Эвфемизм мен дисфемизм
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Эвфемизм мен дисфемизм
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту сабағы
- Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Топқа бөлу, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Көрнекілігі
- Кеспе карталар, Қазақ тілі оқулығы (5-сынып)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сыпайы және дөрекі сөздердің табиғатын таныту; олардың шығу төркінін, этимологиясын және семантикасын түсіндіру.
Тәрбиелік
Сөйлеу мәдениетін арттыру; ауызекі тілде дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болып, таза әрі әсерлі сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын сыпайы қолданыстармен толықтырып, тіл мәдениетін дамыту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Туыстық қарым-қатынас» тақырыбында мәтін жазу және ішінде табу сөздерді қолдану.
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Зымыран сұрақтары» арқылы негізгі ұғымдарды қайталау:
- Лексика дегеніміз не?
- Сөз деп нені айтамыз?
- Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
- Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
- Көп мағыналы сөз деп нені айтамыз?
- Омоним дегеніміз не?
- Синоним дегеніміз не?
- Антоним дегеніміз не?
IV. Мағынаны тану
Қызыл шоқтай қарыған, Қазаққа тіл дарыған. Бір сөзге ол семіріп, Бір сөзден ол арыған. Сипақтама, терлеме, Сөйле, қане, ұшыңдар, Тілді бізге бермеген, Тістеп жүру үшін құр. Келер пәле басыңа, Кемел сөзге мін тақсаң. Қастың өзі досыңа, Айналады тіл тапсаң. Жарлымын деп қаймықпа, Намыс болса қасыңда. Байлық деген байлық па, Тіл байлығы жанында.
Жаңа материалды меңгерту
Кейбір ұғымды немесе құбылысты тура атау дөрекі естілуі, көңілге жағымсыз тиюі мүмкін. Осындай жағдайда ойды сыпайы әрі жағымды сөздермен алмастырып айту қолданылады. Бұл тілдік құбылыс эвфемизм деп аталады.
Эвфемизмдерге мысалдар
- «мылжың» орнына «сөзуар»
- «өтірік айту» орнына «қосып айту»
- «ұрланды» орнына «ала жібін аттамау» (тұрақты тіркес)
- «өлді» орнына «о дүниеге аттанды», «қайтыс болды», «жан тәсілім етті»
Эвфемизм — ойды көркемдеп жеткізудің және сөйлеу этикетін сақтаудың бір тәсілі.
Керісінше, әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөзбен алмастырып айту да кездеседі. Мұндай құбылыс дисфемизм деп аталады.
Негізгі ерекшелігі
Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы: ол кеміту, кемсіту, қорлау, іске жаратпау мәнін туғызады.
Ескерту
Дисфемизмдер әдеби тіл нормасына сай келмейді. Мұндай сөздерді жиі қолдану сөйлеу мәдениетінің төмендігін білдіреді. Дегенмен көркем әдебиетте кейіпкер тілін даралау үшін ауызекі сөйлеу үлгісі ретінде кездесуі мүмкін.
Орындалатын жаттығу
104-жаттығу
Берілген тапсырма: дөрекі сөздерді теріп жазу.
V. Толғаныс бөлімі
Тапсырма: мақал-мәтелдердегі дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.
-
Ерінен айырылған көмгенше жылайды, елінен айырылған өлгенше жылайды.
Түсіндірме: көмгенше — жерлегенше, өлгенше — өмірінің соңына дейін.
-
Қақылдаған тауық тумай қоймайды.
Түсіндірме: тумай — жұмыртқаламай.
-
Шошқаға ерген балшыққа аунар.
Түсіндірме: шошқаға — нашар, жаман адамға.
-
Жолдасың соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып қой.
Түсіндірме: соқыр — көзі көрмейтін адам.
-
Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.
Түсіндірме: туып — лақтап.
-
Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта.
Түсіндірме: боқта — жаман нәрседе.
-
Сараң да бір, сасық су да бір.
Түсіндірме: сасық — лас, иістенген.
-
Өсекшінің тілі қышып тұрады.
Түсіндірме: өсекші — сөзуар.
-
Қысыр сөзде қырсық көп.
Түсіндірме: қысыр — жаман, мәні жоқ.
-
Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.
Түсіндірме: итпен — сенімсіз адаммен.
Орындалатын жаттығулар
105-жаттығу
Берілген тапсырма: ырым-тыйымдарды талдау.
Орындалатын жаттығулар
106-жаттығу
Берілген сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазу.
Сөздерді эвфемизммен алмастыру үлгілері
| Бастапқы сөз | Эвфемизм |
|---|---|
| Ұры | Қолының сұғы бар |
| Өсекші | Сөзуар |
| Боқмұрын | Кішкентай |
| Соқыр | Көзі көрмейтін адам |
| Саңырау | Құлағының кемістігі бар |
| Ақсақ | Аяғында кемістігі бар адам |
| Мылқау | Тілі жоқ |
| Қырт | Айтқанға көнбейтін, көне қоймайтын адам |
| Жынды | Ақыл-есі кем адам |
| Топас | Милау, мисыз |
Ескерту: кейбір сөздер адамның кемістігін/жағдайын білдіретіндіктен, қазіргі тіл мәдениетінде одан да бейтарап әрі құрметті нұсқаларды таңдауға болады.
108-жаттығу
- Мәтінде қандай ырым туралы түсінік берілген?
- Түс көру туралы қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
- Оның табумен байланысы бар ма?
- Түс көргенде үлкендерге немесе достарыңа айтып бөлісесіңдер ме? Естеріңе түсіріп көріңдер.
VI. Сергіту сәті (ойын)
Ойын шарты
Мұғалім сөздерді оқиды. Егер әдепті сөз естілсе, оқушылар екі қолын қысып, қолдағанын білдіреді. Егер әдепсіз сөз естілсе, екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғанын білдіреді.
VII. Бекіту
Бекіту сұрақтары
Эвфемизм мен дисфемизмнің айырмашылығын өз мысалдарыңмен түсіндіріңдер.
Венн диаграммасы
Екі ұғымның ортақ және ерекше белгілерін салыстырып жазыңдар.
Автор туралы мәлімет
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай ахун ауылы №111 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Тұңғышбаева Назгүл Орынбекқызы.