Ұйғыр халқының мақалдары
22 қыркүйек — Тілдер мерекесіне арналған тілдер фестивалінің бағдарламасы
Бұл фестивальдің мақсаты — көпұлтты Қазақстандағы бірлік пен татулықты дәріптеу, әр тілдің қадірін арттыру және ана тілге деген құрметті күшейту.
Жүргізуші 1
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 22 қыркүйек — Тілдер мерекесіне арналған «Тілі басқа — тілегі бір. Жүзі басқа — жүрегі бір» атты тілдер фестивалін ашуға рұқсат етіңіздер! Мереке құтты болсын!
Жүргізуші 2
Сегодня праздник у нас — этот праздник празднуем десятый раз. Светится радость у всех на глазах: здесь русский, турок, уйгур и казах. Дорогие ребята и гости!
Чтобы счастье и удача не покидали вас и наш общий дом, разрешите провести небольшой обряд «Шашу».
Дәстүр: «Шашу»
(Сахнаға әже болып киінген Өскенбаева С. Ә. шығып, құттықтап шашу шашады.)
Қашанда береке, бірлік болсын деп,
Тойларда шашу шашу — салты елімнің.
Шашу, шашу, уа, халайық, теріп ал —
Қабыл болсын, достар, ақ тіледім!
Тәуелсіз елге тағзым
Жүргізуші 1
Ен даланың егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан —
Менің елім, туған жерім,
Тәуелсіз Қазақстан!
Жүргізуші 2
Посмотри — озарён, осиян
Встал, одетый в лучи, Казахстан!
От Тянь-Шаня его простор
До уральских яшмовых гор.
У казахов своя страна,
Свои земли на все времена.
У казахов цветёт свой флаг,
У казахов сияет свой герб!
У казахов журчит, как родник,
Свой живой и свободный язык!
Музыкалық номер
Ш. Қалдаяқовтың әні: «Менің Қазақстаным!»
Орындайтын: мектебіміздің әншілер тобы. (Әдеби-монтаж.)
Әдеби монтаж: тілдің құдіреті
1-оқушы
Любой язык по-своему велик —
Бесценное наследство вековое.
Так берегите свой родной язык,
Как самое на свете дорогое.
2-оқушы — Н. Айтов «Ана тілім»
Ана тілім, сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем!
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсіз менің қасіретім, шаттығым,
Сенсіз менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім — алтын ұям, құндығым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің, айтарың —
Санам сөнгенше, байланғанша тіл-жаным.
3-оқушы — В. Шефнер
Словом можно предать, и продать, и купить.
Слово можно в разящий свинец перелить.
Но слова всем словам в языке у нас есть:
Родина, Верность, Свобода и Честь.
Когда радость — как буря, иль горе — как ночь,
Только эти слова могут тебе помочь.
4-оқушы — М. Мақатаев «Бақытым»
Ал екінші бақытым — тілім менің.
Тас жүректі тіліммен — тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
5-оқушы — М. Шаханов «Төрт ана»
Әр адамда өз анасынан басқа,
Демеп тұрар, жебеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
- Туған тілі — түп қазығы, айбыны
- Туған дәстүр — салт-санасы, тірегі
- Туған тарихы — қадамына шуақ шашар үнемі
Еске алуға қаншама ауыр әрі қасіретті болса да...
Төрт анаға жағдай жасай алмаған пенделердің басы қайда қалмаған.
Төрт анасын қорғамаған халықтың бақ жұлдызы ешқашан да жанбаған.
Бұл төрт ана — ұлыстардың ұлысы,
Төрт ана үшін болған күрес — күрестердің ұлысы!
Тіл — елдің тұғыры
Ана тілім — бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің — анаң сыйлап өтіндер!
— Т. Әбдірахманова
Келесі кезекте 8 «А» сынып оқушысы Рытова Снежананың орындауындағы «Қазақ қызы» әні.
Тілдер достығы: білім мен бірлік
Жүргізуші 2
В нашей республике Казахстан люди говорят более чем на 100 языках. Знание языка сближает народы нашей республики и укрепляет дружбу. Язык прочно связан с человеком: благодаря языку у нас появляются друзья в дальних странах и даже в отдалённых временах. Каждый человеческий язык — как огромный магазин: в нём для каждого что-нибудь найдётся.
Сейчас объявляется конкурс на лучшее знание пословиц и поговорок народов Казахстана.
I. Қазақша мақал-мәтелдер
- Тіл қаруы — сөз, сөз қаруы — ой.
- Сөздің көркі — мақал, атасы — ақыл, анасы — тіл.
- Сөйлесе білген — үйлесе біледі.
- Білім кілті — тіл.
II. Орыс халқының мақал-мәтелдері
- Не бойся врага, бойся глупого друга. Семь раз отмерь — один раз отрежь.
- Новых друзей наживай, а старых не теряй. Птица сильна крыльями, а человек — дружбой. Крепкую дружбу и водой не разольёшь.
- Земля освещается солнцем, а человек — знанием.
III–IV. Түрік және ұйғыр мақалдары
Бұл бөлімде түрік және ұйғыр халықтарының мақал-мәтелдері айтылады. (Ұйымдастырушылар таңдауы бойынша.)
Жұмбақтар сайысы
Жүргізуші 1
«Өнер алды — қызыл тіл» демекші, енді жұмбаққа кезек береміз. Шешуін орысша, қазақша, ағылшынша немесе өз ана тіліңде айт.
Везёт, а не лошадь; летит, а не птица; жужжит, а не пчела.
Жауабы: самолёт (ұшақ)
Қатар-қатар тас қойдым, жирен атты бос қойдым.
Жауабы: тіл мен тіс
Без рук, без ног, а дорогу всегда найдёт.
Жауабы: хат (письмо)
Тілі бар, үні жоқ — өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да қаны жоқ — сөйлеп тұрар ішінен.
Жауабы: кітап
Теңіздей түбі терең, сүңгіген жетер әрең.
Жауабы: білім
Екі жеңдей құлағы, елең қағып тұрады.
Жауабы: қоян
Қорытынды және концерттік бағдарлама
Жүргізуші 1
Әнші, биші, ақынбыз — елмен тапқан жарасым.
Думандатып жатырмыз достық фестивалін.
Мереке мерекеге ұлассын! Бірлік, ынтымақ, достық жасасын, құрметті халайық! Біздің күшіміз — бірлікте!
Жүргізуші 2
Заканчивается наш праздник. Пусть будет дружба и согласие на земле!
Сөз кезегі
Ең бірінші бақытым — халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса — мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің!
Осы сөздермен құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директорының орынбасары Жексенбайқызы Орынбасарға береміз.
«Өнерге қанат қаққандар» — концерттік бағдарлама
- «Қазақстан — елім менің»
- Түрік биі
- Ұйғыр биі
- Өзбек биі