Математика халық есептерінде

«Білімділер» зияткерлік сайысы (7–8 сынып)

Бұл зияткерлік сайыс 7–8 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Іс-шараның басты бағыты — математикалық ойлауды дамытып, оқуға ынтаны арттыру және алдағы бақылаулар мен сынақтарға алдын ала дайындау.

Мақсаты

  • Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және ой ұшқырлығын дамыту.
  • Оқуға ынтасын арттырып, математика пәніне қызығушылығын күшейту.
  • Алдағы сынақтарға алдын ала дайындық жасау.
  • Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Көрнекілігі

Материал

Презентация.

Орта

Безендірілген зал.

Ұран: «Арифметика — математиканың, ал математика — ғылымдардың патшасы» (К. Ф. Гаусс).

Жүргізушілердің құттықтау сөзі

І жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойым тұспалды. Сіз оқытқан оқушылардың сәті келді сыналмақ.

Қайырлы күн, білім сүйер қауым! «Эрудит» зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі іс-шарамыздың ұраны ретінде Гаусстың нақыл сөзін алып, сайысымызды бастайық.

ІІ жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, оқушылар — нақты ғылымға құштар қауым! Естігенін есте сақтап, оқығанын көңілге тоқитын талапты жандар!

Бүгінгі математикалық іс-шара 7–8 сынып оқушылары арасында өтеді. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Ортаға І топ: ???, ІІ топ: ??? сайыскерлерін шақырамыз.

Әділқазылар алқасы

Сайыскерлердің білімін бағалап, әділ төрелік айтатын әділқазылар алқасымен таныстырамыз. (Әділқазылар құрамы енгізіледі.)

Сайыстың өтілу тәртібі

«Шын жүйрік шабысынан танылады, нақты білім — терең оймен сыналады». Ендеше сайыс кезеңдері төмендегідей:

  1. 1 Таныстыру сәті
  2. 2 Бәйге
  3. 3 Ғажайып алаң (ұяшық таңдау)
  4. 4 Кім тапқыр?
  5. 5 Математика мақал-мәтелде
  6. 6 Математика жұмбақта
  7. 7 Математика халық есептерінде
  8. 8 Қорытынды

Таныстыру сәті

І топ: ???

Ұран

Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ топ: ???

Ұран

Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз — жеңістерге бастаймыз.

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз, арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойға оралымды қиын сұрақ та, әзіл есеп те — бәрі бар.

ІІ кезең: «Бәйге»

Ережесі

Бағалау: әр дұрыс жауап — 1 ұпай

Бұл кезеңде сұрақтар оқылады. Жауабын білген топ қол көтеріп жауап береді.

Сұрақтар

  • 1) Қандай санның кез келген дәрежесі сол санның өзіне тең?

    Жауабы: 1

  • 2) 2 мен 3-тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығады?

    Жауабы: үтір

  • 3) Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

    Жауабы: 5 бұрыш

  • 4) Қатар тұрған 3 санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Бұл қандай сандар?

    Жауабы: 1, 2, 3

  • 5) Санның жүзден бір бөлігі қалай аталады?

    Жауабы: пайыз

  • 6) Жанұяда 2 ұл бар. Әр ұлдың 2 әпкесі және 1 әкесі бар. Әр қыздың 1 анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам?

    Жауабы: 6 адам (2 ұл, 2 қыз, 1 әке, 1 ана)

  • 7) Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым-математик кім?

    Жауабы: Әл-Фараби

  • 8) Геометрияның негізін қалаған математик кім?

    Жауабы: Евклид

  • 9) Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсіндіруге болады?

    Жауабы: 1 сағат 20 минут = 80 минут

  • 10) Әріпті өрнектің алдындағы сандық көбейткіш қалай аталады?

    Жауабы: коэффициент

  • 11) Айқасқан екі таяқ тұр, «жоқты сұрап» — бұл не?

    Жауабы: x

  • 12) «Күшіне сенген бір мықты, жығып алып сегізді, барайын қайда дегізді?» — бұл не?

    Жауабы: шексіздік

  • 13) 25 пайызды жай бөлшекпен және ондық бөлшекпен қалай жазамыз?

    Жауабы: 1/4 және 0,25