Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ тақырыбы

Ондық бөлшектерді бөлу (слайд).

Сабақ мақсаты

Ондық бөлшектерді бөлуді меңгерту.

Міндеттер

Білімдік

Бөлшектер туралы теориялық білімді пайдалана отырып, ондық бөлшектерге амалдарды қолдану ережелерін оқушы санасына бекіту және тиянақтау.

Дамытушылық

Оқушыларды белсенді шығармашылық жұмысқа, іскерлікке баулу; өз бетінше еңбектену дағдыларын қалыптастыру; білім-дағдысын және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Зейінді шоғырландыруға, ұқыптылық пен дәлдікке, сондай-ақ ұжымда бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Оқыту тәсілдері мен формасы

Оқыту әдісі

Ойын арқылы оқыту.

Оқыту формасы

Жеке, ұжымдық және топтық жұмыс.

Жабдықтау

  • Интерактивті тақта
  • Слайд
  • Фишкалар
  • Гүлдердің суреттері

Сабақ жоспары

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Қайталау, пысықтау: ережелер сайысы, ауызша жаттығулар.
  3. 3 Жаңа сабақты түсіндіру.
  4. 4 Сергіту сәті.
  5. 5 Жаңа сабақты бекіту.
  6. 6 Өз бетінше жұмыс.
  7. 7 Қорытындылау.

Сабақтың өту барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар түгелденеді және 3 топқа бөлінеді. Топқа бөлу үшін оқушыларға қиылған сурет бөліктері таратылады. Әр бөліктің сыртында 1, 2, 3 сандары жазылған.

1 санын таңдағандар бір партаға, 2 санын таңдағандар екінші партаға, 3 санын таңдағандар үшінші партаға отырады. Оқушылар сурет бөліктерін құрастырып, нәтижесінде үш гүл бейнесі шығады: қызғалдақ, раушан, түймедақ. Топ атаулары осы гүлдермен аталады.

Топтық ұран

Бірімізге – біріміз Басымызды иеміз, Бірімізге – біріміз Көмектесіп жүреміз! Жақсы оқып сабақты, Тәрбиелі боламыз.

2) Қайталау және пысықтау

Қайталау «Қарлы кесек» ойыны арқылы жүргізіледі. Әр дұрыс жауап үшін оқушыға бір фишка беріледі.

1-бөлім

Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

2-бөлім

Ондық бөлшектерді көбейту:

  • Натурал санға көбейту.
  • 10, 100, 1000 және т.б. сандарға көбейту.
  • Ондық бөлшектерге көбейту.

3-бөлім

Ондық бөлшектерді бөлу:

  • Натурал санға бөлу.
  • 10, 100, 1000 және т.б. сандарға бөлу.