Бәйге сайысы
Сайыс сабақ туралы
(4-сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ) «Тапқыр болсаң, озып көр» (слайдпен).
Түрі
Сайыс
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар
Негізгі бағыт
Білім, тапқырлық, тіл мәдениеті
Мақсаты
- 1 Оқушылардың негізгі пәндер бойынша алған білімдерін тереңдету; тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу; ой-өрісін кеңейтіп, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
- 2 Жастарды елін, жерін, ұлттық дәстүрін құрметтеуге баулу; халқымыздың болашағын гүлдендіретін тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету.
- 3 Білімді, дарынды, озық болуға бағыттау және пәндерге деген қызығушылығын ояту.
Сайыстың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Кіріспе сөз.
- Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
ІІ. Сайыс шарттары
- 1 «Бәйге» сайысы
- 2 «Тіл – өнер» сайысы
- 3 «Төрт жұмбақ» сайысы
- 4 «Бұл кім?»
- 5 «Жорға» сайысы
ІІІ. Қорытынды
Қазылар алқасының шешімі.
Жүргізуші сөзі
Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімін және ептілігін сарапқа саламыз.
Архимедтей жаңалықтар ашар,
Үміткер болса, сайысқа үлес қосар.
Ұлы дәрігер ізін басар
Бізде бар жас талапкерлер.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің қатты істейтін миы бар,
Бәрінің де жеңіске деген үміті бар.
Осылайша сайыс алаңына: «Талай сынды бағындырған қырандар», «Жарқ еткен жас жұлдыздар», «Биіктен көрінер алғырлар» топтарын шақырамыз.
(Топтар орналасқанша әуен ойналады.)
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Енді сайыскерлеріміздің білімі мен өнерін саралап, баға беретін қазылар алқасын таныстырамыз.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады. Ренжімей тараса, озбағандар жарайды. Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Озат болудың шарты — еңбектену, жалықпау.
Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызға сөз берейік.
Топтардың таныстырылымы
Талай сынды бағындырған қырандар тобы
Ұраны
Қандай сынақ болса да берілме,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесу
Талай сынға түсіп келеміз бағындырып,
Талай жұртты келеміз таңқалдырып.
Тобымыздың атынан келіп тұрмыз,
Ақтаймыз деп ойлаймыз үміттерің.
Жарқ еткен жас жұлдыздар тобы
Ұраны
Жас жұлдыздай жанамыз,
Жақсы білім аламыз.
Ең керемет сайыскерлер —
Мінеки, біздер боламыз.
Сәлемдесу
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір — теңіз, жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
Биіктен көрінер алғырлар тобы
Ұраны
Шыдамдылық, еңбек, алғыр ой —
Анық досың, біліп қой!
Ескерту
Бұл топтың сәлемдесу мәтіні берілген үзіндіде толық көрсетілмеген.