Азия мен Африкадағы араб елдері

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (Дүние жүзі тарихы, 9-сынып)

Бұл жоспар 9-сыныпқа арналған дүние жүзі тарихы сабағында «Азия мен Африкадағы араб елдері» тақырыбын меңгертуді көздейді.

Тақырыбы

Азия мен Африкадағы араб елдері

Мақсаты

  • Азия мен Африкадағы араб елдерінің жалпы жағдайына сипаттама беру.
  • Батыс елдерінің бұл өңірлердегі саясатын ашып көрсету.
  • Тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуын түсіндіру.
  • Араб елдеріндегі ұлт-азаттық күрестің нәтижелерін меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Азия мен Африкадағы араб елдерінің жалпы жағдайы мен араб елдеріндегі ұлт-азаттық күрестің нәтижелері туралы білімін толықтырып, тақырыпты меңгереді.

Негізгі дереккөздер мен ресурстар

  • Плакаттар
  • Маркер
  • Стикерлер
  • Интербелсенді тақта

Сабақтың құрылымы

Кіріспе бөлім

2 минут

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын «Тепе-теңдік» тренингі арқылы қалыптастырамын. Топқа бөлінуге нұсқау беремін.

Үй тапсырмасын тексеру

6 минут

Үй тапсырмасын «Күн шуағы» әдісі бойынша сұраймын.

Негізгі бөлім

25 минут

Оқулық бойынша тапсырмаларды кластер әдісі арқылы талдатамын.

Қорытынды

7 минут

Жаңа сабақты «Жалғыз аяқ жол» әдісі бойынша қорытындылаймын.

Бағалау

Формативті бағалау

3 минут
  • Бағалау парақшаларына оқушылардың нәтижеге жеткені немесе жетпегені туралы белгі соққызып/жаздырамын.
  • Ауызша мақтау және мадақтау арқылы формативті бағалаймын.

Автор туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы

Пән мұғалімі

Жоланова Лаззат Сатбаевна

Тақырып: «Азия мен Африкадағы араб елдері».