Тұрақты тіркестер құрастыру

Сабақ тақырыбы: Тұрақты тіркестер

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне арналған танымдық сабақ (Қазақ тілі, 5-сынып).

Түрі

Танымдық сабақ

Әдістері

Талдау, миға шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, ойын әдістері

Көрнекілігі

Проектор, оқулық

Сабақтың өзегі

Тұрақты тіркестердің мағынасы мен қолданылуын практикада бекіту

Мақсаты

Білімдік

Оқушылардың тұрақты тіркестер туралы лингвистикалық білімін кеңейту; практикалық жаттығулар мен қосымша тапсырмалар арқылы меңгергенін бекіту.

Дамытушылық

Өзіндік жұмыс дағдысын жетілдіру; шығармашылық тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын, дағды-машығын және таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдануға; шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Психологиялық дайындық

Оқушылар тақтаның алдында шеңбер құрып тұрады. Мұғалім оқушыларды сергітіп, сабаққа назарын шоғырландыру үшін төмендегі жолдарды хормен айтқызады:

Мынау — менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау — менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау — менің сол қолым,
Мынау — менің оң қолым,
Барлық істі атқарған.

Топқа бөліну (жұп табу ойыны)

Әр оқушыға тұрақты тіркес жазылған қағаз таратылады. Оқушылар өз тіркесіне мағынасы сәйкес келетін сыңарын тауып, жұптасады. Парақша сыртындағы топ атауына сай 3 топқа бөлінеді.

Бес саусақтай білу

— жетік білу

Су сепкендей басылды

— лезде басылды, тына қалды

Мүйізі қарағайдай

— зор, мықты

Топ атаулары

  • 1-топ: Қазақстан
  • 2-топ: Республика
  • 3-топ: Тәуелсіздік

Әр топ өздері құраған тұрақты тіркестің мағынасын қысқаша түсіндіреді.

I. «Баламасын табыңдар»

Проектордан тұрақты тіркестер беріледі. Оқушылар олардың мағынасын (баламасын) табады.

  1. 1) Ат ізін салмау
  2. 2) Қол ұшын беру
  3. 3) Тіс жармау
  4. 4) Мойны жар бермеу
  5. 5) Терісіне сыймау
  6. 6) Бармағын тістеді
  7. 7) Кірпігінен қырау тамған
  8. 8) Мұзға отырғызу
  9. 9) Бес аспап
  10. 10) Жерге кіріп кете жаздау
  11. 11) Аузын буған өгіздей
  12. 12) Қабырғаңмен кеңесті

II. «Суреттер сөйлейді»

Әр топ берілген суреттерге қарап, сәйкес тұрақты тіркесті табады (орнында орындайды).

Қас пен көздің арасында

— лезде, тез

Ит арқасы қиянда

— алыс

Бетінен оты шықты

— ұялу

Айы оңынан туды

— жолы болды

III. «Кестені толтыру»

Үш топқа кесте үлестіріледі. Тұрақты тіркесті мағынасымен және қойылатын сұрағымен сәйкестендіріп толтырады.

Тұрақты тіркес Мағынасы Сұрақ
Тілі шығу Сөйлеу Не істеу?
Ит өлген жер
Қуану
Қандай?
Таяқ тастам
Өкіну
Қоян жүрек

Ескерту: Кестедегі көпнүктелер — оқушының өз бетінше толықтыруына арналған орындар.

IV. Сергіту сәті

Әр топ өлең жолдарын әртүрлі жанрда орындайды (опера, рэп, әскери мәнер).

Қазақстан — бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан — қазағымның туған елі.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған —
Қазаққа Тәңірі берген несібесі!

Қазақстан — бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан — бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған —
Біздің, сірә, бар ма екен арманымыз?!

V. «Жалғасын тап»

Әр топ тұрақты тіркестердің жалғасын табады.

1-топ — Қазақстан

  1. 1) …нің түгі бар
  2. 2) …ын шүйіру
  3. 3) … тау жұтқан

2-топ — Республика

  1. 1) …на құм құйылу
  2. 2) … соғып қалу
  3. 3) Тамырына … шабу

3-топ — Тәуелсіздік

  1. 1) …і тоймау
  2. 2) Құлақ …ін жеу
  3. 3) …нан шығып кетті

VI. «Адасқан сөздер»

Оқушылар берілген сөздерден тұрақты тіркес құрастырады және сол тіркеспен сөйлем жасайды.

1-топ — Қазақстан

  • Шыңқ етер

    Таяқ • Ағаш • Соқа

  • Суалу

    Ауыз • Көз • Бет • Жер

  • Шаншылу

    Бет • Аяқ • Мұрын • Бел

  • Құлағында

    Езу • Ауыз • Тіс • Ерін

Нәтиже

Әр топ өз шешімін дәлелдеп, тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіреді. Соңында құрастырған тіркеспен 1–2 сөйлем жазады.

Бұл бөлімде мақсат — сөздердің орын тәртібі мен тұрақты тіркестің тұтастығын сезіндіру, контексте дұрыс қолдануға үйрету.

VII. «Жасырынбақ»

Берілген тіркестердің құрамындағы бір сөз түсіп қалған. Оқушылар оны табады және мағынасын айқындайды.

