Төрт түп алма, Төрттік алғандікі
Ұйымдастыру мәліметі
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылы, Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің жанындағы «Балдәурен» шағын орталығы.
Тәрбиеші: Төребекова Әсемгүл Айдарханқызы.
Тақырып
Бау-бақшада, бақтарда
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін сөздермен (көлемі, түсі, пішіні) байыту. Жемістер мен көкөністер туралы жалпы түсінік беретін сөздерді балалар сөздігіне енгізу.
Дамытушылық
Сөздік қорын дамыту, дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Құрал-жабдықтар мен сөздік жұмыс
Көрнекіліктер
- Тіл дамыту дәптері
- Жемістер мен көкөністердің муляждары
- АКТ (интербелсенді тақта)
Сөздік жұмыс
Мақсат: жаңа сөздерді дұрыс қолдану, мағынасын нақтылау және күнделікті сөйлеуде бекіту.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз!
Сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз екенін қайдан білеміз?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі қандай күн?
Жылы тілек
Балалар, күндерің сәтті өтсін!
Сабақтың барысы
Кіріспе әңгіме
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні жайында болады.
Күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкөністерді бірге атайық.
«Себеттегі өнім» тапсырмасы
Себеттен бір жеміс немесе көкөніс алып, оның атауын, түсін, пішінін айтып, қысқаша сипаттап беріңдер.
Мысал
Мынау алма. Түсі қып-қызыл, пішіні дөп-дөңгелек, дәмі тәп-тәтті.
Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»
Мақсаты: жемістер мен көкөністердің қайда өсетінін білу және оларды дұрыс ажырата алу. Сонымен бірге саусақ моторикасын дамыту.
Сұрақ
Жемістер қайда өседі?
Сұрақ
Ал көкөністер қайда өседі?
Егер бала қиналса, жауапты бірге қайталап, дұрыс айтуына көмектесу ұсынылады.
Сергіту сәті: «Шие»
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
(Ә. Дүйсенбиев)
Бұл кезеңде «З» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау маңызды.
Қимылды әрекет
Алманы ағаштан қалай аламыз? Қане, бақтағы ағаштардан жемістерді үзіп-үзіп алып, жинап көрейік.
Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз? Күз! Күз! Күз!
Енді бәріміз тәтті жемістердің дәмін татқысы келіп ұшып жүрген ара болайық: Ыз-ыз-ыз!
«З» дыбысы бар қандай жемістер мен көкөністердің атауларын білесіңдер?
Отан туралы тақпақ
Балалар, бізге осындай дәмді жемістері мен көкөністерін сыйлаған жерімізге арналған тақпақты бірге қайталайық.
Отаным менің кең-байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы.
Жайқалған жомарт даласы.
Ел — Отан біздің кең-байтақ,
Отанның біздер баласы.
Жұмбақ
Аспай піскен, қайнамай түскен.
Жауабы: Жеміс
Неге ол аспай, қайнамай піседі?
Түсіндіру: жемістердің пісуіне күннің көзі, яғни күннің жылуы көмектеседі.
Жемістерді жемес бұрын не істеу керек?
Жемістер мен көкөністердің мол, ірі болып өсуі неге байланысты?
Жаңылтпаш
Бес түп алма — бестік алғандікі.
Төрт түп алма — төрттік алғандікі.
Бестік алған төрт түп алмайды,
Төрттік алған бес түп алмайды.
Тапсырма: 4–5 сандарын және алманы көрсетіп, бірге қайталау арқылы бекіту.
Сабақты бекіту
Сабақ барысында аталған жемістер мен көкөністерді интербелсенді тақта арқылы «Бау-бақша» сөзжұмбағы бойынша пысықтау.
Қосымша сұрақ
Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мысалы: «Еңбек — адамның екінші анасы».
Қорытынды
Балаларды мадақтап, жетістіктерін атап өту. Белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіру.