Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі

ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп-интернаты

Информатика пәні мұғалімі: Пиралиева Айкерім

Информатика пәні апталығы аясында өткізілетін «XXI ғасыр көшбасшысы» атты көңілді тапқырлар ойын-сайысының бағдарламасы.

Сайыстың барысы

Жүргізуші

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің ертеңі — білімді азаматтың қолында екені бәрімізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертең ел тізгінін ұстайтын азамат болады. Сол азаматтың бойында тапқырлық пен алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

Ендеше, бүгінгі «Жұлдызды сәт» ойынын тамашалауға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі ойын төрінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді ойын жасайық,
Жұмбақ шеруін шашайық.
Мұнда қызық табылады,
Жұмбақ пен есеп — бәрі бар!

«XXI ғасыр көшбасшысы» атты көңілді тапқырлар ойын-сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Негізгі мақсат

  • Информатика пәніне қызығушылықты арттыру.
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  • Ұқыптылық пен дәлдікке баулу.

Қатысушы топтар

I топ

Қатысушылар таныстыруы бойынша.

II топ

Қатысушылар таныстыруы бойынша.

III топ

Қатысушылар таныстыруы бойынша.

Ойын кезеңдері

  1. 1 Бәйге
  2. 2 Тосын сұрақтар
  3. 3 Венгр сөзжұмбағы
  4. 4 Кім жылдам?
  5. 5 Жорға

2-жүргізуші

Мінеки, залда тыныштық —
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы —
Информатика жайында
Сайысты біз бастауға
Әділқазы сайлаймыз.

1-жүргізуші

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.
Кім білімді, кім тапқыр — шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса, сын нақ болар.

1-кезең: «Бәйге» сұрақтары

1) Қоршаған орта туралы мәлімет

Ақпарат

2) Адам мен компьютер арасындағы байланыс

Интерфейс

3) Сегіз биттен тұратын топ

Байт

4) Белгілі бір атпен дискіде сақталған құжат

Файл

5) Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы

Монитор

2-жүргізуші

Ойын толқынданған қатты ағысқа ұқсайды:
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап, үнсіз отыру жараса ма?
Туысқа, досқа, сыныптасқа, танысқа емес…

(Мәтін түпнұсқада осы тұста үзіледі.)