Сабақтың әдістері
Сабақ тақырыбы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі мен ауданы.
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық.
Жалпы мақсаттар
1) Білімдік мақсат
Тік төртбұрыштың ауданы туралы түсінік қалыптастыру және оның мәнді белгілерін анықтау. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару дағдысын жетілдіру. Үш амалдан тұратын өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу ретін сақтап есептеу. Тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыруға машықтандыру.
2) Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды саналылыққа, зеректікке және достыққа тәрбиелеу, экономикалық тәрбие беру. Білімге қызығушылығын арттыру, жылдамдыққа, тапқырлыққа және дәлдікке баулу.
3) Дамытушылық мақсат
Оқушының логикалық ойлауын, есептеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтерін қолдана отырып, жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдістері
- Сөзжұмбақ
- Сұрақ-жауап
- Ойын
- Түртіп алу
- «Ой топтау» стратегиясы
- Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі.
Көрнекіліктер
Материалдар
- Кеспе қағаздар
- Кесте
- Кескіндер қимасы
- Үлестірмелі қима қағаз
Құралдар
- «Салауаттылық – саулық негізі» бүктемесі
- Диаграмма сызбасы
Топқа бөлу
Пазл құрастыру арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
Ынтымақтастық атмосферасы
Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игі тілектерін айтады:
- Мен бәріңе денсаулық тілеймін!
- Мен бәріңе қуаныш тілеймін!
- Мен бәріңе мейірім тілеймін!
- Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
- Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!
- және т.б.
Үй тапсырмасын сұрау және қызығушылықты ояту
А) Бөлуді қалдықпен орындау
Ә) Өткен сабақты қайталау тапсырмалары
- 1. Тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен тап.
- 2. Шаршының периметрін алдымен қосу амалы арқылы, содан соң көбейту амалы арқылы тап.
- 3. Амалдардың орындалу ретін сақтай отырып есепте: 600 : 6 + 9 · 10.
Әр тапсырмадан кейін қысқаша қорытынды жасатылады.
Негізгі идея
Периметр мен ауданды табу, амалдардың орындалу ретін сақтау, нәтижелерді салыстыру және шешімнің бірнеше жолын ұсыну арқылы оқушының математикалық сауаттылығын жүйелі түрде дамыту.