Райымбектің бастауы
Сабақтың барысы
Бұл сабақта оқушылар «Өнегелі өмір» тарауы аясында батыр ұғымын тереңдетіп, Жолдасбай Тұрлыбаевтың «Райымбектің бастауы» мәтінімен жұмыс істейді. Негізгі назар — мәтінді түсініп оқу, дәлелмен сөйлеу, сондай-ақ батыр тұлғасының рухани-тарихи қырын тану.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, оқу мақсатын қысқаша айқындау, оқушылардың жұмысқа дайындығын тексеру.
II. Өткен материалды қайталау
1) Тарау атауы
Оқушылар «Біздің өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?» деген сұраққа жауап береді: «Өнегелі өмір».
2) Неліктен «Өнегелі өмір»?
Оқушылар өз ойларын айтып, тараудың батырлар туралы әңгімелерден басталатынын дәлелдейді.
3) Ой қозғау: «Батыр» деген кім?
- ержүрек
- қайсар
- батыл
- тапқыр
- тез шешім қабылдайды
4) Батырлар ерлігін ұрпаққа кім жеткізген?
Бұқар жырау — жақсыны мадақтап, елге рух берген тұлға ретінде талқыланады.
5) Сөзжұмбақ: «Дулыға»
Сұрақ: «Батырлардың басын қосып, халық мүддесін қорғап, елдің басын біріктірген кім?» Жауап: Абылай
Сұрақ: «Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі батырларды ата». Жауап: Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай
III. Жаңа тақырып: «Райымбектің бастауы»
Тірек ұғым: «Райымбектің бастауы» — бұлақ, су көзі деген мағынаны білдіреді.
Ой қозғау
Оқушылар тақырыпқа қарап, мәтіннің не туралы болуы мүмкін екенін болжайды және өз пікірлерін ортаға салады.
Райымбек батырдың аты бүгін де ел жадында. Алматыдан басталып, Кеген ауылын қақ жарып өтетін қасқа жол Райымбек даңғылы деп аталады. Райымбек — даңқты батыр ғана емес, ел ішінде әулие атанған тұлға.
Ол жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастап, жауына ойсырата соққы берген, елінің тәуелсіздігі үшін күрескен. 17 жасында-ақ елге танылып, сұңғақ бойлы, ойы ұшқыр, мінезі өткір, қандай дауыл соқса да қабағын шытпайтын шыдамдылығымен ерекшеленген. 15 жасында ат құлағында ойнаған, 16 жасында «Орда бұзар» атанған деген дерек айтылады. Қалмақ ханы Кереннің басын жаңқадай қағып түсіргеннен кейін «Райымбек! Райымбек!» деген ұран ел арасына кең тараған.
Ел аузында оның әулиелігін айғақтайтын аңыз да бар: бір ауыр шайқас кезінде Іле өзені қақ жарылып, Райымбекке жол берген деседі. Өмірінің соңында: «Мені өлген соң ақ түйеге артып, түйені еркіне жіберіңдер. Түйе қай жерге шөксе, сол жерге жерлеңдер. Ол болашақта тоғыз жолдың торабы болады», — деген өсиет қалдырған. Түйе шөккен жер — қазіргі Райымбек ата атымен аталатын көше маңы екені айтылады.
IV. Оқулықпен жұмыс: мәтінді талдау
Мәтін бөліктерге бөлініп оқылады. Оқу барысында мұғалім сұрақтар арқылы мазмұнын ашып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
- 1) «Шөп неге жасыл?» — демек, ол жерде су көзі бар.
- 2) Суретке сәйкес келетін жерді мәтіннен тауып оқу.
- 3) Қуанған сәттегі көңіл күйді білдіретін тұсты тауып оқу.
- 4) Оқиға қай жерде болды? Мақсаты қандай?
- 5) Суды батыр тапты ма, әлде аты тапты ма?
- 6) Неліктен батыр өзі бармады? Оқушылар өз ойларын дәлелдеп айтады.
Талдау барысында Райымбек, оның аты Көкойнақ және сүңгі әрекеттерінің өзара байланысы түсіндіріледі.
| Райымбек | Аты | Сүңгі |
|---|---|---|
| Батыр | жүрді | сұқты |
| Тапқыр | шалдырды | шаншыды |
| Шыдамды | аяңдады | түйгіштей сұққылады |
Нәтиже: қуанды, суға қанды, аман қалды.
V. Қорытындылау: шығармашылық жұмыс
Оқушылар мәтін мазмұнына сүйеніп, көркем ойды өлең жолдарымен жинақтайды.
Атты жетекке алады,
Батыр көзін қадады.
Көріп жасыл желекті,
Ат осқырына қалады.
Қолға алып найзаны,
Судың барын байқады.
Сүңгіні алып қадады,
Бастау болып қалады.
«Сен білесің бе?» Жылқы туралы таным
- 1) Жылқы киелі саналған: басынан ұрмайды, «киесі ұрады» деп ұққан.
- 2) «Жылқыда өт жоқ» деген түсінік бар; сүті мен еті ерекше, шипалы деп бағаланған.
- 3) Жылқыны басқа адамға сатқанда, ноқтасын қоса бермеген: «кие өзге адамға көшіп кетеді» деп сенген.
- 4) Тұқымы үзілмеген жылқыны сатқанда сілекейін алып қалу дәстүрі болған: «киесі үйімде қалсын» деген ниет.
- 5) Жылқының жалының астына сәбидің кіндігін, сүндеттелген ұлдың етін байлау салты айтылған: өр мінезді, елжанды азамат өссін деген сенім.
VI. Бекіту
Сұрақ-жауап, дәлелдеу және қорытынды пікір айту арқылы мәтін мазмұны бекітіледі.
Үй тапсырмасы
145–146-беттер.
Бағалау
Оқушының тыңдау мәдениеті, мәтінді түсінуі, пікір айтуы және шығармашылық жұмысы ескеріледі.