Күлпашты сипаттау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Ана тілі

Тақырып

«Күлпаш» — Бейімбет Майлин

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілік

Слайдтар, тест тапсырмалары, суреттер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Бейімбет Майлин туралы мәлімет беру.
  • Ел басынан өткен ауыр кезеңдерге түсінік беріп, оны бүгінгі өмірмен байланыстыра баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Сөздік қорын байыту.
  • Ауызша баяндау дағдысын қалыптастыру.
  • Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Ізденімпаздыққа баулу.
  • Елін, жерін сүюге бағыттау.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, ынтасын ояту, психологиялық дайындық.

Психологиялық дайындық (өлең)

Күлімдеп күн бүгін, Қарады маған да. Күлімдеп күн бүгін, Қарады саған да. Күлімдеп күн бүгін, Қарады баршаға.

Үй тапсырмасын тексеру

  • 1) Мазмұндау
  • 2) Сахналық көрініс
  • 3) Тест

2) Жаңа сабақ

Автор туралы мәлімет

  • Бейімбет Майлин Қостанай облысы, Тобыл ауданында дүниеге келген.
  • Ауыл мектебінде сауат ашқан.
  • Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алған.

Көрнекілік: медресе суреті, кітаптары, слайдтар.

Өлең жолдары арқылы идеяны ашу

Жырлағаным — кедейдің жыры, Сырлағаным — кедейдің сыры. Сырым да бір, жырым да бір — Мен дағы сол кедейдің бірі.

Сұрақ

«Кедей» деген сөзді қалай түсінесің?

Тарихи контекст: ауыр жылдардың салдары

Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастыру барысында халықтың күнкөрісінің негізгі көзі болған мал зорлықпен жиналып, қоғамдық-мемлекеттік меншікке айналдырылды. Қалған азын-аулақ мал да ет, май, астық жоспарларын орындау үшін қайта тартып алынды. Нәтижесінде мал шаруашылығына сүйенген ауыл жұрты төрт түлік малдан айырылып, аштыққа ұшырады. Колхоздан да, жергілікті биліктен де нақты көмек ала алмаған ел 1921–1922 және 1931–1933 жылдары аса ауыр нәубетті бастан кешірді.

Деректерде кей мәліметтер бойынша 4 млн 100 мың қазақ қаза тапқаны айтылады.

3) Мәтінмен жұмыс: «Күлпаш»

Жоспар бойынша талдау

  • Күлпаштың баласы Қалидың, күйеуі Мақтымның және үй-тұрмысының көрінісін сипаттау.
  • Күлпаш пен Қалидың әңгімесі.
  • Мақтымның бос оралуы.

Мәнерлеп оқу

Мәтінді екі бөлімге бөліп, екі оқушыға мәнерлеп оқыту.

Дәптермен жұмыс

Негізгі ойды қысқаша жазу, жоспар құру, маңызды сөздерді белгілеу.

Сөздік жұмысы

Өрім-өрім
Тозған, жыртылған.
Бөкебай
Басқа жамылатын шәлі.
Ызғырық
Суық жел.
Өлмей кедей
Өте кедей, тұрмысы тым нашар.

4) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.

Сабақты қорытындылау

Тақырып бойынша негізгі ойды жинақтап, мәтіндегі оқиға мен тарихи кезеңнің байланысын түсіндіру.

Қорытынды сұрақтар

  1. Ел басынан өткен, не Күлпаштың басынан өткен оқиға қай кезеңде болған?
  2. Күлпашты сипатта.
  3. Күлпаштың үйін сипатта.
  4. Қали мен Күлпаш Мақтымның келуін неге күтеді?
  5. «Бәрі де “шықпа жаным, шықпа” деп отырған секілді» дегенді қалай түсінесің?
  6. Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
  7. Егер бұл жағдай бүгін болса, Күлпаш пен Қалиға қалай көмектесер едің?

Суретпен жұмыс

  • Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?
  • Мәтіндегі ерекшеленген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Қорытынды

Оқушылардың жауаптары негізінде идеяны бекіту, тарихи жады мен адамгершілік құндылықтарды ұғындыру.

Бағалау

Сабақтағы белсенділік, мазмұндау сапасы, мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап беру деңгейі бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

«Күлпаш» мәтіні бойынша жоспар құру және кейіпкерлердің (Күлпаш, Қали, Мақтым) бейнесін қысқаша сипаттап жазу.