Ұстаздардың құрметіне өнерлерін көрсету
Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!»
Бұл кездесу кеші ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін және тарихтағы баға жетпес орнын дәріптеуге арналады. Жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлай білуге және түсіне білуге тәрбиелеу — басты мұрат. Сондай-ақ ұстаз мамандығының қыры мен сырын танытып, ұстаз еңбегін әрдайым бағалай білуге үйрету көзделеді.
Мақсаты
- Ұстаз тұлғасының асқақ беделін, қоғамдағы орнын және еңбегінің маңызын паш ету.
- Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйластық пен түсіністікке баулу.
- Ұстаз мамандығының мәнін ашып, еңбекті бағалай білу мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі
Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, кеспе парақшалар, гүлдер, шарлар, интерактив тақта.
Кеш қонақтары
Баршасы.
Кештің жоспары
- 1 Тәрбие сағатын ашу, ұстаздарды ел тәуелсіздігінің мерейтойымен құттықтау.
- 2 Ұстаздарға арнау: өлең оқу.
- 3 Топтық жұмыстар: сұрақтар мен тапсырмалар.
- 4 Ұстаздар құрметіне өнер көрсету.
- 5 Қорытынды.
Мұғалімнің құттықтау сөзі
Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты кездесу кешімізді ашық деп жариялай отырып, ел тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып, жас буынға бағыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жана берсін. Кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектеп басшысы — ____________________ мырза/ханымға береміз.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Ұрпақ тәрбиесі — ұстаздарға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, өнегелі ұстаздан тәлім алған шәкірттің де жолы жарық болары анық.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі ұстаз еңбегі өлшеусіз. Сондықтан ұстаз — әрдайым қасиетті тұлға. Ендігі сөз кезегін оқушыларға берейік: ұстазға арналған өлеңдер оқылады.
Оқушылардың арнауы
1-оқушы
Дана да бас иетін,
Дарын да шексіз сүйетін.
Жаныңда мәңгі жүретін,
Жаныңды жақсы білетін.
Суарып ізгі тілекпен,
Жаныңа сенің гүл еккен.
Асуды да бірге асып,
Қиындықты да бірге өткенн.
Ұлағатты адам бар.
Ол кім — сен де сұрамайсың,
Мен де сұрамаймын.
Жүрекпен бәрін ұғысқан,
Ол — ұстаз! Білсең, туысқан!
2-оқушы
Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Бұл — әр адамның жүрегіне ерекше жылулық пен нұр себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — ұстаз. Қазақ баласы үшін «ұстаз» сөзі қашанда қасиетті, қадірлі. Ол «ұстаздан тәлім алған» деген терең мағыналы түсінікпен астасып жатыр.