Адам қатесіз болмас

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп

Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы

Мұғалім

Сахова Ажар Байдосқызы

Сабақтың тақырыбы

«Мақал-мәтелдер – халық даналығы»

Сабақ түрі

Жарыс сабақ

Сабақ типі

Білімді тексеру және бекіту

Сабақ әдістері

  • Қызығушылықты ояту
  • Сұрақ-жауап
  • Талдау және жинақтау
  • Ой туғызу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қоршаған орта және күнделікті өмірмен байланыстыра оқыту.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушылардың білімін кеңейту, қызығушылығын арттыру.
  • Сөздік қорын дамыту, тіл мәдениетіне дағдыландыру.
  • Суреттеп, сипаттап әңгімелеуді меңгерту.

Дамытушылық

  • Елестету мен қиялдау қабілеттерін дамыту.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы дарындылықты арттыру.
  • Мақал-мәтелдер арқылы шешендік өнерге бейімдеу.

Тәрбиелік

  • Жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
  • Әр істі саналы орындауға бағыттау.
  • Қоғамда өз орны бар азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Дидактикалық материал Презентация Сөзжұмбақ Қосымша материалдар

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Әнұран орындау.
  • Оқушыларды екі топқа бөлу.
  • Сабақтың мақсат-міндеттері және жарыс шарттарымен таныстыру.

Негізгі бөлім: мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, «Мақал-мәтелдер – халық даналығы» тақырыбын қайталау мақсатында бүгін жарыс сабақ өткіземіз. Сендердің мақал-мәтелдерді қаншалықты жақсы білетіндеріңді және олардың мағынасын қалай түсінетіндеріңді бақылап, бекітеміз. Жарысымыз бірнеше кезеңнен тұрады.

Жарыс кезеңдері

  1. Сөзжұмбақ шешу («Мақал», «Мәтел», негізгі тақырыптар).
  2. «Кім жылдам?» ойыны (сұрақ-жауап).
  3. «Жалғасын тап».
  4. «Ойлан, тап!» (суреттер бойынша мақал-мәтелді анықтау).
  5. «Полиглот» сайысы (асты сызылған сөздерді 3 тілде айту).
  6. «Аудармасын тап» (орысша аудармасын айту және салыстыру).

І кезең: Сөзжұмбақ

Тақырыпқа байланысты сөздерді табу арқылы «мақал» және «мәтел» ұғымдарын бекіту.

Сөздер (үлгі)

адамгершілік достық туған жер бірлік мақал әдеп батырлық еңбек ғылым

ІІ кезең: «Кім жылдам?» (сұрақ-жауап)

Оқушылар мақал-мәтелдердің мазмұнын еске түсіріп, сұрақтарға тез әрі нақты жауап береді.

  1. 1) Туған жердің несі де тәтті?

  2. 2) Не тасқа бітеді?

  3. 3) Шешеннің несі мерген?

  4. 4) Не сөздің дәмін келтіреді?

  5. 5) Өз білмегеніңді кімнен сұрайсың?

  6. 6) Неден ұят күшті?

  7. 7) Қағазға тіл бітірген не?

  8. 8) «Адам» деген қандай ат?

  9. 9) Ақылы көпті не алмайды?

  10. 10) Өзін-өзі мақтаған немен тең?

ІІІ кезең: «Жалғасын тап»

Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, толық нұсқасын айту.

  1. 1) Әдепті бала – арлы бала, …

  2. 2) Адам қатесіз болмас, …

  3. 3) Шын ер жеңсе – тасымас, …

  4. 4) Отан үшін күрес – …

  5. 5) Ер жолдасы – …

  6. 6) Оқу – білім азығы, …

  7. 7) Білімді өлсе, қағазда аты қалар, …

  8. 8) Оқусыз білім жоқ, …

  9. 9) Дұшпаннан бір сақтан, …

  10. 10) Дос сыртыңнан мақтар, …

IV кезең: «Ойлан, тап!»

Презентациядағы суреттерге қарап, қай мақал-мәтел меңзелгенін анықтау.

Ескерту

Бұл бөлім визуалды тапсырмаға негізделгендіктен, суреттер сыныптағы презентация арқылы көрсетіледі.

V кезең: «Полиглот» сайысы

Мақал-мәтел ішіндегі белгіленген (асты сызылған) сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту.

  1. 1) Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы.

  2. 2) Ер елінде, гүл жерінде.

  3. 3) Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын.

  4. 4) Жақсы дос үшін жан пида.

  5. 5) Жақсы сөз – жарым ырыс.

  6. 6) Досы көптің жаны семіреді, асы көптің тәні семіреді.

  7. 7) Адам қатесіз болмас, көл бақасыз болмас.

  8. 8) Досыңның көзінде болғанша, көңілінде бол.

  9. 9) Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

  10. 10) Отанды сүю отбасынан басталады.

VI кезең: «Аудармасын тап»

Берілген мақал-мәтелдердің орысша баламасын айту, мағыналық ұқсастық пен айырмашылықты салыстыру.

Қазақша

  • Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық.
  • Құсы жоқ болса, көл жетім; елі жоқ болса, жер жетім.
  • Отан оттан да ыстық.
  • Орағың өткір болса, қарың талмайды; отаның берік болса, жауың алмайды.
  • Отанды сүю — отбасынан басталады.
  • Білім арзан, білу қымбат.
  • Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле.
  • Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  • Көз қорқақ, қол батыр.

Орысша

  • Если женщина рано встает, на одно дело больше успеет; джигит, если рано встает, на одно счастье больше найдет.
  • Без птиц — озеро пустеет, без людей — земля сиротеет.
  • Тепло родины своей — огня намного горячей.
  • Если будет острым серп, рука не устанет; если родина будет сильна, враг не одолеет.
  • Любовь к родине у семейного очага рождается.
  • Ученье ничего не стоит, да выучиться трудно.
  • Чем другому смерти желать, лучше себе долгих лет пожелать.
  • Лучше родины — нет земли, лучше родного народа — нет народа.
  • Глаза боятся, а руки не знают страха.

Тапсырма

Әр жұп бойынша қай сөздер тура аударма екенін, ал қайсысы мағыналық балама екенін қысқаша түсіндіріңіз.

Қорытынды және бағалау

VII кезең: Шығармашылық жұмыс

Екі топқа екі мақал беріледі. Оқушылар мақалдың мағынасын өз түсінігі бойынша сипаттап, постер жасап, қорғайды.

Бағалау

  • Белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.
  • Топтардың жинаған ұпайларын есептеп, орын беру.

Үй тапсырмасы

Антонимдер қатысқан 10 мақал-мәтел жазып, жаттап келу.