Балалардың қарбызды тауып алуы
Шығыс Қазақстан облысы • Зайсан ауданы
М. Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Байкадамова Айман Дубековна
Тақырып: «Қауын мен қарбыз»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылар ертегі мазмұнымен танысып, өз ойы мен пікірін еркін айтуға үйренеді.
Тәрбиелік
Жер-Ананың адамзатқа сый еткен байлығын бағалауға, достық пен бірлікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ертегідегі оралымды сөздердің мағынасын түсіну арқылы ойлау қабілеті мен байқағыштығын дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже
-
1
Тыңдаған материал бойынша өз пікірін айта алады.
-
2
Өзін-өзі реттеу дағдылары қалыптасады.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың типі
- Аралас
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді игеру
- Көрнекілігі
- Слайдтар, суреттер
- Қажетті құралдар
- Оқулық, маркер
- Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелеу, талдау, СТО, проблемалық сұрақтар, рефлексия
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық
Жомарт күздің көкөнісі дәмді болсын,
Көңіліміз жайнасын, әнге толсын.
Енді бір-бірімізге қарап жымиып,
Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.
2) Проблеманы айқындау (сабақ мақсатын анықтау)
Сабақ бойы осы жақсы көңіл күймен жұмыс істеп, жақсы бағалар алуға талпынайық. Бүгін біз топқа бөлініп жұмыс істейміз және сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындаймыз.
3) Топтарға бөлу
Ребустарды шешу арқылы оқушылар «Бағбан», «Қауын», «Қарбыз» топтарына бөлінеді. Топ басшылары сайланады.
II. Үй тапсырмасын тексеру («Ормандағы оқиға»)
- Ертегінің авторы кім?
- Екі ағаштың бір-біріне ренжуіне не себеп болды?
- Қайың мен Қараағаштың ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті?
- Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті?
- Ертегіде қандай мәтел кездесті?
- Бұл ертегіден қандай ой түйдің?
Қорытындылау: жауаптарды нақтылап, негізгі ойды тұжырымдау.
III. Операциялық-орындаушылық кезең
1) Қызығушылықты ояту
- Бүгін сендерді неге «қауын», «қарбыз», «бағбан» топтарына бөлдік деп ойлайсыңдар?
- Үш сөздің арасында қандай байланыс бар?
- Бүгінгі сабақтан не білгілерің келеді?
2) «Не білгім келеді? Не білдім? Не үйрендім?»
Оқушылар кестені толтыру арқылы өз мақсаттарын айқындайды және сабақ соңында қайта оралып қорытынды жасайды.
3) Автор туралы қысқаша мәлімет
Бір оқушы автор туралы қысқаша ақпарат ұсынады.
4) Сөздік жұмысы
Түйнек
Өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні.
Түз тағылары
Далада тіршілік ететін жабайы аңдар.
Пәлек
Қауын-қарбыздың сабағы, өркені.
5) Оқулықпен жұмыс
Мәтін үш топқа бөлініп оқылады. Әр оқушы өз бөлігін оқып, түсінгенін айтады; топ мүшелері бір-бірін толықтырады.
1-топ
Атайдың қауынды балаларға тіліп беруі.
2-топ
Қарбыздың өкініші.
3-топ
Балалардың қарбызды тауып алуы.
IV. Сергіту сәті
Ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Ағашта өсетін жеміс аталғанда — қол шапалақтаймыз. Жерде өсетін көкөніс аталғанда — айналамыз.
Поэзия минуты
«Қауын», «Қарбыз» тақырыбында өлең оқу.
V. Топтық жұмыс және кеңейтілген ақпарат
Тапсырмалар
1-топ
Қауынның қарбызға айтқан ұсынысын тауып, мәнерлеп оқыңдар.
2-топ
Қарбыздың өкінген тұсын тауып, оқыңдар.
3-топ
Қауын мен қарбыздың қалай өсетіні және ерекшелігі айтылған жерлерді тауып оқыңдар.
Танымдық мәлімет
Қауын
- Қауынның отаны — Египет деген тұжырым бар.
- Арабтар оны «жерге түскен жұмақтың жемісі» деп таныған.
- Итальяндықтардың сүйікті тағамдарының бірі болғаны айтылады.
- Рим императоры Клавдий Альбин таңғы асқа 10 қауынды бірден жеген деген дерек кездеседі.
- Құрамында қант пен дәрумендер мол.
Қарбыз
- Қарбыздың отаны — Оңтүстік Африка саналады.
- Қытайда қарбыздың мәртебесі жоғары.
- Қытайлықтар қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» атап өтеді.
- Құрамында фруктоза, дәрумендер және азотты заттар бар.
Көкөністердің адамға пайдасы
Қауынның пайдасы
- Бүйрек пен асқазан ауруларына пайдалы.
- Беттегі безеуді және секпілді азайтуға көмектеседі.
- Ет қайнағанда қауын қабығын салса, ет жұмсарады (халықтық тәжірибе).
Қарбыздың пайдасы
- Қанның көбеюіне ықпал етеді.
- Бүйрек пен бауырдың жұмысын жақсартады.
- Дәнінен май алынады.
- Ішек құртын емдеуге және қан тоқтатуға қолданылғаны айтылады (халықтық тәжірибе).
Ойын: «Мен саған, сен маған»
Топтар бір-біріне сұрақтар қояды, жауаптарын дәлелдеп айтады.
Шығармашылық тапсырма: «Бес жолды өлең»
- Не? (1 сөз)
- Қандай? (2 сөз)
- Не істейді? (3 сөз)
- Сөйлем құра
- Синоним тап (басқаша қалай атауға болады?)
VI. Қорытынды және рефлексия
Кестені толықтыру
«Не үйрендім? Не білдім? Нені толық түсінбей қалдым?» сұрақтарына қайта оралып, қорытынды жасалады.
Рефлексия: «Бүгінгі сабақ соңында қандай сезімде болдым?»
Жасыл
Жақсы, бәрін түсіндім.
Сары
Жартылай түсіндім.
Қызыл
Түсінбедім.
Оқушылар стикерлерді «бағдаршамға» жапсырады.
VII. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
Үш топ та мәтінді мазмұндауға дайындалады.
1-топ
«Егер мен қарбыз болсам…» тақырыбында әңгіме жазу.
2-топ
Ертегі бойынша сурет салу.
3-топ
Ертегіні сахналауға дайындалу.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі, топтық жұмысқа қатысуы және шығармашылық тапсырмаларды орындауы негізінде бағаланады.