Түркі тілдерінің сөздігін жасаған ғалым
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны
Бұл сабақ Махмұд Қашқаридің «Қордайдың аққу қазы қаңқылдайды» өлеңін талдауға және ғалым жинаған түркі мақал-мәтелдерін мазмұндық тұрғыдан саралауға негізделеді. Оқушылар мақал-мәтелдің тақырыптық өзегін ашып, түйінді ойды дәл жеткізуге, сондай-ақ нақыл сөздердің қазақ тіліндегі мақал-мәтелдермен ұқсастығын табуға бағытталады.
Оқу мақсаты
- Махмұд Қашқари және оның еңбегі туралы танысу.
- Мақал-мәтелдердің тақырыптарын ашып, түйінді ойын айту.
- Мақал-мәтел туралы негізгі ұғымдарды еске түсіру.
- Махмұд Қашқаридің нақыл сөздеріне пікір білдіру.
Сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелер
Барлығы
- Махмұд Қашқари өмірі және еңбегі туралы негізгі мәліметтерді біледі.
- Тақырып бойынша қосымша ақпарат жинайды.
Басым көпшілігі
- Мақал-мәтелдің тақырыптық бағытын анықтап, негізгі ойды тұжырымдайды.
- Мақал-мәтелге қатысты ұғымдарды жүйелейді.
Кейбірі
- Махмұд Қашқаридің нақыл сөздеріне сыни пікір айтады.
- Түркі мақал-мәтелдерінің қазақ тіліндегі мақал-мәтелдермен ұқсастығын табады және дәлелдейді.
Алдыңғы оқу
Алдыңғы тақырып: Жүсіп Баласағұн.
Сабақтың барысы
Басталуы: ұйымдастыру кезеңі
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Нұсқау: қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ортада «сиқырлы қобдиша» тұрады. Сыйлық қағаздарында адамгершілік қасиеттер жазылған.
Топқа біріктіру: «Театрға кіру билеттері» әдісі
Қима қағаздар таратылады. Жұмбақтың жауабын шешу арқылы оқушылар топтарға бірігеді.
Үй тапсырмасын тексеру
Топтық жұмыс: «Веер» әдісі. Өткен тақырып бойынша сұрақтар жазылып, топтар бір-бірімен алмастырады және жауап береді.
Ортасы: жаңа сабақ
«Миға шабуыл» стратегиясы
- Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған ғұлама ғалымды білесіңдер ме?
- Түркі тілдерінің сөздігін жасаған ғалым кім?
Мәтінмен жұмыс: «ДЖИГСО» әдісі
Топтық жұмыс. Мәтін бөліктерге бөлінеді. Оқушылар «ДЖИГСО» тәсілімен көрші топтарға түсіндіріп, мазмұнын толықтырады.
Өлеңді талдау: жеке жұмыс
«Ойлан, тап» әдісі арқылы «Қордайдың аққу қазы қаңқылдайды» өлеңі талданады. Аудиожазбаны тыңдау негізінде көркемдік ерекшеліктері, мағынасы және негізгі идеясы анықталады.
Оқулықпен жұмыс: мақал-мәтелдерді талдау
Топтық жұмыс. Махмұд Қашқари жинаған түркі мақал-мәтелдері «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша талданады: ойды саралау, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды жасау.