Мағжан ЖұмабаевСырық мойын, біз мұрын, Шіркін, тұздай көзіңіз
Мағжан Жұмабаев
Сырық мойын, біз мұрын,
Шіркін, тұздай көзіңіз.
Қыт-қытындай тауықтың
Құйылып тұр сөзіңіз.
Кірпіш еткенің ұнындай
Опа басқан жүзіңіз.
Жүз төңкеріп көзіңіз,
Жақындайсыз өзіңіз.
Сізге кім ғашық болмасын?
Мәселен, біз өзіміз...
Сырық мойын, біз мұрын,
Шіркін, тұздай көзіңіз.
Қыт-қытындай тауықтың
Құйылып тұр сөзіңіз.
Кірпіш еткенің ұнындай
Опа басқан жүзіңіз.
Жүз төңкеріп көзіңіз,
Жақындайсыз өзіңіз.
Сізге кім ғашық болмасын?
Мәселен, біз өзіміз...