Қыздар тобы

Іс-шара туралы

Мекеме
«Абай атындағы орта мектебі» ММ
Мұғалім
Абдулгазиева Айгүл
Тақырыбы
Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Әдісі
Ертеңгілік

Мақсаты

Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып салып, оқу мен білімге деген қызығушылығын ояту; Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулу; адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Құндылықтар

Отансүйгіштік, адамгершілік, сыйластық.

Нәтиже

Мектепке қадам басар сәтке рухани дайындық, ынта мен сенім.

Ертеңгіліктің барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Қонақтарды қарсы алу, балаларды сапқа тұрғызу, мерекелік көңіл күй қалыптастыру.

II. Кіріспе сөз

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындаған, оң мен солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Бүлдіршіндерімізге сәт сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өлең

Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

Педагог сөзі

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Салтанатты сәт

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Айналайын, балалар,
Алда мектеп — ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар.

Өнер бөлімі

Жансая

Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше —
Даярлықпен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.

Хор

«Сәлем, мектеп!»

Нұржауған

Нағыз білім — ырыс, бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа
Кірісеміз дұрыстап.

Қарақат

Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлық топпен,
Бірінші сыныпқа барамыз.

Нұргүл

Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ, қош бол енді!

Ән

«Біз өмірдің гүліміз!» (ұлдар тобы)

Би

Қыздар тобы

Айымжан

Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.

Мерей

Ән саламыз бас қоса,
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш —
Кітаптармен достаса.

Ескерту: Мәтіндегі «Толық нұсқасын жүктеу» жолы бастапқы дереккөзден алынған және бұл жарияланымда мазмұндық бөлім ретінде қолданылмады.