Құстармен таныстыру
МКҚК Жаңақала аудандық балалар бақшасы
Тәрбиеші: Базарова Анаргүл Бақытқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы
Үй құстарына жем береміз
Билингвалды компонент
- Құстар
- птицы
- Үй құстары
- домашние птицы
Мақсаты
Білімділік
Балаларға құстар туралы түсінік беру, білімін жетілдіру және құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Дамытушылық
Үй құстарының пайдасы туралы түсінігін кеңейту.
Тәрбиелік
Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дайындық және ресурстар
Алдын ала жүргізілетін жұмыс
Құстармен таныстыру, бақылау және әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
Қажетті көрнекі құралдар
Оқу іс-әрекетінің барысы
1) Қызығушылықты ояту кезеңі — «Шаттық шеңбері»
Балалар шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыспен бірге өлең жолдарын айтады.
Мен қанатты жазамын, Суға жүзіп аламын. Суда жүріп жүземін, Оң қанатты бір қағып. Сол қанатты бір қағып, Қанатымды қатайтып, Мен анамдай боламын.
2) Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі
Бүгінгі тақырып: «Үй құстарына жем береміз». Құстар екіге бөлінеді: дала құстары және үй құстары.
Дала құстары
Торғай, қарлығаш, көгершін. Олар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқамен қоректенеді. Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға, зиянкестерді азайтуға көмектеседі.
Үй құстары
Тауық, әтеш, қаз, үйрек. Үй құстары адам қамқорлығын қажет етеді, сондықтан біз оларға жем береміз.
Үй құстарының пайдасы
- Жұмыртқасын тағам ретінде пайдаланамыз.
- Мамығынан жастық, көпшік жасаймыз.
Сұрақ-жауап бөлімі
- Құстың дене мүшелері қандай? Денесі, басы, тұмсығы, қанаты, аяғы.
- Құстардың дауысын ажырата аласыңдар ма? Тыңдап көрейік.
- Құс туралы тақпақ білесіңдер ме? Еске түсіріп айтайық.
Оқиға желісі: «Жоғалған балапан»
Есікті біреу қағып тұр. Бұл — тауық.
Тауық: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір балапаным жоғалып кетті. Көрген жоқсыңдар ма? Маған көмектесесіңдер ме?»
Балалар үйшік (күрке) бар екенін байқайды: есігі жабық, ашылмайды. Ішінде балапан бар. Қалай ашамыз? Үстел үстінде қағаз жатады — бұл тапсырма. Тапсырманы орындасақ, есік ашылады.
1-топтың тапсырмасы
Балапанның суретін ақ қағаз бетіне жапсыру.
2-топтың тапсырмасы
Тақпақ жаттау және мәнерлеп айту.
Тапсырмалар орындалды — күркенің есігі ашылды. Ішінен балапан шықты. Тауық ұзақ іздегендіктен қарны ашқан болуы мүмкін, енді оған жем берейік.
Сергіту сәті
Ән: «Әнші балапан».
3) Бағалау кезеңі
Тауық балаларға алғысын айтып, балапанын алып кетеді. Балалар өз тобына оралады.
Қорытынды сұрақтар
- Үй құстары қандай құстар?
- Бізге кім келді?
- Тауық нені іздеді?
- Біз ненің суретін жапсырдық?
Қорытынды: Құстарды әрқашан қамқорлыққа алып, оларға көмектесіп жүруіміз керек.
Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс-әрекетіне бәрің белсенді қатыстыңдар. Көп рақмет!