Тарауды бекіту бөлімі

Ашық сабақ

Бұл сабақ «Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар» тарауын қорытындылауға арналған бекіту сабағы.

Сабақтың тақырыбы

Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар тарауын қорытындылау.

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы.

Сабақтың әдістері

  • Ойын
  • Сайыс
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаттары

Оқыту

Оқушылардың (болашақ маманның) жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, ойы мен іс-әрекетінде жүйелілікті қалыптастыру, тарауды қорытындылап, бекіту.

Дамыту

Ой-өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа ынтасын және қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, сабырлылыққа және еңбексүйгіштікке баулу.

Пәнаралық байланыс және көрнекіліктер

Пәнаралық байланыс

  • 1 Тракторлар мен автомобильдер (I курс)
  • 2 Агрономия негіздері (I курс)
  • 3 Қазақ тілі мен әдебиеті (I курс)

Сабақтың көрнекілігі

  • Ауыл шаруашылығы машиналарының макеттері
  • Сызба плакаттар
  • Буклеттер
  • Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды түгендеу
  • Оқу құралдарын тексеру
  • Сабақтың түрі мен мақсатын хабарлау

II. Тарауды бекіту бөлімі

Сабақ басталар алдында оқушылар тарау бойынша өткен алты ауыл шаруашылығы машинасына сәйкес алты топқа бөлінеді. Әр топтың атауы, ұраны және таңбасы болады. Сайыс тапсырмаларына топтағы барлық оқушы қатысады, өзара қолдау көрсетеді. Дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай қосылып отырады.

Жалпы ұран:

«Біліміңе білім қос»

Топтар және ұрандар

Әр команда атауын техникамен байланыстырып, ұранын еңбек пен ізденісті дәріптейтін мазмұнда ұсынады.

1-топ: Соқа

«Қиясына шығып ойдың, алға таудай талап қойдым.»

2-топ: Сыдыра жыртқыш

«Өнеріммен өрге жүзем, еңбегіммен өмір сүрем.»

3-топ: Тырма

«Еңбектенем ер атанып, алға басам әлем танып.»

4-топ: Нығыздауыш

«Біз жалынды жастармыз, білімге жол бастаймыз.»

5-топ: Өңдеуіш

«Еңбек етсем еселі, оңға ісім өседі.»

6-топ: Тегістеуіш

«Ізденістен ілгері іске.»

Сабақтың басталуы: өлеңмен кіріспе

Сабақ өлеңмен басталып, әрбір машинаның атқаратын қызметі қысқаша сипатталады.

Машиналардың қызметі

Өлең жолдары арқылы жүйелі қайталау

Топырақты жыртуға, алғаш Соқа келіпті.

Кесектерін бұзуға, артынан оның аптығып, Сыдыра жыртқыш жетіпті.

Кесектерін мейлінше ұсақтауға арналған, Тырмалардың көп тісі топыраққа дөп түсті.

Ылғал керек жетерлік, тұқым өніп көктеуге. Бу ұшып жер астынан көкке дейін кетпеуге, топырақты таптайтын Нығыздауыш бар дайын.

Дән себердің алдында Өңдеуіштер қолайлы: топырақты майдалап, ұсақтауға оңтайлы.

Егін егер алаңды жоспарлауға арналған, ойпаң-қырат жерлерді тегістеуге машина бар арнайы.

Бірі қалмай жолынан, тұқым себер алдында топырақты өңдеуге, жайылымды жөндеуге трактордың соңынан жегілетін жарамды машиналар — осылар.

Ал, қанекей қырандар, тракторға қоныңдар!

Автор туралы

Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің арнаулы пән оқытушысы: Шолпан Балманова