Солтүстік мұзды мұхит
Сабақ тақырыбы: Теңіздер мен көлдер
Бұл сабақ 5-сыныпқа арналған жаратылыстану пәні аясында теңіздер мен көлдер туралы негізгі ұғымдарды меңгертуге бағытталған.
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақтың типі
Білім, білік және дағды қалыптастыру
Сабақ формасы
Ұжымдық
Пәнаралық байланыс
Астрономия, информатика
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік: теңіздер мен көлдер туралы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
-
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке және экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденісін және шығармашылық жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер
- Тест тапсырмалары
- Тірек-сызба арқылы ауызша баяндау
- Түсіндіру
Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер
- Глобус
- Дүниежүзілік физикалық карта
- Атлас
- Кескін карта
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын білім алуға бағыттау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша білімді тест тапсырмалары арқылы тексеру ұсынылады.
-
1) Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері қандай шамадан аз болуы керек?
- A) 10 грамнан
- B) 1 грамнан
- C) 35 грамнан
- D) 5 грамнан
-
2) Емдік сулардың шығып жатқан жерлерін қалай атайды?
- A) Арасан
- B) Тұзды су
- C) Дәрілік су
- D) Сұйық су
-
3) Мұхит пен теңіздің 1 литр суының құрамында қанша тұз болады?
- A) 15 грамм
- B) 45 грамм
- C) 55 грамм
- D) 35 грамм
-
4) Су қатты күйге енгенде көлемі қалай өзгереді?
- A) Кішірейеді
- B) Ұлғаяды
- C) Өз қалпы сақталады
- D) Өзгермейді
-
5) Суды жоғары температурада қыздырғанда қандай күйге өтеді?
- A) Сұйық
- B) Қатты
- C) Жылы
- D) Газды
-
6) Атлант және Үнді мұхиттарымен салыстырғанда, Тынық мұхит суының температура айырмасы қандай?
- A) 20°C жоғары
- B) 10°C төмен
- C) 50°C төмен
- D) Мұхит сулары бірдей температурада
-
7) Дүниежүзілік балық аулаудың 40%-ы қай мұхитқа тиесілі?
- A) Тынық мұхит
- B) Атлант мұхиты
- C) Солтүстік Мұзды мұхит
- D) Үнді мұхиты
-
8) Ауданы жағынан ең кіші мұхит қайсы?
- A) Тынық мұхит
- B) Атлант мұхиты
- C) Солтүстік Мұзды мұхит
- D) Үнді мұхиты