Заттың сынын білдіретін сөздерді табу

Ана тілі • 1-сынып • Аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы

Заттың сынын білдіретін сөздер. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңі.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер (сын есім) туралы түсінік беру, оны сөйлеуде дұрыс қолдануға бағыттау.

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • А. Байтұрсыновтың суреті
  • Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет
  • Тест тапсырмалары

Сабақтың міндеттері

  • Білімділік: заттың сынын білдіретін сөздерді табу; А. Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу.
  • Дамытушылық: тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелілік: реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Топтастыру
  • Тест
  • Қосымша тапсырмалар

Сабақ барысы

I бөлім

Қызығушылықты ояту

Оқушылардың дайындығы

Сабаққа біз даярмыз,

Жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан,

Кілең бестік аламыз.

Мұғалімнің сөзі

Бір, екі, үш —

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)

  1. Абай кім?
  2. Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
  3. «Адам болам десеңіз» өлеңінде Абай қандай ақыл айтады?
  4. «Бес дұшпанды» қалай түсінесіңдер?
  5. «Бес асыл іс» деген не?
  6. Ата-анаң саған қандай ақыл айтады?

II бөлім

Мағынаны тану

Ой қозғау

Қандай? — алма

Қандай? — әже

Осы сұрақ арқылы заттың сынын білдіретін сөздер табылатыны еске түсіріледі.

Өздік жұмыс (129-жаттығу)

Үлгі бойынша сөз тіркестерінің орнын ауыстырып жазу:

Нұрлы ақыл — ақыл нұрлы.

Ыстық жүрек — жүрек ыстық.

Терең ой — ой терең.

Талапты ұл — ұл талапты.

Әдебиетпен байланыс

Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен қысқаша танысу. Бүгін А. Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін оқимыз.

Өлеңді оқу

  • Мұғалімнің мәнерлеп оқуы
  • Оқушылардың тізбектей оқуы

Талқылау сұрағы

А. Байтұрсынов өлеңінде жақсылыққа жеткізетін не деп айтылады?

III бөлім

Ой толғаныс

Білімді тексеру (ауызша сұрақтар)

  1. Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
  2. А. Байтұрсынов кім?
  3. «Тарту» өлеңі не туралы?

Тест

1) Заттың сынын білдіретін сөзді белгіле:

  • a) адам
  • ә) ақылды
  • б) жүгірді

2) Түсті білдіретін сөзді белгіле:

  • a) ақ
  • ә) әдемі
  • б) дәмді

3) Көлемді білдіретін сөзді белгіле:

  • a) тасыды
  • ә) жуан
  • б) бапкер

4) Дәмді білдіретін сөзді белгіле:

  • a) аспаптар
  • ә) көктем
  • б) тәтті

5) Қарсы мағыналы сөздерді белгіле:

  • a) дала
  • ә) жарық — қараңғы
  • б) кітапхана

IV бөлім

Логикалық тапсырмалар мен жұмбақтар

Оқушылардың ойлауын дамытуға арналған логикалық тапсырмалар мен жұмбақтар орындалады.

V бөлім

Қорытынды

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • А. Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін жаттау
  • 130-жаттығуды жазып келу

Автор: Қызылорда облысы, Арал ауданы, №62 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі — Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы.