішкентай бүлдіршіндерімізді бүгін бірінші сыныпқа шығарып салғалы отырмыз.
Аз ғана уақыт ішінде балалардың білімге талпынысы артып, тіл байлығы да едәуір дамыды. Енді олардың алғашқы үлкен қадамы — мектеп өміріне сеніммен қадам басу.
Жүргізушілердің құттықтауы
1-жүргізуші
Армысыздар, қадірменді қонақтар!
2-жүргізуші
Бармысыздар, ұстаздар мен ата-аналар!
1-жүргізуші
Біздің сүйікті даярлық сыныбымен қимастықпен қоштасқалы отырған кішкентай бүлдіршіндерімізді құрметпен қарсы алайық.
Сахналық нұсқау: балалар қол ұстасып залға кіреді.
Би
Өзбек биі
Орындайтын: Танабаева Ділназ
Ән
«Көбелек»
Орындайтын: Танабаева Ділназ, Сақаш Айсезім
Хор
Балалар әні
Орындайтын: сынып оқушылары
Өлең жолдары
1-жүргізуші
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да, Мұндай күй болған шығар қаншаңызда.
2-жүргізуші
Қол соғып қарсы алайық балаларды, Шырқатып ән сап берсін баршамызға.
1-жүргізуші
Өтті қызық көп күндер, Жеті жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер.
2-жүргізуші
Өсті ақыл-ойларың, Өсті міне бойларың. Қуанышқа ортақпыз, Құтты болсын тойларың!
1-жүргізуші
Мектеп-ана шақырады бізді алдан, Алдымызда әлі талай сан арман. Қоштассақ та даярлығым сенімен, Санамда өзің берген өнегең.
Түлектердің лебізі
Айсезім
Талай-талай баспалдақтан аттармыз, Ата-ананың үмітін де ақтармыз. Тәрбиеші сізден алған ақылды, Есімізде өмір бойы сақтармыз.
Ақжан
Мектепке енді барамыз, Үлгілі оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз.
Жаснұр
Қош, балалар, сәт сапар, Бақытты бәрің болыңдар. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік алыңдар.
Ән
«Жау-жау жаңбыр»
Орындайтын: Әділ Нұршуақ
Сахналық нұсқау: әуен ырғағымен Мальвина мен Буратино келеді.
Көрініс: Мальвина мен Буратино
Мальвина
Жүр, жүр деймін, саған балалардың даярлықта қалай оқитынын көрсетейін. Олардың бар өмірі алда: бірінші сыныпқа барып жақсы оқып, әрқайсысы бір мамандық иесі болады. Егемен еліміздің білімді азаматтары болады.
Буратино
«Даярлық, даярлық!» деп неге қайталай бересің? Мен онсыз да бәрін білем.
1-жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, Мальвина мен Буратино! Сендер қайдан келдіңдер, неге дауласып жатырсыңдар?
Мальвина
Мен Буратинаны даярлық тобына әкелдім. Ол өте жалқау, оқуға ынтасы жоқ, мектепке де барғысы келмейді.
2-жүргізуші
Бұл қалай, Буратино? Егер оқымасаң, ештеңе білмесең, мектепке қалай барасың?
Буратино
Ой, мен онсыз да бәрін білем...
1-жүргізуші
Ендеше, сөздерді буынға бөле аласың ба?
Буратино
(ойланып) М-м-м... Буынға бөлу? Ол тағы не?
Мальвина
Балалар, сендер сөздерді буынға бөле аласыңдар ма?
Балалар: Иә.
Тіл дамыту: сұрақ-жауап
Біздің еліміз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы
Біз қандай мемлекетпіз?
Тәуелсіз мемлекетпіз
Елбасымыз кім?
Н. Ә. Назарбаев
Елордамыз қай қала?
Астана
Рәміздерімізді атаңдар
Ескерту: мәтін түпнұсқадағы құрылымын сақтай отырып, орфографиясы мен тыныс белгілері редакциялық тұрғыда түзетілді.