Көп сөз

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Сын есім

Түрі мен типі

  • Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
  • Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, түсіндіру, шығармашылық тапсырмалар, өзіндік жұмыс, сызба-нұсқалармен жұмыс.

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Сын есім туралы түсінік беру.
  2. 2 Ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, есте сақтау, сөздік қор және сауаттылықты жетілдіру.
  3. 3 Ана тілінің заңдылықтарын құрметтеуге, әсемдік пен адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы оқу атмосферасын қалыптастыру.

II. Психологиялық дайындық

Көңіл күйді көтеру, ортақ жұмысқа жұмылдыру (мектеп маршы).

III. Үй тапсырмасын тексеру (қайталау)

Өткен тақырыптарды еске түсіру үшін өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
  • Жалпы есім мен жалқы есім анықтамалары.
  • Зат есімнің жасалу жолдары.
  • Деректі және дерексіз зат есімдер.

IV. Жаңа сабақ: сын есім

Заттардың алуан түрлі белгілері болады. Сол белгілерге назар аудара отырып, бүгін біз жаңа сөз табымен танысамыз — сын есім.

Сөзжұмбақ (ой қозғау)

Төмендегі мақал-мәтел үзінділеріндегі бос орынға лайық сөзді табыңдар:

  1. 1) Көп сөз — күміс.
  2. 2) Аз сөз — алтын.
  3. 3) Өнерлі өрге жүрер.
  4. 4) Кең киім тозбайды.
  5. 5) Жемісті ағаш жерге иіліп тәжім етеді.
  6. 6) Жетелі жігіт елге иіліп тәжім етеді.
  7. 7) Жаман жолдас жолда қалдырар.

Сын есімнің белгілері

  • Көлемі

    үлкен, кіші, аласа

  • Түсі

    ақ, сары, көк

  • Көрінісі

    сұлу, жіңішке

  • Салмағы

    ауыр, жеңіл

  • Сапасы

    қатты, жақсы, мықты

Анықтамасы және сұрақтары

Сын есім — заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіретін сөз табы. Қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысал (көркем мәтіннен)

Мұқағали Мақатаевтың «Сап-сары жапырақтар» өлеңінен үзінді:

Сап-сары жапырақтар жоғалуда,

Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың.

Жасыл бақ тоналуда, тоналуда…

Тапсырмалар

1) Бір сөзбен ата

Берілген сипаттаманы бір сөзбен (немесе мағынасы жақын сөзбен) атаңдар.

Сөзге шешен адам
шешен, тапқыр
Айтқанға сене салатын адам
аңқау, сенгіш, ашықауыз
Жан аямай жұмыс істейтін адам
еңбекқор, еңбек сүйгіш
Бойы ұзын адам
бойшаң, ұзын
Көрінгенге соқтыға беретін адам
сотқар, тентек, бұзық

2) Жазылым

«Менің парталасымның портреті» тақырыбында шағын эссе жазыңдар. Мүмкіндігінше сын есімдерді көп қолданыңдар.

Кеңес:

  • Сырт келбеті (бойы, шашы, көзі)
  • Мінезі (ашық, сабырлы, еңбекқор)
  • Оқу дағдысы (ұқыпты, зерек)

3) Жылдам жауап (акростих)

Берілген сөздердің әр әрпіне сәйкес сын есімдер жазып толтырыңдар. Тігінен оқығанда алғашқы сөз шықсын.

АСҚАҚ

А
С
Қ
А
Қ

ТӘТТІ

Т
Ә
Т
Т
І

4) Оқулықпен жұмыс (шығармашылық тапсырма)

Абайдың жыл мезгілдеріне арналған «Күз» және «Қыс» өлеңдерінен сын есімдерді теріп жазыңдар.

«Күз» өлеңінен

сұр, суық, дымқыл

«Қыс» өлеңінен

ақ, денелі, соқыр, мылқау, суық

5) Ой толғау

«Әже деген кім? Ол қандай болады?» тақырыбында қысқа ой толғау жазыңдар. Сын есімдерді орынды қолданыңдар.

6) «Мақал қуаласпақ» (топтық жұмыс)

  • I топ: мақал-мәтелді бастайды.
  • II топ: жалғастырады.
  • III топ: мақал ішінен сын есімді табады.

Сабақты бекіту: «Өзімді-өзім сынаймын»

  1. 1) Сын есім нені білдіреді?

    • A) Заттың санын білдіреді
    • B) Заттың сапасын білдіреді
    • C) Заттың атын білдіреді
  2. 2) Сын есімнің сұрақтары:

    • A) Не істеді?
    • B) Қандай? Қай?
    • C) Қанша? Неше?
  3. 3) Сын есімді тап:

    • A) Кеше
    • B) Он сегіз
    • C) Сары
  4. 4) Жұмбақты шешіп, сын есімді тап:

    Үлкен үй, үлкен үйдің ішінде кіші үй, кіші үйдің ішінде балуан би. (ауыз, тіл, тіс)

    Бұл жұмбақтағы сын есімдер: үлкен, кіші.

  5. 5) Қарсы мәндес сын есімдерді жаз:

    Аласа, асау, қымбат.

  6. 6) Мағынасы жуық сөздерді тап:

    Әдемі, батыр, зәулім.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

«Тәуелсіздік — мақтанышым» тақырыбында шығарма жазу.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және шығармашылық жұмыстары бойынша бағаланады.