Ауа температурасы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Ауа температурасы

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Құрал-жабдықтар және көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Дүниежүзінің физикалық картасы
  • Глобус
  • Суреттер

Пәнаралық байланыс

  • Математика
  • Физика

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ауа температурасының өзгеруі және оның негізгі себептері туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Ауаның жер бетінен жылыну ерекшеліктері мен температураның тәуліктік, айлық, жылдық өзгерістері туралы білім мен дағдыларды дамыту. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және шапшаңдығын жетілдіру.

Тәрбиелік

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру; ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу; өздігінен ізденіп, қорытынды жасай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер

Карта, оқулық және суреттерді пайдалана отырып түсіндіру; баяндау; сұрақ-жауап әдістері.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Сынып тазалығын, оқушылардың қатысуын және сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Географиялық диктант

  1. Ауаның жер бетіне және ондағы барлық заттарға түсіретін салмағы __________ деп аталады.
  2. Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне __________ салмақ түсіреді.
  3. Жер бедеріне байланысты ауа қысымының өзгеруі __________.
  4. Ауа жылынғанда көлемі ұлғайып, жоғары көтеріледі де сирейді. Соған сәйкес __________. Керісінше ауа салқындағанда тығыздалып, __________.

«Ойлан, тап!» ойыны

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жасырылады. Оқушылар жәшіктерді таңдап, сұрақтарға жауап береді.

Сұрақ-жауап Логика Қайталау

Атмосфералық қысым

  • Ең төмен атмосфералық қысым қай нүктеде байқалады?

Ауа құрамы

  • Ауа құрамын атаңыз (1, 2, 3, 4).
  • Бөлмеде газ плита жанып тұрса, ауаның құрамы қалай өзгереді?

Жер үшін маңызы

  • Ауа қабатының Жер үшін маңызы қандай?