Аққала құрастыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Жұрнақ пен жалғау
Сабақ түрі
Жаңа білімді игеру
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Топтастыру
- «Ой қозғау» стратегиясы
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, кесте, қима қағаздар, ойын құралдары, ойыншықтар
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушылардың сөз және оның құрамы туралы түсінігін қалыптастыру. Қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін таныстыру, олардың әртүрлі қызмет атқаратынын жаттығулар арқылы меңгерту.
Дамытушылық
Ауызша және жазбаша тілін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік
Салауатты өмір салтын ұстануға, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, оқу мақсатымен таныстыру, көңіл күйді сабаққа бағыттау.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Түбір мен қосымша» тақырыбы бойынша білімді бекіту сұрақтары:
- Түбір дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
- Қосымша қандай қызмет атқарады?
Ойын-тапсырма: «Үй құрастыру»
- «Қыстағы еңбек түрлері», «Қыстық ойын түрлері» тақырыптарына сөйлемдер құрау.
- «Қой» сөзіне қосымша жалғап айту.
III. Жаңа сабақ: жұрнақ пен жалғау
Негізгі түсінік
Қосымша жұрнақ және жалғау болып екіге бөлінеді.
Кестемен жұмыс
Жұрнақ сөз мағынасын өзгертеді, ал жалғау сөз бен сөзді байланыстырады.
Жұрнақ
Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.
- Мысал:
- жұмыс → жұмысшы
- Мысал:
- ойын → ойыншы
Жалғау
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.
- Мысал:
- жұмыс → жұмыста
- Мысал:
- ойын → ойынға
Оқулықпен жұмыс
330-жаттығу
Қосымша жалғанған сөздерге сұрақ қойып, мағынасының өзгергенін немесе өзгермегенін анықтау:
- бүркітші, бүркіттер, бүркітпен, бүркітті
- сусын, суға, суды
- тазалық, тазала
331-жаттығу
Мақалды оқып, жатқа жазу. Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндіру:
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Сергіту сәті
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек.
Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы
Ақ жібектің түріндей.
332-жаттығу
Сөздерге жұрнақ жалғап оқу. Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып сөйлем құрау:
- дос
- іс
- жұмыс
333-жаттығу
Жұрнақ жалғанған сөздерді бір бөлек, жалғау жалғанған сөздерді бір бөлек топтап жазу:
Берілген сөздер
батырлық, ғалымның, іскер, көмірді, көлшік, әжем, биші, дәптері, бастық, бидайды
Тапсырма
- Жұрнақ жалғанған сөздерді бөлек топта.
- Жалғау жалғанған сөздерді бөлек топта.
IV. Қорытынды бөлім
Ойын: «Аққала жасау»
Қыстағы қызықты ойындардың бірі — аққала жасау. Аққала жасауға кіріспес бұрын «қолғаптың сыңарын табу» тапсырмасын орындаймыз.
Қолғаптың сыңарын тап
ән — ші, ұшақ — қа, бала — лар, жылқы — шы, үй — дің, өнер — паз
Аққала бөлшектерімен жұмыс (сұрақтар)
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не?
- «Өз орныңды тап» ойыны: түбір, жұрнақ, жалғаудың шартты белгісі бойынша сөздерді сахналап көрсету.