Компьютердің қосымша құрылғыларын ата

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: информатика пәні бойынша алған білімдерін сараптау.
  • Дамытушылық: оқушыларды тапқырлыққа баулу, зейінін, ой-өрісін және белсенділігін дамыту, білімге құштарлығын арттыру.
  • Тәрбиелік: өз білімдеріне деген сенімділікті нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Саяхат-сабақ

Оқушылар «Информатика қаласына» саяхат жасап, қақпалар арқылы тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындайды.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Компьютер
  • Слайд материалдары

Кіріспе

Информатика пәнінен өткен материалды қайталау мақсатында «Алтын қақпа» атты сайыс-сабақты өткізуді жөн көрдім. Бұл сайыстың негізгі мақсаты — балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өтілген тақырыптарды бекіту және өз бетінше ізденуге, жеке тұлға ретінде жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Бүгін біз «Информатика қаласына» саяхатқа шығамыз. Саяхаттың түпкі мақсаты — өміріміздің маңызды бөлігіне айналған компьютерді меңгеру және компьютерлік сауаттылықтың «алтын кілтін» алу.

Негізгі ой

Компьютердің мүмкіндігі шексіз: ол әлемнің әр шалғайынан хабар алып, оны еш кедергісіз таратуға мүмкіндік береді. Ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал ететін күш — білім мен компьютерлік сауаттылық. Сондықтан компьютерлік сауаттылық бүгіннің де, ертеңнің де талабы.

Саяхатқа шықпас бұрын, оқушылар 3 топқа бөлініп, топ басшыларын сайлайды.

Топты таныстыру кезеңі

І топ: «Монитор»

Топ басшысы: ____________________

ІІ топ: «Пернетақта»

Топ басшысы: ____________________

ІІІ топ: «Жүйелік қорап»

Топ басшысы: ____________________

Кезеңдер бойынша сабақтың барысы

ІІІ кезең: «Ағаш қақпа»

Билет алу

Информатика шаһарына саяхат жасау үшін алдымен «билет» алу керек. Ол үшін ағаш қақпаны сұрақтарға жауап беру арқылы ашамыз.

І топ: «Монитор» сұрақтары

  1. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
  2. Процессор қандай жадпен жұмыс істейді?
  3. ЭЕМ-нің буындарын, элементтік базасын және негізгі сипаттамаларын ата.
  4. Құрылғылардың жүйелік блокта орналасуы неше топқа бөлінеді? Ата.
  5. Пернетақтаның негізгі блоктарын ата және міндетін түсіндір.
  6. Windows-тың негізгі объектілерін ата.

ІІ топ: «Пернетақта» сұрақтары

  1. Ақпарат алатын көздерді атап айт.
  2. Операциялық жүйе не үшін арналған?
  3. Қандай жадты жедел жад деп атайды?
  4. Есептеуіш техникасының даму тарихы нешеге бөлінеді?
  5. Монитордың айыру мүмкіндігі дегеніміз не?
  6. Арнайы пернелердің қызметін ата.

ІІІ топ: «Жүйелік қорап» сұрақтары

  1. Ақпарат нешеге бөлінеді?
  2. Бір битпен нені кодтауға болады?
  3. Компьютер жадына бағдарламалар мен деректерді беруге және кодтауға арналған құрылғы қандай?
  4. Арнаулы бағдарламалар не үшін қолданылады?
  5. Бэббидж машинасына арналған алғашқы бағдарлама авторы кім?
  6. Жұмыс орнының негізгі элементтерін ата.

IV кезең: «Темір қақпа»

Сөз ойла, тез ойла

Билеттер алынды, енді ағаш қақпа ашылады. Оның ішінде темір қақпа тұр. Темір қақпаны ашу үшін «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнаймыз: әр топқа «Информатика» сөзі беріледі, сол сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрап, тез орындау керек.

V кезең: «Күміс қақпа»

Кестемен жұмыс

Әр топқа кесте беріледі. Оқушылар интерактивті тақтадағы кестелерді толтырады.

І топ: Пернетақта арқылы командаларды шақыру

Көшіру, Қиып алу, Кірістіру командаларын пернетақтамен қалай шақырамыз?

Команда Пернетақта тіркесімі
Көшіру __________
Қиып алу __________
Кірістіру __________

ІІ топ: Объектіні жылжыту және көшіру

Әрекеттердің ретін көрсет. Ерекше әрекеттерді түспен белгіле.

Объектіні жылжыту

  1. Маус көмегімен объектіні белгіле.
  2. __________
  3. __________
  4. __________

Объектіні көшіру

  1. Маус көмегімен объектіні белгіле.
  2. __________
  3. __________
  4. __________

ІІІ топ: Объектінің атын өзгерту тәсілдері

Төрт тәсілді жаз.

  1. 1-тәсіл: __________
  2. 2-тәсіл: __________
  3. 3-тәсіл: __________
  4. 4-тәсіл: __________

VI кезең: «Алтын қақпа»

Практикалық жұмыс

«Информатика — ғылым патшасы». Бұл кезеңде әр топ графикалық редакторда берілген тапсырманы орындайды.

І топ: «Монитор»

Сызық құралын пайдаланып, жайраның суретін сал.

Үсті-басы ала,
Бұл не деген бейне?
Кірпіге ұқсас заты,
Жайра оның аты.

ІІ топ: «Пернетақта»

Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.

Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ.
Болмады бірақ күткені,
Оған ешкім түспеді.

ІІІ топ: «Жүйелік қорап»

Эллипс, қисық сызық және сызық құралдарын пайдаланып, шәйнектің суретін сал.

Ішінде — су,
Үстінде — бу.
Тоймай жұпар иісіне,
Ішесің сүйсіне.

VII кезең: «Білім кілті»

Топ басшылары сайысы

«Білім кілтін» алу үшін топ басшылары сайысқа түседі. Әр топ басшысына 10 сұрақ қойылады, жауапты мүдірмей, жылдам беру қажет.

І топ басшысы

Аты-жөні: ____________________

  1. Информатика нені зерттейтін ғылым?
  2. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
  3. Меңзерді жолдың басына алып баратын перне.
  4. Paint бағдарламасын іске қосу жолдарын ата.
  5. Құралдар тақтасында қанша құрал бар?
  6. Қосу машинасын ойлап тапқан адам.
  7. Деректерді сақтауға қабілетті кристалды ұяшықтар алқабы.
  8. Компьютер жады нешеге бөлінеді?
  9. Графикалық редакторға қандай бағдарлама жатады?
  10. Бос орын пернесі қандай қызмет атқарады?

ІІ топ басшысы

Аты-жөні: ____________________

  1. Ақпарат дегеніміз не?
  2. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата.
  3. Меңзерді жолдың соңына апаратын перне.
  4. Таңбашаны екі рет шерткенде не болады?
  5. Пернетақтадағы Delete пернесі қандай қызмет атқарады?
  6. Дүниежүзі бойынша алғашқы бағдарламашы кім?
  7. Деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.
  8. Сыртқы жадтайтын құрылғыларға нелер жатады?
  9. Мәтіндік редакторға қандай бағдарламаларды жатқызуға болады?
  10. Функционалдық пернелер деп қандай пернелерді айтамыз?

ІІІ топ басшысы

Аты-жөні: ____________________

  1. Ақпарат нешеге бөлінеді?
  2. Компьютер дегеніміз не?
  3. F1–F12 пернелері қалай аталады?
  4. Ақпаратты кодтау дегеніміз не?
  5. Пернетақтадағы Insert пернесі қандай қызмет атқарады?
  6. Бэббидж машинасына арналған алғашқы бағдарлама авторы кім?
  7. Біздің елдегі алғашқы компьютер (машина) қалай аталды?
  8. Монитордың айыру мүмкіндігі дегеніміз не?
  9. Мәтіннің үзіндісін жылжыту үшін қандай әрекеттер орындалады?
  10. WordPad редакторының негізгі терезе элементтерін ата.

Бағалау және марапаттау

Бағалау

Оқушылар қатысқаны үшін мадақталады. Сұрақтарға жауап берген оқушылар мен мүдірмей, жылдам жауап берген топ басшылары бағаланады.

Марапаттау

Сұрақтарға кідірмей жауап берген топ басшылары мақтау қағазымен марапатталып, «білім кілті» табысталады.