Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген, орта ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекеті екенін түсіндіру

Сабақтың тақырыбы

Ақ Орда (XIII–XV ғасырдың басы)

Сабақ түрі

Аралас

Пәнаралық байланыс

География, қазақ тілі

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, өз бетінше жұмыс

Көрнекілік

Интерактивті тақта, карта, оқулық

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Ақ Орданың XIII–XV ғасырлар аралығында Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүргенін және орта ғасырларда Қазақстан жерінде құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі екенін түсіндіру.
  • Ақ Орда тарихы, ішкі және сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мәлімет беру.
  • Ақ Орда тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыра қарастыру.

Дамытушылық

  • Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беруге және қорытынды жасауға дағдыландыру.
  • Топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

  • Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыру.
  • Тарих пәніне қызығушылықты арттыру, белсенділікті көтеру және өз бетінше талдай алатын тұлға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныпты сабаққа дайындау, назарды тақырыпқа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қазақ халқының өткен тарихы — ата-бабаларымыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресінің шежіресі. Еліміз бүгінгі даму деңгейіне бірден жеткен жоқ: ұлан-байтақ жерді қорғау үшін бабаларымыз ғасырлар бойы сыртқы шапқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты.

Үй тапсырмасы

Алтын Орда тақырыбы және моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы бойынша қайталау.

Сұрақ-жауап

Моңғол мемлекеті қашан құрылды?
Шыңғыс хан (шамамен 1155 ж. туған) 1206 жылы Онон және Керулен өзендерінің бойындағы ұлы құрылтайда барлық моңғол тайпаларының қолдауымен хан сайланды.
1207–1208 жылдары моңғолдар қай жерлерді басып алды?
Жошы Енисей қырғыздарын және теріскей Сібір халықтарын бағындырды.
1207–1209 жылдары қандай аймақтар бағындырылды?
Шыңғыс хан таңғұттар мемлекетін, кейін Тұрфан княздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырды.
1211–1215 жылдары қай мемлекетке басып кірді және қандай соғыс техникасын қолға түсірді?
Қытай жеріне басып кіріп, тас ататын, қамал дуалын құлататын және өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсірді.
Жетісуға қашан енді?
1218 жыл
Отырарды қашан қоршауға алды?
1219 жыл
Сыр бойындағы қалалар қашан толықтай моңғолдарға өтті?
1219–1220 жылдар

III. Жаңа тақырып: Ақ Орда

Жоспар

  1. 1 Ақ Орданың құрылуы және жер аумағы.
  2. 2 Ақ Орданың ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
  3. 3 Ақ Орда тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен салыстыру.

Талқылау сұрағы

«Ақорда» атауы сендерге таныс па? Бұл — Астанадағы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Негізгі ой

Қазақ жерінде Моңғол империясы ыдырағаннан кейін жергілікті этникалық топтар негізінде жаңа мемлекеттер қалыптасты. Солардың бірі — Қазақстан аумағында моңғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекеттердің қатарындағы Ақ Орда.

Қазіргі Қазақстанмен байланыс

Осы тарихи сабақтастыққа сай, елордадағы Президент резиденциясының «Ақорда» деп аталуы — мемлекеттілік дәстүрінің терең тамырын, тарихи жадының маңызын айқындайтын символдық атау.