Қазақ тілінде неше сөз табы бар, оларды ата

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы

Еңбек негізгі мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жайлханова Ақнұр Жантуреновна

5-сынып 7-сынып 8-сынып Қазақ тілі Қазақ әдебиеті

«Тіл талапкері» сыныптан тыс жұмыс

Мақсаты

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, ана тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға үлес қосатын азаматтық ұстанымды бекіту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойлап, жүйелі әрі шапшаң жауап беруге үйрету.

Жүргізуші сөзі

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тіл талапкері» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Тіл – аса маңызды құрал. «Тілін білмеген – түбін білмейді». Тіл болмаса, адам өз ойын өзге біреуге жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі – бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – әр азаматтың парызы.

«Тілін білмеген, түбін білмейді…» (Ғабит Мүсірепов)

Қатысушылар мен құрылым

Бүгінгі «Тіл талапкері» интеллектуалдық шоуына қатысушыларды ортаға шақырамыз. Қошемет етіңіздер!

Топтар

  • Ұлан тобы
  • Қыран тобы

(Қатысушылар өздерін таныстырады. Әділқазылар алқасымен таныстыру жүргізіледі.)

Сайыс кезеңдері

I тур

Таныстыру

II тур

Бәйге

III тур

Мақал-мәтелдер сайысы

IV тур

Дода

V тур

Көкпар

VI тур

Жорға

II тур: «Бәйге» (тест)

Өту тәртібі

  • Әр қатысушыға ақ парақ таратылады.
  • Тест сұрақтары оқылады, дұрыс деп есептеген жауап параққа жазылады.
  • Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Қыран тобына сұрақтар

5 сұрақ
  1. Тұрмыс-салт жырларын ата.

    A) Жар-жар B) Беташар C) Бата-тілек D) Барлығы дұрыс

  2. Жатыс септігінің жалғауларын ата.

    A) -да, -де, -та, -те, -нда, -нде B) -ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е C) -ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н D) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

  3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

    A) 5 B) 9 C) 2 D) 8

  4. «Ақ киімді денелі, ақ сақалды…» өлең жолдарының авторы кім?

    A) Әбу Сәрсенбаев B) Абай Құнанбайұлы C) Мағжан Жұмабаев D) Ахмет Байтұрсынұлы

  5. Сан есімнің неше мағыналық тобы бар?

    A) 5 B) 9 C) 2 D) 6

Ұлан тобына сұрақтар

5 сұрақ
  1. Берілген өлең жолдары тұрмыс-салт жырларының қай жанрына жатады?

    A) Сыңсу B) Көңіл айту C) Жоқтау D) Шешендік сөз

  2. Асан қайғы бабамыз қай ғасырда өмір сүрген?

    A) XV B) XIII C) XVIII D) XVII

  3. «Өкпесі қара қазандай» тұрақты тіркесінің мағынасы қандай?

    A) Ренжімеу B) Реніші таудай C) Реніші жоқ D) Ренішін айтпау

  4. «Төрт» қандай буынды сөз?

    A) Бітеу B) Тұйық C) Ашық D) Жалаң

  5. Белгісіздік есімдігі қайсысы?

    A) мен, сен, сіз, ол B) бұл, осы, сонау, мынау C) ешкім, ешқайда, ешбіреу D) біреу, бірдеме, қайсыбір, әлдекім

Әділқазылар алқасы I тур бойынша бағаларын хабарлайды.

III тур: Мақал-мәтелдер сайысы

Ереже

  • Ойыншылар кезекпен тіл туралы мақал-мәтел айтады.
  • Кім тоқтап қалса, кезек келесі ойыншыға өтеді.
  • Әр жауап үшін 5 ұпай беріледі.

IV тур: «Дода» (ұяшық таңдау)

Өту тәртібі

Бұл турда 10, 20, 30 ұпайлық ұяшықтар беріледі. Әр ұяшықта 3 сұрақтан. Сұрақтар ұпай өскен сайын күрделене түседі. Ұяшықты бірінші болып ұпайы көп жинаған топ таңдайды. Егер ойыншы жауап бере алмаса, басқа ойыншыларға жауап беруге мүмкіндік беріледі.

