Өсімдік тектес

Сабақтың тақырыбы

Шеңбер және симметрия осьтерін құру. «Ғарыш әлеміндегі өрнектер».

Пәні

Бейнелеу өнері

Сабақтың түрі

Компьютерді пайдалану арқылы бейнелеу сабағы

Сабақтың әдістері

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс

Сурет, музыка, тарих, әдебиет, математика

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Ою үлгілерін сызу және бояудың негізгі әдіс-тәсілдерін меңгерту. Оқушылардың алған білімін жинақтап, өз мүмкіндігін «7 қырынан» көрсетуге дағдыландыру.

Дамытушылық

Теориялық білімді тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға ықпал ету, сарамандық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, халықтың ерекшелігін түсінуге, елін-жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Кіріспе: ұлттық өрнек және «7 қыр» идеясы

VII Қысқы Азия ойындары Астана мен Алматы қалаларында 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтті. Ойындардың нышаны — Азия барысы. Бұл бейне қайсарлықты, шапшаңдықты және жеңіске ұмтылысты білдіреді.

Бүгінгі сабақта оқушылар да өз күшін, табандылығын және алғырлығын барысқа тән жігермен көрсетіп, тапсырманы бірнеше қырынан орындауға талпынады: дәлдік, ұқыптылық, композиция, симметрия, түс үйлесімі, ритм және шығармашылық идея.

Ою-өрнектің мәні және шығу төркіні

Ою-өрнек қазақ даласында жазу-сызу кең тарамай тұрып-ақ пайда болған деуге болады. Өткен ғасырларда өрнек арқылы адамның ой-өрісі, немен айналысқаны, тіпті қоғамдағы орны да аңғарылған.

Ою-өрнекті белгілі бір адам немесе бір ғана шебер ойлап тапқан жоқ — оны халықтың өзі қалыптастырды. Қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханалары да бола бермеген: олар үйдің немесе даланың кез келген қолайлы жерін жұмыс орнына айналдырған.

Ою-өрнек түрлері (4 топ)

  • Өсімдік тектес ою-өрнектер
  • Жануар тектес ою-өрнектер
  • Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер
  • Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер

Мақалдың мағынасы

«Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады» — бұл сөз ою ойып үйренбеген адамның басқа өнерге де оңайлықпен икемделе алмайтынын меңзейді. Сондықтан қолданбалы өнерді игеру үшін оюды өзіміз жасап көру маңызды.

Өнер мен өрнек туралы мақал-мәтелдер

  • Өнер сыры — өрнекте.
  • Ою ойғанның ойы ұшқыр.
  • Ою ойған сызу да сызады.
  • Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп.
  • Өнерсізден құт қашады.

Негізгі ұғымдар

Ою-өрнек

«Орнамент» (латын тілінен) — сәндеу, әсемдеу мағынасын білдіреді.

Композиция

Өрнекті бұйым бетіне ретімен, үйлесімді орналастыру. Мысалы, көлемі шағын бұйымға өте ірі өрнек салынбайды.

Симметрия

Өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы, кітаптың екі бетіндей тең түсетін құрылым.

Колорит

Бояулардың өзара үйлесіп, жарасым табуы. Мысалы, қара түстің қызыл, ақ, сары түстерді айқындап ашуы.

Ритм

Өрнекте бір элементтің белгілі тәртіппен қайталанып келуі.

Сарамандық жұмыс

Оқушылар шеңбер мен симметрия осьтерін сақтай отырып, төмендегі ою үлгілерін құрастырып, бояу арқылы композиция жасайды.

1) «Ботакөз» оюы

Нақты пішін, симметрия, ритм және түс үйлесіміне көңіл бөлу.

2) «Сынық мүйіз» оюы

Геометриялық құрылым мен қайталану заңдылығын сақтай отырып орындау.

Жұмбақтар

1) Таптым, таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.

(Жауабы: түйе, түйетабан, ботакөз, өркеш)

Қазақ оюының ең кең тараған үлгілерінің бірі — сынық мүйіз.

2) Қыз есімімен аталатын өрнек.

(Жауабы: Ботакөз)

3) Арқалаған тауы бар,
Іші толған қоры бар.

(Жауабы: түйе)

Тест сұрақтары

Төмендегі сұрақтарға бір дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. 1. Ең көне ою

    A) қошқармүйіз

    B) тұмарша

    C) қызғалдақ

    D) жұлдызша

  2. 2. Магиялық ою

    A) тұмарша

    B) гүл

    C) шимай

    D) қазмойын

  3. 3. Түйе баласына қатысты ою

    A) шеңбер

    B) жапырақ

    C) ботакөз

    D) өрмекші

  4. 4. Жануар тектес ою

    A) сынық мүйіз

    B) шиыршық

    C) шұғыл

    D) қармақ

  5. 5. Өсімдік тектес

    A) жауқазын

    B) қос мүйіз

    C) өркеш

    D) тұмарша

  6. 6. Оюдың неше түрі бар?

    A) 250

    B) 200

    C) 150

    D) 170

  7. 7. Геометриялық ою

    A) сүйір

    B) айшық

    C) бітпес

    D) өрмекші

  8. 8. Ғарыш тектес

    A) шеңбер

    B) үш жапырақ

    C) қаз мойын

    D) шынжыра

  9. 9. Ұннан әзірленген ұлттық тағамның атымен аталатын ою

    A) бауырсақ

    B) таба нан

    C) шелпек

    D) қарма нан

  10. 10. Түскиізге салынатын өсімдік тектес ою

    A) жауқазын

    B) қызғалдақ

    C) мак

    D) раушангүл

  11. 11. Оюдың камзолға салынатын түрі

    A) шимай

    B) ағаш

    C) сыңар мүйіз

    D) ботакөз

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау, түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылықты ояту, өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қайталау және бекіту.

III. Жаңа сабақ

Тақырыпты түсіндіру: шеңбер, симметрия осьтері, өрнек түрлері және негізгі ұғымдар.

IV. Сарамандық жұмыс

«Ботакөз» және «сынық мүйіз» оюларын құрастыру, бояу, композициялау.

V. Қорытындылау және бағалау

Нәтижені талдау, жұмыстарды бағалау, кері байланыс.

VI. Үй тапсырмасы

  • Ою-өрнекті қағазға қиып үйрену.
  • Ою-өрнек туралы 5 жолды өлең жазу.