Тәуелсіздік ел - тілегіБілім беру саласы

Тәуелсіздік — ел тілегі

Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін күшейтіп, туған жерін қадірлеуге, елін сүюге және қорғауға тәрбиелеуге бағытталған. Мақал-мәтелдер мен тақпақтар арқылы ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры молайып, сөйлеу дағдылары дамиды.

Білім беру салалары

  • Таным
  • Қатынас
  • Шығармашылық

Білім бөлімі

Сөйлеуді дамыту

Негізгі мақсат

Тәуелсіз еліміздің болашағы — жас ұрпақ. Балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, туған жері мен елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Рәміздер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Тұлғалар

Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков (суреттер)

Бейнематериал

«Қазақ елі» бейнефильмі

Шығармашылық тапсырма

«Бәйтерек» монументін құрастыру

Сабақтың барысы

1) «Жылулық шеңбері»

Балалар шеңберге тұрып, жылы тілектер айтады. Ұйымдастырылған іс-әрекет Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталады.

2) Әңгіме: Тәуелсіздік мәні

Біз аспаны ашық, сәулелі, кең-байтақ елде өмір сүріп жатырмыз. Ол — Қазақстан Республикасы. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғанына 25 жыл болды. Өз бетімен, ешкімге бағынбай өмір сүретін ел — тәуелсіз ел.

Осы күнге жету үшін халқымыз талай қиындықты бастан өткерді. 25 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова секілді ержүрек жастар ерлік көрсетті. Солардың арқасында бүгін біз бейбіт өмір сүріп, еліміздің өркендеп-дамуына куә болып отырмыз.

Негізгі ой

Елімізді, жерімізді қадірлеу және қастерлеу — әр азаматтың парызы.

Көрініс

«Қазақ елі» бейнефильмі арқылы тәуелсіз Қазақстанның дамуын тамашалау.

3) Сұрақ-жауап: Мемлекеттік рәміздер

  • Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
  • Әнұранның сөзін жазған кім? Музыкасының авторы кім?
  • Тудың түсі қандай? Туда қандай белгілер бейнеленген?
  • Елтаңбада қандай бейнелер бар?

4) Кейіпкердің келуі: Алдар Көсе

Алдар Көсенің сөзі

«Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырма алып келдім. Егер тапсырманы орындасаңдар, сендерді Астана қаласында өтіп жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына алып барамын. Мерекеге барғыларың келе ме? Ендеше, тапсырманы орындаймыз!»

Тапсырма

«Бәйтерек» монументін құрастыру

Музыкалық сүйемелдеу

«Атамекен» әнімен мерекеге «аттану»

5) Мерекелік көрініс және жұмбақ

Мерекеге келіп жеттік. Қаламыз ерекше әсем безендірілген: түрлі жалаушалар, шарлар ілінген.

Жұмбақ

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.

6) Өнер бөлімі: тақпақ, мақал-мәтел, би

Алдар Көсенің сұрағы

«Балалар, Отан туралы қандай тақпақтар, мақал-мәтелдер білесіңдер? Кім айтады?»

Тәрбиешінің жауабы

«Біздің балаларымыз өнерлі. Олар би де билей алады.»

Би

«Көк тудың желбірегені»

Алдар Көсенің қорытынды сөзі

«Балалар, сендер қандай өнерлісіңдер! Билерің маған қатты ұнады. Рахмет!»

Балалар Алдар Көсемен қоштасады. «Атамекен» әнімен балабақшаға қайтады.

Қорытынды сұрақтар

  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғанына қанша жыл болды?
  • Бізге қонаққа кім келді?
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

Құжаттандыру

Бекітемін

________________

«Ақбота» балабақшасының әдіскері: Р. Дуймбаева

Автор

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Жағалбаева Нұрсұлу Саматовна