Қазақ тілі

10 ұпай

3 сұрақ
  1. «Анық» сөзін қандай тұрақты тіркеспен ауыстыруға болады? (Тайға таңба басқандай)
  2. Қазақ тілінде сын есімнің түрленуі деп нені атаймыз? (Сын есімнің шырайлары)
  3. Қазіргі өмір талабына қойылатын тілдер. (Қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі)

20 ұпай

3 сұрақ
  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар, оларды ата. (9: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөз)
  2. «Азуы алты қарыс» тұрақты тіркесінің мағынасы. (Қаһарлы)
  3. Сұраулық шылауларды ата. (ма, ме, ба, бе, па, пе, ше)

30 ұпай

3 сұрақ
  1. Қазақ тілінің морфология саласы нені зерттейді? (Сөз құрамын зерттейді)
  2. Қазақ тіл білімінің негізгі салаларын ата. (Фонетика, лексика, грамматика)
  3. «Көз шырымын алу» тұрақты тіркесінің мағынасы. (Ұйықтау)

Қазақ әдебиеті

10 ұпай

3 сұрақ
  1. Абайдың қара сөздері неше бөлімнен тұрады? (45)
  2. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін ата. («Тарланым», «Қызғыш құс»)
  3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы)

20 ұпай

3 сұрақ
  1. Абайдың қара сөздері неше бөлімнен тұрады? (45)
  2. «Аққудың айырылуы» поэмасының авторы кім? (Сәкен Сейфуллин)
  3. Абай Құнанбайұлы қай жылдары өмір сүрген? (1845–1904)

30 ұпай

3 сұрақ
  1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай Құнанбайұлы)
  2. Абай Құнанбайұлы қай жылдары өмір сүрген? (1845–1904)
  3. «Қызғыш құс» өлеңінің авторы кім? (Махамбет Өтемісұлы)

Осы тур қорытындыланып, ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.

V тур: «Көкпар» (сөз құрастыру)

Шарт

«Түркістан» сөзінен мүмкіндігінше көп сөз құрастыру керек. Әріптер екі рет қайталанбайды. Әр сөз үшін 1 ұпай беріледі. Ойыншылар жазған сөздерін оқиды, ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

VI тур: «Жорға» (жедел сұрақ-жауап)

Шарт

Әр топқа 15 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі ойыншы шығып, ұпайы көп ойыншы бастайды. Жауаптар кезекпен беріледі.

Ұлан тобы

15 сұрақ
  1. Бір жылда неше ай бар? (12)
  2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
  3. Көмектес септіктің жалғауларын ата. (-мен, -бен, -пен)
  4. Қазақстан Республикасының валютасы? (Теңге)
  5. Қазақстан Республикасының Ата Заңы күні? (30 тамыз)
  6. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (Домбыра)
  7. Ақмола облысының орталығы? (Көкшетау)
  8. Жалғаудың түрлері нешеу, ата. (4: көптік, септік, тәуелдік, жіктік)
  9. «Ұйқас», «жыр», «роман» терминдері қай салада қолданылады? (Әдебиет)
  10. «Кішкентай» сөзінің диалектілік нұсқасы. (Титтей)
  11. «Мұғалім» сөзінің синонимдерін ата. (Оқытушы, ұстаз)
  12. «Сілесі қату» тұрақты тіркесінің мағынасы. (Шаршау)
  13. «Жиі» сөзінің антонимі. (Сирек)
  14. Мақалды жалғастыр: «Көппен көрген…» (Ұлы той)
  15. Жазушы Мұқановтың есімі кім? (Сәбит)

Қыран тобы

15 сұрақ
  1. Алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
  2. Қазақтың батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк)
  3. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
  4. Фонетика нені зерттейді? (Дыбыс)
  5. Мақалды аяқта: «Тіл тас жарады, тас жармаса…» (Бас жарады)
  6. Қазіргі заман талабына сай үш тіл. (Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі)
  7. «Қорамсақ» қандай сөз? (Архаизм)
  8. Мақалды аяқта: «Бас кеспек болса да…» (Тіл кеспек жоқ)
  9. «Пунктуация» сөзі қандай мағына береді? (Нүкте)
  10. Дифтонг дыбыстарды ата. (я — иа, ю — иу)
  11. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
  12. «Тырық», «көтерем» диалект сөздерінің әдеби тілдегі баламасы. (Арық)
  13. Антоним дегеніміз не? (Бір-біріне қарама-қарсы сөздер)
  14. Историзм сөздерге мысал келтір. (хан, патша, болыс, уәзір)
  15. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? (Хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты)

Қорытынды

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ұстаныммен бүгінгі «Тіл талапкері» атты интеллектуалдық шоуымыз аяқталды. Жеңімпаз ойыншыларды құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңіздер. Қош сау болыңыздар!