Бабаджа қатын кесенесі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Қазақстандағы X–XII ғасырлардағы сәулет-құрылыс жүйелері мен сәндік-қолданбалы өнердің дамуы туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық

Сәулет өнері мен құрылыстың дамуына ықпал еткен факторларды анықтауға, оларды VI–IX ғасырлардағы сәулет ескерткіштерімен салыстырып, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Көне тарихи ескерткіштерді және ұлттық құндылықтарды сақтау мен қастерлеуге, өнерді түсінуге, шеберлік пен шығармашылыққа тәрбиелеу.

Әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топқа үлестірме қағаздар арқылы IX–XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуына қатысты сұрақтар беріледі.

1-топ

  1. Қолөнердің қандай түрлері дамыды?
  2. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар қай қалалардан табылды?
  3. Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?
  4. Зергерлік кәсіп пен сүйек ұқсатуға сипаттама беріңдер.

2-топ

  1. Тұтынушы, өндіруші ұғымдарына түсінік беріңдер.
  2. Айырбас сауда деген не?
  3. Далалы өлкелерге қаладан қандай тауарлар әкелінді?
  4. Қалаға далалы өлкелерден әкелінген тауарларды атаңдар.

3-топ

  1. Егіншіліктің дамуы неге қала санының өсуімен байланысты болды?
  2. Егін шаруашылығымен байланысты қандай құрал-саймандар жасалды?
  3. Егіншілік Қазақстанның қай жерлерінде жақсы дамыды?
  4. Егін шаруашылығы дамыған аймақтарды картадан көрсетіңдер.

III. Үй тапсырмасын бекіту

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау:

  1. Ұсталар қандай бұйымдар жасады?
  2. Ақшаның қандай түрлері болды және олар қай қалаларда шығарылды?
  3. Қандай егін дақылдары өсірілді?

IV. Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары

  1. Сәндік-қолданбалы өнер
  2. Сәулет және құрылыс жүйелері
  3. X–XII ғасырларда салынған кесенелер мен моншалар

Тақырыпты ашу үшін X–XII ғасырларда салынған Айша бибі, Арыстан баб, Бабаджа-қатын кесенелері көрсетілген деректі бейнематериал ұсынылады.

I топқа тапсырмалар

  1. Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз не?
  2. Ғаныш дегеніміз не?
  3. XI ғасырдан бастап сәндік-қолданбалы өнерде қандай кірпіш түрлері кеңінен қолданылды?

II топқа тапсырмалар

  1. X–XII ғасырларда қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
  2. X–XII ғасырлардағы сәулет құрылыстарының VI–IX ғасырлармен салыстырғандағы артықшылықтары қандай?
  3. Қандай қалаларда мешіт құрылыстарының орны анықталды?

III топқа тапсырмалар

  1. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
  2. Қандай кесенелерді білесіңдер?
  3. Қай қалалардан моншалардың орны аршылған?

Хронологиялық диктант

Негізгі даталар мен тұжырымдарды жүйелеу:

Дәйектілік • Нақтылау
  • XI ғасырда сәндік-қолданбалы өнерде ою-өрнек кеңінен қолданылды.
  • XI–XII ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер кеңінен пайдаланыла бастады.
  • X–XII ғасырларда ірі сәулеттік құрылыстар салу үрдісі күшейді.
  • X–XI ғасырларда Бабаджа-қатын кесенесі салынды.
  • XI–XII ғасырларда Айша бибі кесенесі салынды.
  • XIV–XV ғасырларда Әмір Темірдің бұйрығымен Арыстан баб пен Қожа Ахмет Ясауи кесенелері салынды.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Сәулет ескерткіштерін тұрғызылған орындарымен сәйкестендіріңдер.

Ескерткіштер

  1. Бабаджа-қатын кесенесі
  2. Айша бибі кесенесі
  3. Арыстан баб кесенесі
  4. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Орындары

  • а) Түркістан
  • ә) Тараз
  • б) Тараз
  • в) Түркістан

V. Жаңа сабақты қорытындылау

Термин сөздер

Негізгі ұғымдар
Ғаныш
Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. Қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.
Терракота
Ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш.
Мешіт
Діни құрылыс, ислам дінін ұстанушылардың мінәжат орны.
Кесене
Діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған ескерткіш.

VI. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.

VII. Үй тапсырмасы

19-параграф.