Оқушылардың сөзін буынға бөлгізу

Астана қаласы, №8 орта мектеп • Бастауыш сынып мұғалімі: Сексенбаева Сериккүл Аббасқызы • Қазақ тілі, 2-сынып

Сабақтың тақырыбы

Буын және тасымалды қайталау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Буын мен тасымал туралы 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау.
  • Дауысты дыбыстың буын құрайтыны туралы түсінікті тереңдету.
  • Буынға бөлінген сөздердің бәрі бірдей тасымалдана бермейтініне назар аударту.

Дамытушылық

  • Сөзді буынға дұрыс бөлу дағдыларын дамыту.
  • Сөзді дұрыс тасымалдау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Сауатты жазу арқылы ұқыптылыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Сабақтың әдіс-тәсілдері
Еске түсіру, өзіндік жұмыс, қорытындылау, ойын.
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу, математика.
Көрнекілік
Сөз және буын карточкалары, заттық суреттер.
Қолданылатын технология
Дәстүрлі.
Сабақтың типі
Қайталау сабағы.

Сабақ құрылымы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Психологиялық дайындық.

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    Оқылым және сұрақ-жауап.

  3. III

    Қызығушылығын ояту

    Ойын арқылы буын санын ажырату.

  4. IV

    Мағынаны тану

    Дәптер, тақта және оқулықпен жұмыс.

  5. V

    Ой толғаныс

    Қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа толық аудару.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулық: 4-бет, 3-жаттығу. Әр қатардан үш оқушыға оқыту.

Сұрақтар

  • Сөз неден құралады?
  • Сөйлем неден құралады?
  • Сөйлемнің түрлерін атаңдар, мысал келтіріңдер.

III. Қызығушылығын ояту

Балалар, біз сөздерді буынға бөлуді білеміз. Ендеше шағын ойын ойнаймыз.

Ойын: «Қимылмен көрсет»

Шарты: мұғалім сөз оқиды, оқушылар буын санына қарай қимыл жасайды.

1 буынды сөз

Қоянның қимылын салу.

2 буынды сөз

Балықтың қимылын көрсету.

3 буынды сөз

Аюдың қимылын көрсету.

Қателескен оқушы ойыннан шығып отырады.

IV. Мағынаны тану

а) Дәптермен жұмыс

  • Дәптерге бүгінгі күнді және көркем жазу жолдарын жазу.
  • Дыбыс: Әә.

    Сол дыбысқа байланысты сөз: әнші.

    Ауызша сөйлем құрау, сөзді буынға бөлу.

ә) Тақтамен жұмыс

1-жаттығу

  • Сурет бойынша оқу құралдарының аттарын атау.
  • Заттардың атын буынға бөліп жазу.
  • Дауысты дыбыстардың астын сызу.
  • Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау.

Мысалдар (буынға бөлу)

кі-тап

дәп-тер

қа-лам-сап

сыз-ғыш

ө-шір-гіш

қа-рын-даш

Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбыстар санына байланысты.

б) Оқулықпен жұмыс

2-жаттығу

  • Өлеңді іштей оқу.
  • Бірнеше оқушының дауыстап, буынға бөліп оқуы.
  • Өлеңнен бір ғана дауысты дыбыстан тұратын буынды табу.

Қорытынды: дауысты дыбыс өз алдына буын құрай алады.

3-жаттығу

  • Буындар жазылған баған мен сөздер жазылған бағанды салыстыру.
  • Буындардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрастыру.

Тақтада орындалатын үлгілер

сабақ парта тақта кітап

Болат кешке оқу құралдарын дайындап қояды.

Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып, ұшып алайық.

Тасымалдау ережелерін қайталау

  • Бір буынды сөздер тасымалданбайды.
  • Тек дауысты дыбыстан тұратын буын тасымалданбайды.
  • Дефистен кейін келесі жол дауыссыз дыбыстан басталып тасымалдануы керек.
  • Жалғыз дыбыс тасымалданбайды.

Көпбуынды сөзді тасымалдау үлгісі

Оқушылардың5 буын. Бұл сөз 3 түрлі тасымалданады, себебі жалғыз әріптен тұратын буын тасымалданбайды.

  1. Оқу-шылардың
  2. Оқушы-лардың
  3. Оқушылар-дың

в) Дәптермен жұмыс

4-жаттығу

Үш және төрт буынды сөздерді тасымалдап жазуға жаттықтыру.

Тасымалдауға болмайтын сөздер

сен бе олар өте өмір мен

Жалқаулар (3 буын)

Жал-қаулар

Жалқау-лар

Сараңдарды (4 буын)

Са-раң-дарды

Сараң-дарды

Сараңдар-ды

г) Өздік жұмыс

5-жаттығу

Оқушылар тапсырманы дәптерге өз бетімен орындайды. Қажет болса, үш қатардан бір оқушыдан тақтаға орындайды.

Үлгілер

Күнделі-гім (4 буын)

Күн-де-лі-гім

Күнде-лігім

Күнделі-гім

Қазақ тілі (2 буын)

қа-зақ

ті-лі

Дәпте-рім-ді (4 буын)

дәп-те-рім-ді

дәпте-рімді

дәптерім-ді

V. Ой толғаныс

Қорытынды

Сұрақ-жауап арқылы сабақты жинақтау.

  • Буын дегеніміз не?
  • Буын саны нені білдіреді?
  • Қай сөздер тасымалданбайды?
  • Жалғыз дыбысты неге келесі жолға қалдыруға болмайды?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау: оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалау.

Үйге тапсырма: кітаптар, балдырғандар сөздерін тасымалдап келу.