Құтты болсын шаттық мына мереке, Сұлу қыздар арсында елітем
«Аяулым – анашым» мерекелік кешінің жоспары
Бұл жоспар көктем мерекесі мен Аналар күніне арналған кешті жүргізуге, өлеңдер мен әндер арқылы аналарға құрмет көрсетуге бағытталған.
Формат
Жүргізушілер сөзі, поэзиялық сәт, ән-би нөмірлері.
Негізгі ой
Ананың мейірімі, қадір-қасиеті, отбасы берекесі.
Кілтті көңіл-күй
Жылы, салтанатты, шуақты көктем әсері.
Сәлемдесу және ашылу
1-жүргізуші
Базарда ат сататындар «Саламатсыз ба?» деп амандасады, ал ет сататындар «Сәлеметсіздер ме?» деп амандасады.
2-жүргізуші
Такси жүргізушілері «Барыс-келіс қалай?» деп амандасса, саудагерлер «Алыс-беріс қалай?» деп амандасады екен.
Екеуі бірге
Ал біз сияқты бүгінгідей арулар мен аналар мерекесінің жүргізушілері: «Ассалаумағалейкум!» деп амандасады.
1-жүргізуші
«Ассалаумағалейкум!» деп дидарласқанда, «Уағалейкумассалам!» деп қол алысып, көппен де иіліп амандасқан адамның сәлеміне бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе?
2-жүргізуші
Ендеше, аман-саулық сұрасып алсақ, бүгінгі қылықты қыздарға, ардақты аналарға арналған кешімізді бастаймыз!
Көктем туралы өлең шумақтары
1-жүргізуші
Көктем келді, сағына, Бүршік атты алма ағаштар бағымда. Біздің үйге ұя салды, алақай! Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.
2-жүргізуші
Көктем келді, көктем келді далама, Қуанып жүр ата-ана да, бала да. Қар-мұз еріп, жылғалардан су ағып, Үйрек-қаздар жайылып жүр жағада.
1-жүргізуші
Құтты болсын шаттық мына мереке, Сұлу қыздар арасында елітем. Егемен ел байлығы аман бол, Шашылмасын, басылмасын берекең!
2-жүргізуші
Ботадай сары далада боздаған ән, Халық әні – жүректе тозбаған ән. Көңілдің көрігін бәрін ойландырып, Қуаныш пен қайғыны қозғаған ән.
Ән – көңілдің ажары. Ортаға сыныбымыздың сұлу да әнші қыздарының бірі Іңірбай Гүлнарды «Анашым, қартаймашы» әнімен шақырамыз.
Ән нөмірі
«Анашым, қартаймашы»
Орындаушы: Іңірбай Гүлнар
1-жүргізуші
Наурыз – Сәуір егізі, Бүгін оның сегізі. Ең бақыт гүл – анаға айтар лебізің, Ең қымбат гүл – адамның жүрек лебізі. Анасыз жоқ бір күнің, Әжесіз жоқ бір күнің. Ұсынамыз біз бүгін Жырдың сұлу шоқ гүлін!
2-жүргізуші
Нұрлы таң атты, шуағын төгіп келді күн. Бақытың қолда, қолыңда сенің теңдігің. Өзіңсің әрі ғалым да, ұстаз да, қайраткер, Егемен елдің сүйіктісі де – сен бүгін.
Поэзиялық сәт
Бұл ғаламда анаға арналмаған жыр, анаға арналмаған ән жоқ шығар. Келесі кезекті сыныбымыздың ана туралы жыр-шумақтарына береміз.
Қатысушылар
Ортаға 4 оқушы шығады. Аналарға арналған өлеңдер оқылады.
1-оқушы: Назгүл
Шеше! Сен бақыттысың, жыламаған, Жай түсіп жатқанда да құламаған. Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламаған, жыламаған. Бармын ғой. Тірімін ғой. Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын. Таусылып өз-өзіңмен шашылмағын, Байырғы берекеңді қашырмағын. Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа, Өзім кепіл тот басып тозбасыңа. Екі жыр жазсам саған арнап, «Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына. Тәңірім кешіре көрсін кесірімді, Аспанға жазам сенің есіміңді. Шеше! Сен бақыттысың, тербете бер, Құба талдан иілген бесігімді.
2-оқушы: Думан
Өлең оқылады.
3-оқушы: Сандуғаш
Өлең оқылады.
4-оқушы: Мұхит
Өлең оқылады.
Көңілді жүргізушілер мәтіні
1-жүргізуші
Қадірменді көпшілік! Біле білсеңіздер, біздің де балық сияқты түріміз көп. Мысалы: Ақандар ой теңізінде жүзсе, Әншілер өнер теңізінде жүзеді. Мәселен, айтатын болсақ: Шапалақтан шаң қақтыратын әншілер бар, Құмарыңды қандыратын әншілер бар, Жоқты бар қылатын әншілер бар.
2-жүргізуші
Тамашаны таң қалдыратын әншілер бар, Көңілдеріңізді көл қылатын әншілер бар, Қайғыларыңызды нөл қылатын әншілер бар, Барлығыңызды күлдіретін әншілер бар. Тойларыңызды бүлдіретін де әншілер бар, Бес мың долларға шығатын «дорогой» әншілер бар, Өздерінше болып қалған «деловой» әншілер бар.
1-жүргізуші
Сонымен қатар «молодой» әншілер де бар. «Молодой» – әлі бала ғой демеңіздер, Мүмкіндік болса, қолдап отырыңыздар: Мерейлеріңізді өсіріп отырыңыздар, Көңілдеріңізді көтеріп отырыңыздар. Қателік болса, әрине, кешіріп отырыңыздар. Олай болса, деловой әрі молодой әншілерімізді «Менің анам алтын» әнімен қарсы алыңыздар!
Ән нөмірі
«Менің анам алтын»
Орындаушылар: оқушылар тобы (нақтылау қажет).
1-жүргізуші
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен, Мәпелеп әлдилеген пейілі кең. Аналық махаббатың – кәусәр бұлақ, Сөнбейтін ақ жүрегің – мәңгі шырақ.
2-жүргізуші
Алтын анам жасымнан аялаған, Мен үшін игілікті аямаған. Сабақтан шаршап үйге келгенімде, «Балам» деген сөзің – сая маған.
Қорытынды және жабылу
1-жүргізуші
Наурыз келді, анажан, серпіліңіз, Шуақтанып, шаттанып, желпініңіз. Кеудеңізде керемет оттар жатыр, Сізден жылу әлемі күткеніміз. Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді «Аналар туралы жыр» әнімен аяқтаймыз.
Көркем жолдар
Бойыңа бар сұлулық жиналғандай, Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай. Жарқ етіп шыға келген ел алдында, Биші қыз, ғажап еді биің қандай!
2-жүргізуші
Ана – жүрек, жүректі құдіретте, Ана – тірек, тіректі құрметте. Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет, Ана – күнің, күніңе табынып өт.
1-жүргізуші
Жүрегі күн, жаны нұр, жүзі шапақ, Ана – мақтан, ана – өмір, ана – атақ. Ана – дәуір, ана – абырой, ана – жауһар, Олармен күн кешудің өзі ғажап!
Жүктеу үшін белгі
«Аяулым – анашым» атты мерекелік кеш жоспары (жүктеу/сақтау).