Бесік жырын айту жарысы
Аналар мерекесі: мерекелік іс-шара сценарийі
Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Бұл дәстүр бүгін де өз жалғасын табуда. Ұрпақ өсіріп, отбасының берекесін кіргізіп отырған аналарға қалайша риза болмасқа!
Мұғалімнің құттықтау сөзі
Құрметті аналар, мектептің ұстаздары мен қыздары! 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз. Бүгін аналар мен балалардың өнерін танытатын «Менің анам – алтын» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз.
Жүргізушінің ашылу сөзі
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар — аналардан туған небір даналар. Ана — тіршіліктің тірегі. Армысыздар, қасиетті аналар!
Бейнеме де қарайды, жейдеме де қарайды.
Әуелден-ақ ақылшым — анам менің жарайды.
(Музыка: «Менің анам – алтын».)
Қатысушылар мен қазылар алқасы
Сайыскерлер
- 1-сынып оқушысы
- 2-сынып оқушысы
- 3-сынып оқушысы
- 4-сынып оқушысы
Бағалау тәртібі
Әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысамыз. Сайыста берілетін ең жоғары ұпай — 10, ең төменгі ұпай — 6.
Ескерту
Әр кезеңнен кейін қазылар ұпайларды жариялап отырады.
Кеш бағдарламасы
Даланың кең тынысындай көңілді кешіміздің бағдарламасы төмендегідей:
-
1
Таныстыру
Қатысушылар өздерін және отбасылық құндылықтарын таныстырады.
-
2
Ас – адамның арқауы
Дәм әзірлеу, ұсыну мәдениеті, шағын тапсырмалар.
-
3
Сіз білесіз бе?
Сұрақ-жауап кезеңі.
-
4
Мәнерлеп оқу жарысы
Өлең немесе үзінді көркем оқылады.
-
5
Көрініс
Ана мен балаға арналған сахналық қойылым.
-
6
Бесік жырын айту жарысы
Ән айту және орындау мәнері бағаланады.
-
7
Қолөнер жарысы
Шығармашылық бұйым, таныстыру және сапасы.
-
8
Өнерліге өріс кең
Ән, би, күй, көркем өнер бағыты.
-
9
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Тапқырлық пен тіл шеберлігі сыналады.
-
10
Ана туралы ой-толғаныс
Жүректен шыққан сөз, эссе немесе шағын толғаныс.
Кезеңдер барысы: жүргізуші мәтіндері
1-кезең: Таныстыру
Ана мен баланың арасы — ана ән, бала оның қайырмасы.
Бір жүрсін еркелеген еліктердей,
Тәңірім, осыларды айырмашы.
Бағалар жарияланады.
2-кезең: Ас – адамның арқауы
Бармағынан бал тамған, татып көріп тамсанған — келесі сайысымыз тағам дайындау мен ұсыну шеберлігіне арналады.
Бағалар жарияланады.
3-кезең: «Сіз білесіз бе?» (сұрақ-жауап)
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бұл кезеңде білім мен байқампаздық сыналады.
Бағалар жарияланады.
4-кезең: Мәнерлеп оқу
Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер сынға түсер өлеңімен.
Не болса да айтады жүрегімен —
Өлең нағыз өнер деп білемін мен.
Бағалар жарияланады.
Құттықтау және өнер көрсету
Құтты болсын, ардақты анам, асыл анам, мерекең!
Құтты болсын теңдік алған қуанышты мерекең!
Ортаға даярлық тобын шақырайық.
Аяладың, мәпеледің жасымнан,
Мен де табылар едім қасыңнан.
Қуаныш қып менің өскен басымнан, —
ендігі кезекті ана мен балаға арналған көрініске берейік.
Музыкалық үзіліс. (6-сынып оқушысы.)
5-кезең: Көрініс
Кешіміз салтанатты жағдайда өтуде. Көрермендер, аналардың бүгінгі өнеріне қошемет көрсетейік!
Бағалар жарияланады.
6-кезең: Бесік жыры
Тербеліп тал бесікте ояу бала,
Әндетіп отыр ана баяу ғана.
Айналдым дауысыңнан іңгәлаған,
Айтайын әлдиімді, тыңда, балам.
Музыкалық үзіліс. Ән орындалады.
Бағалар жарияланады.
Құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар — әнді сүйсең, менше сүй.
Ортаға 10-сынып оқушысының әнін тамашалауға шақырамыз.
7-кезең: Қолөнер жарысы
Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, бәйгені алар ма? Келесі сайысымыз — қолөнер.
Би. (7-сынып.)
Қазылар бағалары жарияланады.
8-кезең: «Өнерліге өріс кең»
«Өнерлі бала өрге жүзер» дейді халқымыз. Ендеше, өнерліні бірге тамашалайық.
Бағалар жарияланады.
9-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Бұл кезеңде тапқырлық пен тіл мәдениеті бағаланады.
Қазылар бағалары жарияланады.
10-кезең: Ана туралы ой-толғаныс
Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас су толқыса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз шер толқыса шығады.
Бағалар жарияланады.
Қорытынды бөлім
- Грузин биі
- Марапаттау рәсімі
Автор туралы мәлімет
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Х. Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы.