Қорада қар қалың

Оқушылардың қазақ тілі сабағында құрастырған сөзтізбелері

Туматова А. Ж. іс-тәжірибесінен. Төмендегі мәтіндер — оқушылардың дыбыстық үйлесім мен сөздік қорды дамытуға арналған жұмыстары. Мәтіндер өңделіп, грамматикасы түзетілді.

5-сынып мәтіндері

Бүлдіргенге барғанда

Оқушы мәтіні

Бұғысынның байлығы — балық, бүлдірген, балқарағай. Бірнеше бала Бұғысынға бүлдірген теруге, балық аулауға және балқарағай көруге барды.

Бесінші сыныптың балалары да барды. Балалармен бірге бесінші сыныптағы Бауыржанның інісі Болат еріп жүрді. Болат бір бұтақтың басындағы бозторғайдың балапандарын бақылап отырды.

Барған балалар топтарға бөлінді: бесеуі балық аулауға кетті, бесеуі бүлдірген теруге барды, ал бірнешеуі балқарағай жаққа бет алды. Бүлдіргенге барған балалардың әрқайсысында бір-бір банкадан болды. Барлығы терген бүлдіргенді қосқанда бір бәшөк шықты.

Кейін балалар балықтарын, бүлдіргендерін және жинағандарын өзара тең бөлісті.

Мектепте

5-сынып оқушысы: Қасымқанов Ерғанат

Мен Маратпен бір мектепте оқимын. Мараттың анасы — мұғалім. Ол мәтінді Мұратқа, Маратқа және Манарға мазмұндатты. Марат мәтінді жақсы мазмұндап берді. Мұғалім Маратты мақтады.

Қалың қар

5-сынып оқушысы: Қасымқанов Ерғанат

Қаңтарда қар қапалақтап жауды. Қар қапалақтай-қапалақтай қалыңдай түсті. Қорадағы қалың қар қатып қалды. Қорада қой мен қозы қамалған еді.

Қанат қой мен қозыны қарға шығармақ болды. Қорада қар қалың болғандықтан, Қанат пен қарындасы Қарлығаш қорадағы қарды қолмен қаза бастады. Қаза-қаза қолдары тоңып қалды, содан кейін қолғап киіп алды.

Қанат қалың қарды қазып, қой-қозыны қырға қарай айдады. Сол кезде қарсы алдында қоянды қуған қасқырды көріп, қызықтап қалды. Қоян қараған жаққа қарай қашты. Ол жақта қақпан құрылған екен. Қоян қақпаннан қарғып өтті, ал қасқыр қарғығанда құйрығы қақпанға қыстырылып қалды. Қоян қасқырдан да, қақпаннан да құтылды.

Қасқыр қоянды қумастан, енді қой-қозыға қарай ұмтылды. Қанат қорқып, қой-қозысын қораға қарай қайта айдады. Қарлығаш та көмектесіп, қой-қозыны қайтадан қораға қамады. Қанат қасқырды қамшымен қуып жіберді. Қасқыр қалың қарды қарғып-қонып қашты. Қанат қой-қозысын аман алып қалғанына қатты қуанды.

Сурет сабағында

5-сынып оқушысы: Бектұрғанова Гүлдәнә

Сыртта суық болды. Сегізінші сыныпта сағат сегізде сурет сабағы өтті. Сабақта сәбіздің суретін салу тапсырылды.

Сурет сабағында Салтанат, Серік және Саягүл сәбіздің суретін салды. Ал Санат пен Самал сол сабақта сарымсақтың суретін салуды таңдағандықтан, сәбіз салмады.

Сыйлық

5-сынып оқушысы: Жөкенова Ризагүл

Сара сырмақты сырып тікті. Сырылған сырмақты ол Сәкенге сыйламақ болды. Сара сырмақты Сәкенге сәуірдің сегізінде сыйлады.

Сәкен Сара сыйлаған сырмағын сандыққа салып қойды. Ал Сәкен Сараға әдемі сандықша сыйлады. Сәкеннің сыйлығына Сара қатты сүйсінді. Ол сандықшаны өрнекпен сәндеп, сыйлықтарын одан әрі көріктендірді.

6-сынып мәтіндері

Балабақшада

6-сынып оқушысы: Ақтаева В.

Балабақшада балалар көп болды. Бірнеше бала бірнеше бөлмеге бөлінді. Бір бөлмеде Балжан, Бақытжан және Балдырған болды, ал екінші бөлмеде басқа балалар отырды.

Балабақша меңгерушісі балаларға балмұздақ, балық және бауырсақ бергізіп, бәріне тең бөліп таратты. Біраздан кейін балалар би биледі. Би аяқталған соң, олар баққа шықты. Бақта да балалар біраз уақыт бірге ойнады.

Жаз

6-сынып оқушысы: Насынова Гүлсат

Жазда күн жылы болады, айнала жап-жасыл болып құлпырады. Жасыл жайлауда жылқылар жайылып жүреді. Жанар мен Жұлдыз да сол жайлауда бірге жүрді. Екеуі — жолдас.

Жанар жапырақ теріп жүрді, ал Жұлдыз қасында жүгіріп ойнады. Бір кезде жүгіріп жүрген Жұлдыз сүрініп құлап, жарақат алып қалды. Жанар терген жапырағын жарақатына басып, Жұлдызды жұбатты.

Сол сәтте жаңбыр жауды. Олар жамылғы жамылып, жолмен жүре берді. Жолда Жанардың жолдыаяғы кездесті. Жолдыаяқ жайылып жүрген жылқыларға қарай жүгіріп кетті. Жанар мен Жұлдыз жан-жаққа қарап, ілесе жөнелді.

7-сынып мәтіндері

Кітапханада

7-сынып оқушысы: Нұрсалиев Әлімұрат

Күз келді. Күннің көзі жиі көрінбейді. Күзде Кәмилә мен Кәлен кітапханаға келді. Кітапханада керекті кітаптар көп екен.

Кәмилә мен Кәлен өздеріне қажет кітаптардың көбін тауып, күз көріністері туралы бөлімдерді қарады. Кітапханада кітап қарап отырған кішкентай балалар да көп болды. Олардың көбі кітаптан күз көріністерін көріп, қызықтады.

Кітапханашы балаларға көптеген кітап көрсетті. Кәмилә мен Кәлен керектісін таңдап алып, кейбір мәліметтерді көшіріп жазды.

10-сынып мәтіндері

Жаңбыр

10-сынып оқушысы: Тамимова Гүлсім (Төбелер орта мектебі)

Жаңбыр көбіне жазда жауады. Жауған жаңбыр жыраларда да, жерде де жылтырап көрінеді. Жаңбыр жауғанда жылап отырған Жәмилә де жұбанып қалды.

Жер құрғап тұрған еді, жауған жаңбырды жер өзіне сіңіріп алды. Жазда жаңбыр жауған жақсы: жер қуармайды, жаңарады, айнала көркейеді.

Аңшы

А. Жұлдыз

Асан мен Ақан аң аулады. Аңды аулай жүріп, атпен ауылдан алыстай берді. Олар арқар мен аюды атып алды.

Атқан аңдарын арбамен әкеліп, арбаға артты да, ауылға алып қайтты. Ақан атын жетектеп әкелгенше, Асан арбадағы аңды күзетіп отырды.

Асанды анасы, атасы және Алма қарсы алды. Асан оларға аңды қалай атқанын және арбаға қалай артқанын айтып берді. Ақан да келіп, аңдарды аулаға кіргізді.