2-топ — Республика

  1. Бит қабығынан биялай тоқыған — өте шебер
  2. Жұмыртқадан жүн қырыққан — қу
  3. Балақтағы бит басқа шапқан — болмашы нәрсе үшін қорлау
  4. Көз қиығын салу — қарау, қарайлау
  5. Жігері құм болу — шаршау
  6. Ешкімнің ала жібін аттамау — қиянат жасамау
  7. Иттің құлы итақайкім көрінген, кез келген
  8. Көк ала қойдай ету — сабау, ұру
  9. Қадалған жерінен қан алу — дегенін істету
  10. Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру — алдау
  11. Маңдай терадал еңбек
  12. Сүтке тиген күшіктей болу — сүмірейіп қалу
  13. Сіркесі су көтермеу — ештеңені көңілі жақтырмау
  14. Іші ауыруөкіну
  15. Түйенің танитыны жапырақбілетіні бір-ақ нәрсе
  16. Аузын қу шөппен сүрту — сараң

VIII. «Ойнайық та, ойлайық»

Берілген тұрақты тіркестердің синонимдері мен антонимдерін табу.

3-топ — Тәуелсіздік

Мағынасы Синоним Антоним
Білімді Көзі ашық Әріпті таяқ деп білмеу
Жас Он екіде бір гүлі ашылмаған Асарын асап, жасарын жасаған
Батыр Жүрегінің түгі бар Су жүрек
Алыс Ит өлген жер Тиіп тұр
Момын Қой аузынан шөп алмас Иненің көзінен өткендей
Дос Жұлдызы жарасқан Жұлдызы қарсы
Менсінбеу Көзге ілмеу Құрдай жорғалау
Туылу Дүние есігін ашу Дүниеден өту
Ұнату Жаны құмар Жаны қас
Тату Арасынан қыл өтпеу Ала ауыз
Хабарласпау Ат ізін салмау Ат ізін суытпау
Қуану Екі езуі екі құлағына жету Зәресі зәр түбіне кету
Жомарт Қолы ашық Аузын қу шөппен сүрту
Әдемі сөйлеу Сөздің майын тамызу Сөзі түйеден түскендей

IX. Шығармашылық жұмыс

1-топ — Қазақстан

Сөзжұмбақ құрастыру.

2-топ — Республика

Суретке сүйеніп, Қазақстан табиғаты туралы шағын эссе жазу.

3-топ — Тәуелсіздік

Тәуелсіздік тақырыбына өлең шығару.

X. Бекіту: тақырыптық тест

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тұрақты тіркестердің мағынасы, синоним- антонимдік қатынасы және сөйлемдегі қызметін пысықтайды.

1) Қай тұрақты тіркес «әділ» деген мағынаны береді?

  • A) Тонның ішкі бауындай
  • B) Ала жіпті аттамау
  • C) Он саусағынан бал тамған
  • D) Қара қылды қақ жарған
  • E) Мұрнынан шаншылу

2) Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.

  • A) Су жүрек — жүрек жұтқан
  • B) Мойнына су кету — ит өлген жер
  • C) Көз жұмды — жүріп кетті
  • D) Көзге түртсе көргісіз — тайға таңба басқандай
  • E) Шашбауын көтеру — тақиясына тар келу

3) Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?

  • A) Мұрнын шүйіру — дәмелену
  • B) Сөз беру — таң қалу
  • C) Зығыры қайнау — өлу
  • D) Сілесі қату — әбден шаршау
  • E) Сүттей ұйыды — келіспеді

4) Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.

  • A) Бауыр басу — ақ саусақ
  • B) Таяқ тастам жер — сүт қайнатым уақыт
  • C) Екі езуі құлағында — төбесі көкке жету
  • D) Ит арқасы қиянда — маңдайының соры бар
  • E) Көз ілмеу — көз шырымын алу

5) Идиомалық тіркесті тап.

  • A) Жазда Асанбай ауылы осы төңіректің сай-саласын мекендейді.
  • B) Бұл өңірдің ауылдары алты бақан ала ауыз болып, біріккен емес.
  • C) Күз келісімен, бұлар қыстауға көшудің амалына кірісті.
  • D) Данагүл саумалы малдарды сатуға қарсы шықты.
  • E) Шаруаның ісі бітпейтінін ол енді түсінгендей болды.

6) Мақал-мәтелден тұрақты тіркесті тап.

  • A) Денсаулық — зор байлық
  • B) Ештен кеш жақсы
  • C) Сабыр түбі — сары алтын
  • D) Оқу — инемен құдық қазғандай
  • E) Көп түкірсе — көл болады

7) «Алыс» мағынасындағы идиомалық тіркесті тап.

  • A) Ит жеккен
  • B) Ер қашты
  • C) Асқар тау
  • D) Көз аларту
  • E) Ат арытып, тон тоздырып

8) Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті тап.

  • A) Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.
  • B) Ауызы күйген үрлеп ішер.
  • C) Олар суықта қалып, тісі тісіне тимей жаурады.
  • D) Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті.
  • E) Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті.

9) Тұрақты тіркесті тап.

  • A) Ырыс алды — ынтымақ
  • B) Бойшаң қыз
  • C) Ат ізін салмау
  • D) Туған жер
  • E) Түйме тағу

10) «Маңдай тер» қандай мағына береді?

  • A) Үлгілі, озат
  • B) Шаршау
  • C) Адал еңбек
  • D) Қуану
  • E) Бірлігі бұзылмау

XI. Үй тапсырмасы

  • Ребус құрастыру.
  • Ережені қайталау.
  • 115–117-жаттығулар.

XII. Өзін-өзі бағалау

«Білім теңізіне қайықты жіберу» әдісі: тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген оқушылар өз қайығын «Білім теңізіне» жібереді, ал өзіне сенімсіз оқушылар «Ереже шығанағында» қалады.

Тілек пен түйін

Сыныбымыздың айы оңынан тусын!
Бізді көргенде елдің алпыс екі тамыры иісін!
Арамыздан қыл өтпесін!
Білімді бес саусақтай біліп,
Ешкімнің ала жібін аттамайық.
Бойымызға шаң жұқпай,
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын!