Ағылшын тілінде айтыңдар
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды табиғатта болып жатқан өзгерістерді, соның ішінде кемпірқосақтың пайда болуын сипаттай алуға үйрету; түстерді қайталау; тақырыпқа қатысты етістіктерді өткен шақта дұрыс қолдануға жаттықтыру.
Күтілетін нәтиже
Білім
- Кемпірқосақ туралы айта алады.
- Кемпірқосақтың түстерін ажырата алады.
Дағды және құндылық
- Тақырып бойынша белсенді сөздік қорын толықтырады.
- Қоршаған ортаға ұқыпты қарап, табиғаттағы өзгерістерге назар аударады.
Сабақтың барысы
Қадамдар интербелсенді тақта мен оқулық тапсырмаларына негізделген.
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
2) Өткенді қайталау
- 1 Кесте бойынша ауа райының болжамын айтыңдар.
- 2 Бүгін ауа райы қандай?
- 3 Бүгін жаңбыр жауа ма?
3) Жаңа сабақ
Көрнекілік
Интербелсенді тақтадан жаңбырдың жауғанын көрсететін көрініс қарастырылады. Жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығатыны түсіндіріледі.
Мұғалім сұрағы: «Балалар, бұл не?»
Түсіндіру: «Радуга» қазақ тілінде «кемпірқосақ», ал ағылшын тілінде rainbow. Қайталау жұмысы жүргізіледі.
Оқулықпен жұмыс
116-бетті ашыңдар. 1-тапсырмадағы сөздерді аудиожазбадан тыңдап, қайталаңдар.
Сұрақ-жауап
2-тапсырма бойынша сұрақтарға жауап беріңдер: «Кемпірқосақ қашан шығады?»
Сөздікпен жұмыс
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі, мағынасы нақтыланып, дұрыс айтылымы бекітіледі.
Түстерді қайталау
3-тапсырма: түстерді қайталаңдар және оларды ағылшын тілінде айтыңдар.
Пәнаралық байланыс (физика)
Кемпірқосақ — табиғат құбылысы. Оның түстері белгілі бір ретпен орналасады. Құбылыстың қалай пайда болатынын физика пәнінің мұғалімі Ботагөз Мұхаметқалиевна Айпеисова спектр арқылы көрсетіп, түсіндіреді.
Есте сақта
«Есте сақта!» бөлігін оқыңдар және аударыңдар.
Мәтінмен жұмыс
4-тапсырма: мәтінді оқып, мазмұнын талдаңдар. Кейін мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
Дәптермен жұмыс
Берілген сөздерді буынға бөліңдер. Дарынды оқушылар буын түрлерін атап, түсіндіреді.
Тест
Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
4) Бағалау
Бағалау алдын ала белгіленген критерийлер бойынша жүргізіледі.
5) Бекіту
Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Кемпірқосақ дегеніміз не?
- Кемпірқосақ қашан шығады?
- Кемпірқосақтың неше түсі бар?
Үйге тапсырма
117-бет, 4-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу.